1. Қоса беріліп отырған "Ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
Отправить по почте
"Ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы N 551 Қаулысы
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы N 551 қаулысымен бекітілген
"Ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолданылу аясы
1. Осы "Ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының " Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы және " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарына сәйкес әзірленген және ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне және оның тіршілік циклындағы процестерге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Техникалық регламенттің талаптары Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және сатылатын ыдыстарға құйылған ауыз суға қолданылады, олар:
1) табиғи минералды сулар;
2) бұлақ сулары;
3) шығу орны белгіленген сулар;
4) асхана суы;
5) тазартылған сулар.
3. Осы Техникалық регламенттің талаптары Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын ауыз суға қолданылады, олар:
1) табиғи минералды сулар;
2) бұлақ сулары;
3) үшінші елдердің аумағындағы жерасты сулары орналасқан жерлерде өндірілген және ыдыстарға құйылған және техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесімен танылған сулар.
4. Осы Техникалық регламент қолданылатын өнімдердің түрі және олардың коды Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының тауарлар жіктемесінің 2201 позициясына сәйкес келеді.
5. Техникалық регламент мыналарға:
1) табиғи минералды емдік және емдік-асханалық ауыз суларға;
2) термалдық немесе гидроминералдық сумен емдеу орындарында емдік ретінде пайдаланылатын табиғи минералды суларға;
3) қуатты ақпараттық және/немесе өзге де физикалық әдістермен және технологиялармен өңделген және емдік қасиеттері бар суларға;
4) дистилденген суларға;
5) тағамдық қоспаларды, оның ішінде шырындарды, тұнбаларды, эссенцияларды, хош иістендіргіштерді, бояғыштарды, қантты, қантты алмастырғыштарды, тәттілендіргіштерді консерванттарды қолдана отырып дайындалған алкогольсіз сусындарға жататын суларға қолданылмайды.
6. Бастапқы су көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейін тіршілік циклінің барлық кезеңінде, объектілердегі ауыз судың қауіпсіздігіне байланысты ықтимал қауіп-қатерлерді талдау жүргізіледі.
Өндіруші ауыз судың қауіпсіздігіне байланысты қауіп-қатерлерді талдау нәтижелерін, сыни бақылау нүктелерін, тексеру мен реттеу рәсімдерін кезең-кезеңімен қарайды, олардың мониторингін жүргізеді.
Өндіруші ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне байланысты қауіп-қатерлер туындауы мүмкін нүктелерді сәйкестендіреді және қауіп-қатерлі нүктелерді тексеру және реттеу рәсімдерін жүргізеді.
Судың микробиологиялық және химиялық ластануына байланысты қауіп-қатерлер қауіп-қатердің дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін әдістемеге негізделуі тиіс. Ыдыстарға құйылған ауыз суды талдауға пайдаланылатын әдістер сенімді және салыстырмалы нәтижені қамтамасыз етуі тиіс.
7. Ыдыстарға құйылған ауыз су қауіпсіздігінің қауіп-қатерлерін бағалау кезінде қолданыстағы ғылыми деректер, өңдеу және өндірудің (дайындаудың) тиісті әдістері, инспекторлау, іріктеп бақылау, зертханалық зерттеу әдістері, нақты аурулардың таралу дәрежесі туралы деректер пайдаланылуы және аурулардан таза аймақтар болуы тиіс.
8. Бұл деректер ыдыстарға құйылған қауіпсіз ауыз суды өндіру үшін микробиологиялық, химиялық және радиологиялық қауіпсіздікті азайту, жою немесе алдын алу үшін тиісті бақылау шараларын анықтау үшін негіз болады.
2. Терминдер мен анықтамалар
9. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ауыз су - сапасы бойынша табиғи жай-күйдегі немесе дайындалғаннан кейін гигиеналық нормативтерге жауап беретін және адамның ауыз су және тұрмыстық мұқтаждығын қанағаттандыруға, сондай-ақ тамақ өнімдерін өндіруге арналған су;
2) табиғи минералды су - адам организміне физиологиялық пайдалы әсерін тигізетін бастапқы химиялық және микробиологиялық құрамымен тұтыну ыдысына құйған кезде сақталып, биологиялық және химиялық ластанудан сенімді қорғалған жерасты суларының шығу жерлерінен өндірілетін ауыз су;
3) бұлақ суы - күндізгі жағдайда жерасты суларының бір немесе бірнеше табиғи шығу жерлерінен өндірілетін су;
4) шығарылатын жері белгіленген су - судың бастапқы физикалық-химиялық сипаттамасын өзгертпейтін және ыдысқа құйылған түрде ауыз судың химиялық, радиациялық және микробиологиялық қауіпсіздігі төмендемейтін ыдысқа құяр алдында суды дайындаудан өткен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен алынған суды қоспағанда, жерасты немесе жерүсті ауыз суымен жабдықтау көздерінен алынған су;
5) асханалық су - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган тамақ өнімдерінде пайдалану үшін рұқсат еткен, биологиялық белсенді макро- және микроэлементтер немесе минералдық тұздар қосылған, жерасты немесе жерүсті ауыз суымен жабдықтау көзінен алынған су;
6) тазартылған су - ауыз сумен жабдықтаудың жерасты немесе жерүсті көзінен алынған, оның ішінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелерінен алынған, бастапқы судың өзгертілген санитарлық-химиялық сипаттамасы бар және ыдыстарға құяр алдында суды дайындаудан өткізілген су;
7) жерасты суы - жер қойнауындағы су;
8) жерүсті суы - жерүсті суының объектілері: өзендер, көлдер, суқоймалары, теңіздер, мұздықтар суы;
9) ыдыстарға құйылған ауыз су - құрамы, формасы мен сыйымдылығы әртүрлі тұмшаланып жабылған тұтыну орамына (ыдысына) құйылған, бұдан әрі өңдеусіз тікелей пайдалану үшін қауіпсіз ауыз су;
10) ауыз сумен жабдықтау көзі - белгіленген гигиеналық нормативтерге жауап беретін және ауыз сумен жабдықтау жүйесіне су алу үшін пайдаланылуы мүмкін жерасты немесе жерүсті су объектісі;
11) жерасты сулары шығатын жер - оларды пайдалану қоры "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкес бағаланған жерасты суларынан тұратын жер қойнауының бөлігі; қараңыз
12) жерасты суларының пайдаланылатын қоры - берілген режимде және пайдалану шарттарымен, сондай-ақ табиғатты қорғау шектеулерін есепке ала отырып, суды тұтынудың есептік мерзімі ішінде нысаналы пайдалану талаптарын қанағаттандыратын су сапасымен ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі техникалық негізделген су алу құрылыстарының көмегімен жер қойнауында алынуы мүмкін жерасты суының мөлшері;
13) орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесі - су алуға, дайындауға, сақтауға, ауыз суды тұтыну орындарына беруге арналған және жалпы пайдалану үшін ашық құрылғылар, құрылыстар мен құбырлар кешені;
14) орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау жүйесі - ауыз суды оның жұмсалатын жеріне бермей-ақ, ауыз суды алуға арналған, жалпы пайдалануға ашық немесе жеке пайдалануда тұрған құрылғылар мен құрылыстар;
15) физиологиялық толыққанды су - оның ионды-тұзды құрамына, физикалық-химиялық қасиеттеріне, оның құрамындағы биологиялық белсенді және өзіндік ерекше микроэлементтердің болуына, сондай-ақ ауыз сумен жабдықтау көзі суының бастапқы микробиологиялық құрамына байланысты адам организміне физиологиялық қолайлы әсер ететін ауыз су;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |