• Мое избранное
Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 25.01.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 15

Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі N 788 Жарлығы

Осы Жарлық күшін жойды 2016 жылғы 25 қаңтардан бастап ҚР Президентінің 11.01.2016 жылғы № 167 Жарлығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 137-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:  
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары бекітілсін. 
2. Осы Жарлық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Президенті                                        Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2009 жылғы 7 сәуірдегі
 N 788 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
  • 1
Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары
1. Жалпы ережелер
1.  Мемлекеттік қаржылық бақылаудың осы стандарттары (бұдан әрі - Стандарттар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген және мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге бірыңғай талаптарды белгілейді. 
2. Стандарттардың мақсаты мемлекеттік қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі - бақылау органдары) мен олардың қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асыруына негіз болатын бірыңғай талаптарды белгілеу болып табылады. 
3. Стандарттар бақылаудың тиімділігін, тұтастығын, өзара байланыстылығын, дәйектілігін, сабақтастығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін әзірленді. 
4. Стандарттарға жалпы стандарттар, жұмыс стандарттары, басқару және сапаны бақылау стандарттары жатады. 
5. Стандарттарды іске асыру олардан шығатын бақылауды жүзеге асырудың әдістері мен рәсімдерін реттейтін ережелерді, әдістемелік және басқа құжаттарды мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органының әзірлеп, бекітуі арқылы қамтамасыз етіледі. 
6. Стандарттардың сақталуын бақылауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) жүзеге асырады. 
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган ішкі бақылау қызметтерінің Стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
2. Стандарттардың әрекет ету аясы және қолданылуы
7. Стандарттарды барлық бақылау органдары мен олардың қызметкерлері сақтауға міндетті. 
Стандарттарды мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандары мен бақылау органдары тартқан сарапшылар сақтауға міндетті.
3. Жалпы Стандарттар
8. Жалпы Стандарттар бақылау органдары мен олардың қызметкерлеріне бірыңғай талаптар белгілейді. 
Жалпы стандарттарға мынадай: "Тәуелсіздік", "Әдептілік", "Құзыреттілік (біліктілік)", "Жариялылық" және "Құпиялылық" Стандарттар жатады. 
9. "Тәуелсіздік" стандартының мақсаты бақылау органдарының және олардың қызметкерлерінің бағалауы мен ұсынымдарының турашылдығын, әділдігін, шынайылығын қамтамасыз ету болып табылады. 
10. "Тәуелсіздік" стандарты бақылау органдарының, олардың қызметкерлерінің қызметті жүзеге асыруы кезінде олардың тәуелсіздігіне қол сұғатын кез келген араласуға жол бермеуді білдіреді. 
Бақылау органдары мен олардың қызметкерлері бақылау қызметінің барлық мәселелерінде бақылау объектісінен және қандай да бір заңсыз бөгде әсерден тәуелсіздігін сақтайды. 
11. Бақылау органдары өздеріне жүктелген міндеттерді атқару кезінде функционалдық және ұйымдық тұрғыдан тәуелсіз және өздерінің тәуелсіздігі мен әділдігін шектейтін кез келген іс-әрекеттерге жол бермейді. 
12. Бақылау органдарының қызметі бекітілген жоспарларға, бағдарламаларға және бақылаудың заңнамада айқындалған түрлері мен үлгілеріне сәйкес жүзеге асырылады. 
13. Бақылаудың тақырыбын, объектісін таңдау, қолданылатын рәсімдер, дәлелдердің сипаты мен көлемі бойынша бақылау органдарының қызметіне араласуға, бақылаудың ауқымын шектеуге, сондай-ақ бақылау органдары қызметкерлерінің саяси, идеологиялық, діни және басқа да себептер бойынша тәуелсіздігі мен әділдігіне әсерін тигізетін кез келген іс-әрекетке жол берілмейді. 
14. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда бақылау органдарының қызметкерлеріне бақылау жүргізуге тыйым салынады. 
15. Бақылау органы қызметкерінің тәуелсіздігі нақты күдік туғызған жағдайда, ол басқа бақылау объектісіне ауыстырылуға жатады. 
16. Бақылау қызметін жүзеге асыратын бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі мен әділдігін сақтау мақсатында осы қызметкердің бақылау жүргізген бақылау объектісін бір жыл өткеннен кейін ауыстырып отыру қажет. 
