• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ереже мен Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы ішкі тәртіп қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 маусымдағы N 383 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 маусымда N 7048 тіркелді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 130-бабының 2-тармағына және «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуірдегі № 2184 Заңына сәйкес және денсаулық сақтау ұйымдарында алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдар туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы ішкі тәртіп қағидасы бекітілсін.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтау басқармаларының басшылары осы бұйрыққа сәйкес алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардың жұмысын ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпараттық құралдарда жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны алғашқы жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2011 жылғы 10 маусымдағы
 № 383 бұйрығына
 1-қосымша
Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ереже
1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым (бұдан әрі - наркологиялық ұйым) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексін және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Наркологиялық ұйым тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде емдеу көмегін көрсетеді. ТМККК Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджеттік қаражаттың есебінен ұсынылады және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес барынша дәлелді тиімділікке ие, оның ішінде стационар жағдайындағы профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.
3. Наркологиялық ұйым мен оның жұмыс режімі алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын наркологиялық науқастардың (бұдан әрі - наркологиялық науқастар) психикалық жағдайын өзгертетін заттардың (алкоголь, есірткілер, шай, кофе) наркологиялық ұйым аумағына кіруін мүлдем болдырмайды.
4. Наркологиялық ұйымның басшылығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органы тағайындайтын және жұмыстан босататын бас дәрігер жүзеге асырады.
5. Медициналық аппаратурамен, аспаптармен, дәрі-дәрмектермен, шаруашылық, жұмсақ және қатты мүккәмалдармен және жабдықтармен жарақтандыру «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 531 қаулысымен бекітілген төменгі стандарттарға (нормативтерге) сәйкес белгіленеді.
6. Наркологиялық ұйымдағы есепке алу мен есептілік «Денсаулық сақтау субъектілерінің есеп беру құжаттамаларының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 742 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 қазанда № 6586 тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық) бекітілген есепке алу және есептілік нысандарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Наркологиялық ұйымда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен есепке алу және есептілік нысандарынан басқа осы Ережеге 1-қосымша мен 2-қосымшаға сәйкес мынадай журналдар жүргізіледі:
1) посылкаларды (сауқаттарды), бандерольдерді беру журналы (1-қосымша);
2) жеке істердің қозғалысын есепке алу және тіркеу журналы (2-қосымша).
Журналдар нөмірленеді, байланады, мөрмен бекітіледі, наркологиялық ұйымның бас дәрігері растайды.
8. Наркологиялық ұйымға наркологиялық науқастарды орналастыру гендерлік айырмашылығы сақтала отырып жүргізіледі. Қажет болған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың тиісті органдарының шешімі бойынша наркологиялық науқастарды мәжбүрлеп емдеуге арналған өңіраралық әйелдер бөлімшесі ұйымдастырылуы тиіс.
Өңіраралық әйелдер бөлімшесінің ұйымдастырылуды соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп емдеуге анықталған әйелдер саны жыл сайын кем дегенде 10-20 адамға жеткенде және әрбір облыста жүргізіледі, республикалық маңызы бар қалада және астанада бөлімшелер ашу мақсат емес.
2. Наркологиялық ұйымдардың негізгі міндеттері, функциялары
1) соттың шешімі бойынша наркологиялық науқастарға мәжбүрлеп емдеуді қолдана отырып, оларды қабылдау, диагностикалау, емдеуді жүзеге асыру;
2) наркологиялық науқастарды диагностикалау мен емдеудің жаңа ұйымдастыру нысандарын, қазіргі заманғы құралдары мен әдістерін игеру және практикаға енгізу;
3) наркологиялық науқастарды емдеу және динамикалық бақылау мәселелерінде наркологиялық ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз ету;
4) тәрбиелік және емдеу мақсатында еңбек терапиясын жүзеге асыру.
10. Наркологиялық ұйымдар мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) соттың шешімімен мәжбүрлеп емдеуге арналған емдеу үшін жатқызылған наркологиялық науқастарға консультация, уақтылы диагностикалық, емдеу іс-шараларын өткізу;
2) бұйрыққа сәйкес есепке алу және есептілік құжаттарын жүргізу;
3) көрсетілген диагностикалық, емдеу көмектерінің тиімділіктеріне талдау жасау;
4) психикалық белсенді заттарды тұтынудың салдарынан психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар науқастарды шығару, емделіп шығушы науқастарға одан әрі динамикалық бақылау жасау мен емдеуде сабақтастық болуы үшін мәліметтер беру мәселелері бойынша наркологиялық ұйымдармен тұрақты байланыста болу;
5) есепке алу құжаттарын статистикалық өңдеу негізінде наркологиялық ұйымда наркологиялық науқастарға емдеу көмегінің жағдайына жыл сайынғы мониторинг жүргізу;
6) бақылау-өткізу режімін, сыртқы күзетуді ұйымдастыру, мәжбүрлеп емдеудегі наркологиялық науқастардың, құқыққа қайшы келетін іс-әрекеттері жолын кесу арқылы мен режімді бұзудың профилактикасы және науқастардың күзетуін қамтамасыз ету;
7) «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелерде ұстау негiздерiн, тәртiбi мен шарттарын бекiту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес тәртіпте мәжбүрлеп емдеудегі наркологиялық науқастарға наркологиялық ұйым көлемінде еңбек терапиясын ұйымдастыру жолымен немесе шарттық негізінде өзге объектілерде емдеу-еңбек ету арқылы ықпал етуді жүзеге асыру.
1) әкімшіліктің күзет бөлімшелерінің кабинеттері мен арнайы бөлімді қоспағанда әкімшілік-шаруашылық бөлімі;
2) санитариялық өткізуі бар науқастарды қабылдау бөлмесі;
3) диагностикалық кабинеттер: клиникалық-биохимиялық зертхана, рентгенологиялық кабинет, функционалдық диагностика кабинеті, ультрадыбыстық диагностика кабинеті;
4) тиісті манипуляциялық кабинеттерімен консультант мамандардың кабинеттері: терапевт, невропатолог, дерматолог, офтальмолог және отоларинголог, таңу және шағын операциялар жасайтын хирургия кабинеті, терапиялық және хирургиялық көмек көрсету бойынша стоматологиялық кабинет;