• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015 г

Отправить по почте

Темекi өнiмдерiнiң қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларация нысанын, қағидалары мен тапсыру мерзiмдерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1294 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес
«Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету қағидалары мен нысанын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 27.02.2015 жылғы № 145 Бұйрығын қараңыз
«Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 4-бабы 7) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған: 
1) Темекi өнiмдерiнiң қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияның нысаны (бұдан әрi – Декларация);
2) Декларацияны тапсыру қағидалары бекітілсін.
2. Декларацияны темекi өнiмдерiнiң импортын және оларды көтерме саудамен өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалар ай сайын, есептi айдың кейiнгi айдың 15 күнiнен кешіктiрмей тапсырады деп белгіленciн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 4 қарашадағы
 № 1294 қаулысымен
 бекітілген
Темекi өнiмдерiнiң қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны ұсыну қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 4-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзiрленген және темекi өнiмдерiнiң қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны (бұдан әрi - Декларация) тапсыру және жасау тәртiбiн айқындайды.
2. Декларация Декларацияның өзiнен (440.00-нысан ) және оған қосымшалардан 1, 2, 3 (440.01, 440.02 және 440.03-нысандар) тұрады.
3. Декларацияны темекi өнiмдерiн импорттау мен көтерме саудамен сатуды жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрi - декларант) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің тиiстi салық органына (бұдан әрi – салық органы) тапсырады.
Темекi өнiмдерiн өндiрушiлер Декларация тапсырмайды.
4. Декларация тапсырудың есептi кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
5. Декларацияны жасау кезiнде:
1) қағаз тасығышта – шарикті қаламсаппен немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспаханалық бас әрiптермен немесе баспа құрылғысы пайдаланыла отырып, толтырылады;
2) электрондық тасығышта – электронды цифрлік қолтаңбамен куәландырылады.
6. Декларацияны толтыру кезiнде түзетуге, тазартуға және өшіруге жол берiлмейдi.
7. Декларация заттай көрсеткiштермен (дана /кг) толтырылады.
8. Көрсеткiштер жоқ болған кезде Декларацияның тиiстi торкөздері толтырылмайды.
9. Тиiстi қосымшаларда көрсеткiштердi ашуды талап ететiн жолдарды толтыру кезiнде көрсетілген қосымшалар мiндеттi түрде толтыруға жатады.
10. Қосымшаларда көрсетiлуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берiлмейдi.
11. Декларация қағаз тасығышта немесе электрондық тасығышта ұсынылады.
12. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрi - Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес декларацияларды және қосымшаларды тапсыру кезінде олар:
СТН - Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейінгі салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
ЖСН (БСН) - Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының  4) тармақшасы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі міндетті түрде толтыруға жатады.
2. Декларацияны жасау (440.00-нысан)
13. Декларацияда декларанттардың темекi өнiмдерiнiң қалдықтары мен (немесе) айналымы көрсетiледi. 
14. «Декларант туралы жалпы ақпарат» бөлiмiнде осы Қағидалардың 12-тармағын ескере отырып, декларант мынадай деректердi көрсетедi:
1) СТН - салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
2) ЖСН (БСН) - салық төлеушiнiң жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі;
3) Декларация тапсырылатын есепті кезең.
Есепті кезең араб сандарымен көрсетiледi.
Егер айдың нөмiрі екi белгiден кем болса, онда ол оң торкөзде көрсетiледi;
4) заңды тұлғаның атауы немесе жеке кәсіпкердің, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Құрылтай құжаттарына сәйкес декларанттың толық атауы немесе дара кәсiпкердiң, жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетіледі;
5) Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi (бұдан әрi - ЭҚЖЖ). ЭҚЖЖ бойынша қызмет түрлерiнiң коды және олардың үлес салмағы көрсетiледi.
«ЭҚЖЖ» деген торкөздерде ЭҚЖЖ кодтары (бес белгiге дейiн) ұйым қызметiнiң түрлерi бойынша олардың үлес салмағының кему тәртiбiмен көрсетiлуi тиiс.
«Yлec салмағы, %» деген торкөздерде осы қызмет түрiнiң үлес салмағы (бiр ондық белгiмен) көрсетіледі (осы торкөздердің жинақтығы 100 %-ға тең болуы мiндеттi емес).
ЭҚЖЖ үлес салмағын есептеу үшiн декларант N1-ӨН (тоқсандық) нысандағы мемлекеттiк статистикалық есептiлiктiң (бұдан әрi - МСЕ) I бөлiмiнiң («Өнiм») деген 100-жолында көрсететiн деректер пайдаланылады. ЭҚЖЖ үлес салмағы 100 жол бойынша 3-бағанның деректерiне 100 жолдың сәйкес бағаны деректерiнiң қатынасы ретiнде айқындалады.
№ 2-ШК нысанының МСЕ тапсыратын заңды тұлға – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi ЭҚЖЖ бойынша мәлiметтердi 2-ШК (тоқсандық) нысаны 2-бөлiмiнiң («Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) шығару және оларды өндiру шығыстары туралы мәлiметтер») 100-107-жолдарының деректерi негiзінде, жоғарыда көрсетiлген тәсiлмен толтырады.
Егер ұйым бұрын 1-ӨН немесе 2-ШК нысандарын тапсырмаған жағдайда, онда тек негізгі қызметтің ЭҚЖЖ коды толтырылады;
6) Декларацияның түрi. Декларацияның түрiне байланысты тиiстi торкөз белгiленедi.
«Бастапқы» деген торкөз, егер декларант акциздiк тауарларға байланысты қызметтi жүзеге асыруды бастағаннан кейiн алғаш рет Декларация берiлсе белгiленедi.
Одан кейiнгi декларацияларды беру кезiнде «Кезектi» деген торкөз белгiленедi.
Бұрын берiлген декларацияларға өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу кезiнде «Қосымша» деген торкөз белгiленедi.
«Хабарлама бойынша» деген торкөз, егер декларант салық органынан хабарлама алып, соның негiзiнде бұрын берiлген Декларацияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi қажет ететiн жағдайда белгiленедi. Бұл жағдайда декларант «Хабарлама бойынша» және «Қосымша» деген торкөздерді бiр мезгiлде белгiлейдi.
Декларантты таратқан немесе қайта ұйымдастырған кезде салық органына тапсыратын соңғы Декларацияда «Тарату» деген торкөз белгiленедi.
7) берiлген қосымшалар. Берiлген қосымшалардың торкөздерi белгiленедi;