17. Бақылау органдарына және олардың қызметкерлеріне аталған қатынастар олардың тәуелсіздігін шектемейтін жағдайда ғылыми және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықта болуға рұқсат етіледі. 
18. "Әдептілік" стандартының мақсаты бақылау органдары қызметкерлерінің этикалық талаптарды және кәсіби мінез-құлық принциптерін толық сақтауын қамтамасыз ету болып табылады. 
19. Бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі, өкілеттігі және жауапкершілігі бақылау органдары мен олардың қызметкерлеріне жоғары этикалық талаптар қояды. Оларға арналған этикалық нормалар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінде көзделген мемлекеттік қызметшілерге арналған этикалық талаптарды да, сол секілді бақылау органдарының қызметкерлеріне қойылатын ерекше талаптарды да қамтуы тиіс. 
20. Бақылау органдарының қызметкерлері мінез-құлқымен және бақылауды жүргізу тәсілдерімен мемлекеттік қаржылық бақылау принциптері мен Стандарттарын сақтамады деген күдік пен айыптауға әкелетін кез келген іс-әрекетке жол бермеуі тиіс. 
21. Бақылау органдары мен олардың қызметкерлерінің тәуелсіздігі бақылау объектісімен ізгі ниетті қатынаста болуға кедергі келтірмейді. 
22. Бақылау органдарының қызметкерлері даулы жағдай туындаған кезде кәсіби мінез-құлықтың этикалық нормаларына сәйкес іс-әрекет етуі тиіс. 
23. "Құзыреттілік" стандартының мақсаты бақылауды тиімді жүзеге асыру үшін бақылау органдары қызметкерлерінің тиісті кәсіби деңгейін қолдау болып табылады. 
24. Бақылау органдары қызметкерлерінің тиімді бақылауды жүзеге асыруға және ол бойынша тиісті есеп жүргізуге жеткілікті кәсіби машығы, білімі мен тәжірибесі болуға тиіс. 
25. Бақылауды кәсіби білім деңгейі, машығы мен тәжірибесі жиынтығында бақылаудың сипатына, ауқымына және күрделілігіне сай келетін қызметкерлер жүзеге асырады. 
26. Бақылау органдарының қызметкерлері бақылау объектісін алдын ала зерделеуден бастап бақылауды өткізгені туралы есепті дайындағанға дейін бақылаудың барлық процесінің өне бойында тиісті біліктілік танытады. 
27. Бақылау органдарының кәсіби білімдері мен машықтары үздіксіз кәсіби оқу мен өздігінен оқу, сондай-ақ қызметкерлерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды мезгіл-мезгіл ұйымдастыру жолымен жетілдіріледі. Бақылау органдары кадрларды даярлауға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға қажетті жағдайлар жасайды. 
28. "Жариялылық" стандартының мақсаты экономиканы басқарудың демократиялық негіздерін іске асыру, мемлекеттің бақылау қызметінің тиімділігін арттыру және қоғамды сыбайлас жемқорлықтан және өзге де құқық бұзушылықтардан қорғау болып табылады. 
29. Бақылау органдары өз қызметін мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелерін міндетті түрде жариялау жолымен ашық жүзеге асырады. 
30. Бақылау органдарының жариялылығын қамтамасыз етудің негізгі нысаны өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдардың басшыларына, мәслихаттарға және әкімдерге өз қызметі туралы ақпаратты ұсыну болып табылады. 
31. Жұртшылық үшін жариялылық бақылаудың нәтижелері және бақылау органдарының қызметі туралы өзге де мәліметтер бойынша материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, бақылау органдарының веб-сайттарында орналастыру, баспасөз мәслихаттарын, брифингтер мен басқа да жария іс-шаралар өткізу жолымен іске асырылады. 
32. Жариялылық жеке адамның құқықтары мен бостандығын қорғау туралы, мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де мәліметтер туралы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 
33. "Құпиялылық" стандартының мақсаты бақылауды жүзеге асырған кезде алынған ақпараттың сақталуын және жария етілмеуін қамтамасыз ету болып табылады. 
34. Бақылау органдары мен олардың қызметкерлері бақылауды жүзеге асырған кезде алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды. 
35. Бақылау органдары мен олардың қызметкерлері бақылауды жүзеге асырған кезде алынған ақпараттың сақталуын және оған қолжетімділіктің шектеулілігін қамтамасыз етеді. 
