Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1089 Қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 3 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.06.2023 жылғы № 489 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 152-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикалық
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1039 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі
Р/с № |
Тауардың атауы |
1 | Бірінші сортты бидай ұны |
2 | Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны |
3 | Макарон өнімдері: вермишель, рожки, кеспе |
4 | Жармалар: қарақұмық, сұлы, ұнтақ, арпа және тары |
5 | Тазартылған күріш |
6 | Картоп |
7 | Жаңа піскен көкөністер: асханалық сәбіз, басты пияз, ақ қауданды қырыққабат, асханалық қызылша |
8 | Ақ қант - құмшекер |
9 | Өсімдік майы - күнбағыс майы |
10 | Ет: сиыр еті (жауырын-төс бөлігі), қой еті сүйектерімен, тауық еті, тауық саны |
11 | Сүт: пастерленген, майлылығы 2,5% және 3,2% |
12 | Айран: майлылығы 2,5% және 3,2% |
13 | Сүзбе: майлылығы 5-9% |
14 | Мәйекті қатты ірімшік |
15 | Сары май: - тұздалмаған, майлылығы 72,5% кем емес, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ; - өсімдік-сары, сүт майы 49% дейін (спрэд) |
16 | І-ІІ санатты тауық жұмыртқасы |
17 | Ac тұзы («Экстра»-дан басқа) |
18 | Шай - қара, түйіршіктелген |
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |