• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 20.04.2009 г

Отправить по почте

Бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы N 1165 Қаулысы

Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 557 Қаулысымен.
"Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 3 желтоқсандағы
 N 1165 қаулысымен
 бекітілген
Бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы
1. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды көму жөніндегі қызметтер. 
2. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларына электр энергиясын "Солтүстік - Оңтүстік" транзиті бойынша бере отырып өндіру және сату.