36. Бақылау органдары мен олардың қызметкерлері сұраған ақпарат бақылау мақсатында ғана пайдаланылады. 
37. Бақылау органдары қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асырған кезде алынған ақпараттан тікелей немесе жанама жеке пайда алуға құқығы жоқ. 
38. Бақылау органдары қызметкерлерінің бақылаудың қандай да бір аспектілеріне қатысты ақпаратты жария етуге құқығы жоқ. 
39. Бақылаудың нәтижелері бойынша түпкілікті құжат ресімдеп қабылдағаннан кейін бақылау органдарының басшылары және/немесе оларға уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалар өткізілген бақылау қорытындыларына қатысты ақпаратты ұсына алады.
4. Жұмыс стандарттары
40. Жұмыс стандарттары бақылау органдары қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асыруы бойынша іс-әрекеттерін бір жүйеге және ретке келтіреді. 
Жұмыс стандарттарына: "Жоспарлау", "Қадағалау", "Дәлелдер", "Құжаттама" мен "Есептілік" стандарттары жатады. 
41. "Жоспарлау" стандартының мақсаты бақылауды сапалы, үнемді, тиімді, нәтижелі және уақтылы өткізуді қамтамасыз ету болып табылады. 
42. Өткізілетін бақылау оның тиімді, уақтылы жүзеге асуын және ресурстардың ең аз шығындарымен оның барлық мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін жоспарланады. 
43. Жоспарлау бақылау тақырыптары мен объектілерін таңдаудан, оларды алдын ала зерделеуден, бақылау жоспарын, бағдарламаларын әзірлеуден, бақылау жүргізуден бастап, оның нәтижелері бойынша есеп жасағанға дейінгі бақылаудың барлық кезеңдерінің өзара байланысын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады. 
44. Бақылаудың жоспары мен бағдарламаларын жасамастан бұрын: 
1) бақылаудың тақырыптары мен объектілерін таңдау; 
2) қолжетімді ақпарат негізінде, бақылау объектісінің қызметіне қатысты стратегиялық және операциялық жоспарлармен, нормативтік құқықтық актілермен, оның қаржыландыру рәсімдерімен және ол жүргізіп отырған шығыстармен танысуды қоса алғанда, бақылау тақырыптары мен объектілерін алдын ала зерделеу; 
3) бақылау объектілеріне жүргізілген бұрынғы тексерулердің нәтижелеріне және бақылау органдарының ұсынымдары мен ұсыныстары бойынша қабылданған шараларды талдау; 
4) ішкі бақылау қызметтерінің қызметін бағалау жүргізіледі. 
45. Бақылауды жоспарлау кезінде: 
1) бақылаудың үлгілері, түрлері, объектілері және ауқымы; 
2) бақылауды жоспарлау процесінде туындаған басымдықтар мен мәселелер; 
3) мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың, стратегиялық және операциялық жоспарлардың іс-шараларының іске асырылу тиімділігін бағалаудың өлшемдері мен көрсеткіштері; 
4) бақылауды жүзеге асыруға қажетті ресурстар және бақылау органдары қызметкерлерінің құрамы айқындалады. 
46. Бақылаудың жоспарын, оған енгізілген барлық өзгерістер мен толықтыруларды бақылау органының басшысы бекітеді. 
47. Бақылау жүргізудің жоспары мен бақылау бағдарламасы бақылау органының жұмыс жоспарында белгіленген мерзімдерге сәйкес бақылау объектілері бойынша жеке жасалады. 
48. Бақылау бағдарламасы бақылауды тиімді өткізу үшін қажетті егжей-тегжейлі әзірленген құжат болып табылады, оны бақылау органының тиісті лауазымды адамы немесе бөлімшесінің басшысы бекітеді. 
49. Бақылау органдары бақылауды жоспарлаудың әдістері мен тәсілдерін қажеттігіне қарай жетілдіреді. 
50. "Қадағалау" стандартының мақсаты бақылау органдарының жоғары тұрған лауазымды тұлғаларының өз қызметкерлерінің бақылауды объективті және толық көлемінде өткізуін қамтамасыз ету болып табылады. 
51. Бақылау тобының немесе жекелеген қызметкерлердің қызметі бақылау жүргізудің әрбір кезеңінде жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың жүйелі қадағалауымен жүзеге асырылады. 
52. Қадағалау бақылауды жоспарлау, өткізу және оның нәтижелері бойынша есептер дайындау кезеңдерінде, сондай-ақ бақылаудың нәтижелерін іске асыру процесінде жүзеге асырылады. 
53. Қадағалау дәрежесі бақылаудың күрделілігіне, бақылау тобының немесе бақылау органының жекелеген қызметкерлерінің біліктілік пен кәсіпқойлығының деңгейіне қарай айқындалады. 
54. Бақылау органының басшылары қадағалау нысандары мен әдістерін дербес айқындайды. 
55. Қадағалауға міндетті түрде бақылауды жүзеге асырудың мазмұны, әдістері, бағдарламалық мәселелерді қамту толықтығы, сондай-ақ бақылау бағдарламасын орындау жөніндегі бақылау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттері жатады. 
56. Қадағалау неғұрлым жиі туындайтын проблемалар туралы түсіндіруді хабардар етуді, орындалған жұмысты бақылауды, бақылауды жүзеге асырушы топта пікір алшақтығы болған жағдайларда дауларды шешуді, сондай-ақ бақылау жоспары мен бағдарламасына өзгерістер енгізуді қамтиды. 
57. "Дәлелдер" стандартының мақсаты бақылау нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсынымдардың қалыптасуына негіз болатын объективті және шынайы деректер жинауды қамтамасыз ету болып табылады. 
58. Негізінде бақылау нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсынымда тұжырымдалатын дәлелдер бақылаудың мақсаттары мен міндеттеріне сай объективті, шынайы және жеткілікті болуға тиіс. 
59. Құжаттар есептің ажырамас бөлігі болып табылады және бақылауды шынайылығы мен объективтілігінің дәлелі ретінде қызмет атқаратын ақпаратты жеткілікті көлемін қамтиды. 
60. Бақылау объектісінде тікелей жинақталған, сондай-ақ заңнаманы сақтай отырып, басқа да шынайы көздерден алынған материал мен ақпарат дәлелдердің негізі болып табылады. 
61. Ақпаратты жинау мен өңдеу бақылаудың бекітілген бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. 
62. Бақылау нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсынымдар құжаттық дәлелдерге негізделеді. 
63. Ақпаратты жинау мен өңдеу әдістері бақылаудың мақсаттары мен міндеттеріне сай келеді. Дәлелдерді жинаған кезде бақылау органдарының қызметкерлері заңның талаптарына қайшы келмейтін барлық қолжетімді тәсілдерді пайдаланады. 
64. "Құжаттама" стандартының мақсаты бақылаудың барлық кезеңдерінде құжаттарды дайындау мен бір жүйеге келтіруді қамтамасыз ету болып табылады. 
65. Бақылау органдары мен олардың қызметкерлері белгіленген нысанда дәлелдерді және жүргізілген бақылаудың барлық аспектілерін құжаттайды. 
66. Құжаттау кезінде бақылаудың нәтижелерін растайтын барлық қажетті материалдар жинақталады, олар кейіннен пайдалану және сақтау үшін тиісті дәрежеде бір жүйеге келтіріледі. 
67. Бақылау органдарының қызметкерлері құжаттауға қажет материалдарды өз бетінше айқындайды. 
68. Құжаттаманың көлемі мен мазмұны бақылаудың үлгісіне, түріне және бақылау объектісінің қызметіне, сондай-ақ анықталған заң бұзушылықтар мен кемшіліктердің сипатына қарай айқындайды. 
69. Құжаттама белгіленген тәртіппен тігіледі және сақталады. 
70. Бақылауды жүзеге асыратын бақылау органдарының қызметкерлері құжаттарды сақтауға тапсырғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етеді. 
71. "Есептілік" стандартының мақсаты бақылаудың ашықтығы қамтамасыз ету, қаржы тәртібін нығайту және есептерді бір ізге салу жолымен бақылау органдарының арасындағы өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету болып табылады. 
72. "Есептілік" стандарты бақылау органдары мен олардың қызметкерлерінің қызметінің қорытындысы бойынша дайындалған есептерінің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді. 
73. Бақылау нәтижелері бойынша есеп болып табылатын мынадай актілер қабылданады: бақылау актісі, бақылаудың қорытындылары туралы есеп, қорытынды, қаулы, ұсыну (бұдан әрі - есеп). 
74. Бақылау органы мен оның қызметкерлері атқарылған жұмыстың нәтижелері бойынша толық, қисынды, объективті және сындарлы баяндалған жазбаша есеп дайындайды. 
75. Есеп бақылау нәтижелерін жедел іске асыру үшін уақтылы дайындалады және ұсынылады. 
76. Есептердің мазмұны: 
1) бақылау мақсаттарына қол жеткізілгенін растауға арналған жеткілікті барлық ақпаратты қамтуы; 
2) қысқа, бір жүйеге келтірілген болуы және қайталанбауы; 
3) қисынды және түсінуге жеңіл болуы; 
4) бақылау объектісінің қарсылықтарды қарау нәтижелерін, сондай-ақ бар болса бақылауға жүргізуге тартылған мемлекеттік органдардың мамандары мен сарапшылардың аудиторлық есептерін, қорытындыларын қамтуы; 
5) тек қана жиналған дәлелдерге негізделуі; 
6) республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуының, мемлекеттік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуының тиімділігін арттыруды, қаржы тәртібін арттыруды және бақылау объектілері мен бақылау органдарының арасында өзара түсіністікті нығайтуды көздеуі тиіс. 
77. Есеп кіріспе бөліктен, бақылау мақсатынан, объектісі мен нысанасынан, бақылаудың негізгі нәтижелерінің баяндалуынан, қорытындылар мен ұсыныстардан тұрады. 
Бақылау органдарының қаулылары мен ұсынымдары бақылау объектісіндегі кемшіліктерді түзетуге бағытталған ұсыныстарды және қажет болған жағдайда жекелеген бағыттарды көрсете отырып, кейіннен бақылау жүргізу жөніндегі ұсыныстарды да қамтиды.
5. Басқару және сапаны бақылау стандарттары
78. Басқару мен сапаны бақылау стандарттары бақылау органдары мен олардың қызметкерлерінің қызметіне басшылықты жүзеге асыруға қойылатын талаптарды белгілейді. 
Басқару және сапаны бақылау стандарттарына: "Басқару" және "Сапаны бақылау" стандарттары жатады. 
79. "Басқару" стандартының мақсаты ұйымдасқан және жұмысқа қабілетті ұжымды қалыптастыру мен бақылау мақсатына жету үшін оның жұмылдырылуын қамтамасыз ету болып табылады. 
80. Бақылау органдары бақылаудың сапасын, үнемділігін, нәтижелілігін және тиімділігін қамтамасыз ету үшін өзінің қызметін тиісті дәрежеде басқаруды жүзеге асырады. 
81. Бақылау органдарының лауазымды адамдары мен құрылымдық бөлімшелері арасындағы міндеттер нақты бөлінуі тиіс. 
82. Бақылау органдарын басқару олардың ережелеріне, регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады және бақылауды тиімді өткізу үшін жағдай жасайды. 
83. Бақылау органдары өз қызметкерлерінің қызметін тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін ынталандыру мен шарттар жүйесін жасайды. Ынталандыру жүйесі жазалау мен көтермелеу шараларын объективті анықтауға мүмкіндік беретін бақылау органдары қызметкерлерінің қызметін бағалауға негізделеді. 
84. Басқаруға бақылауды өткізудің барлық кезеңдері, сондай-ақ бақылау сапасы жатқызылады. 
85. Бақылау органдарының қызметін басқару процесі ұдайы жетілдіріледі. 
86. "Сапаны бақылау" стандартының мақсаты бақылау органдары мен олардың қызметкерлері қызметінің Стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады. 
87. Бақылау органдарының басшылары сапаны бақылауды ұйымдастыруды Стандарттарға сәйкестігі мәніне ішінара тексеруді ұдайы жүргізу жолымен қамтамасыз етеді. 
88. Сапаны бақылауды өткізудің қажеттілігі мен кезеңділігін бақылау органының басшысы анықтайды. 
Сапаны бақылауды өткізудің мерзімі мен ұзақтығы оның жеделділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында анықталады. 
89. Сапаны бақылауға бақылау органдары қызметкерлерінің барлық қызметімен қатар жүргізілген бақылаудың жекелеген бағыттары да жатқызылады. 
90. Сапаны бақылауды осы бақылауға қатыспаған бақылау органдарының қызметкерлері жүзеге асырады.