• Мое избранное
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 09.10.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 81

Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2014 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1077 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Өрт қayiпciздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 5-бабын icкe асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса бepiліп отырған Өрт қaуiпciздiгi қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                К. Мәсімов
  • 1
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 1682 қаулысымен
 бекітілген
Өрт қауіпсіздігі қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
Ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) халықтың өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншік нысанына қарамастан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың қолдануына және орындауына арналған.
2. Осы Қағидалардың ережелерімен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 қаулысымен бекітілген «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттер ) басшылыққа алынуы тиіс.
3. Осы Қағидалар азаматтық авиация объектілері үшін, ормандарда және энергетикалық (энергия шығаратын және энергия беретін) объектілерде қолданылмайды, олар үшін өрт қауіпсіздігі  қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
4. Жұмыскерлер тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмыс істеуге жіберіледі, ал жұмыстың ерекшелігі өзгергенде ықтимал өрттердің алдын алу және оларды сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді. Өртке қарсы нұсқаулықтан өтетін мамандықтар (лауазымдар) тізбесін, тәртібі мен мерзімдерін, өрт-техникалық минимум бойынша өртке қарсы нұсқаулық пен сабақтарды өтудің тақырыптық және оқу жоспарларын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілейді.
5. Өрттен қорғау жүйелері мен құралдарын өшірумен байланысты жұмыстарды жоспарлаған жағдайда, сондай-ақ ұйымның теңгеріміндегі немесе оның аумағындағы жолдар мен кіреберістердің жай-күйінің өзгергені туралы объектілердің иелері жергілікті өртке қарсы қызмет органдарына жұмысты жүргізу мерзімдері, өзгеріс сипаты туралы алдын ала ақпаратты қамтитын хатпен хабарлауы қажет. Жұмыстың авариялық сипаты болғанда хабарлама үш тәулік ішінде жүргізіледі. Тиісті жерлерде жолдарды жабу кезінде айналып өту бағытын нұсқағыштар орнатылуы немесе жолдың жөнделетін учаскелері арқылы өтпелер немесе өту жолдары салынады.
6. Ұйымдар мен елді мекендердің аумақтарын, ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды, эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын ұстау тәртібі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес анықталады.
  • 1
2-тарау. Ғимараттар мен құрылыстардың электр қондырғыларын ұстау тәртібі
7. Электр желілерін, электр қондырғылары мен электр-техникалық бұйымдарын монтаждау, іске қосу, пайдалану, сондай-ақ олардың техникалық жай-күйін бақылау осы Қағидалардың, электр қондырғыларын орнату қағидаларының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы нормаларының, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің  ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
8. Электр қозғалтқыштары, электр шамдары, басқару аппараттары, іске қосуды реттегіш, бақылау-өлшеу және қорғау аппаратурасы, қосалқы жабдықтар, электр сымдары мен кабель желілері Электр қондырғыларын орнату қағидалары мен «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 1-қосымшасы бойынша аймақтардың класына сәйкес қорғау дәрежесімен қолданылады.
9. Барлық электр қондырғылары өртке және жануға әкеліп соғатын қысқа тұйықталу тогынан және артық жүктемеден қорғайтын аппараттармен қорғалады.
10. Барлық ток өткізгіш бөліктер, бөлу құрылғылары, аппараттар мен өлшеуіш аспаптар, сондай-ақ бөлгіш түріндегі сақтандырғыш құрылғылары, ажыратқыштар және барлық іске қосатын аппараттар мен аспаптар тек жанбайтын негізде (мрамор, текстолит, гетинакс) құрастырылады.
11. Өткізгіштер мен кабельдердің сымдарын жалғау, түйіндеу және тармақтау өртке қатысты қауіпті ауыспалы кедергілерді болдырмау үшін сығымдау, дәнекерлеу, пісіру және арнайы қысқыштардың көмегімен жүргізіледі.
12. Өткізгіштер мен кабельдердің сымдарының қосылған және тармақталған жерлері, сондай-ақ қосу және тармақтау қысқыштары осы өткізгіштер мен кабельдердің тұтас жерлері сымдарының оқшаулағышына тең оқшауланады.
13. Оқшаулағыш тіреуіштерінде төселген өткізгіштерден басқа өткізгіштер мен кабельдердің қосулары және тармақталуы қосу және тармақтау қораптарында, қосу және тармақтандыру қысымдарының оқшауланған сырттарында, құрылыс конструкцияларының арнайы текшелерінде, электр орнату бұйымдарының, аппараттардың және машиналардың тұрқыларының іштерінде орындалады. Оқшаулағыш тіреуіштерінде төсегенде сымдарды қосуды немесе тармақтауды тікелей оқшаулағыштың жанында, клицтарда немесе оларда, сондай-ақ роликте орындалады.
Қосу және тармақтағыш қораптары қорғайтын қақпақтармен қамтамасыз етіледі.
14. Уақытша электр желілерін орнатуға және пайдалануға жол берілмейді. Құрылыс және уақытша жөндеу-құрастыру жұмыстарын жүргізу орындарын қоректендіретін уақытша иллюминациялық қондырғылар мен электр өткізгіштері ерекшелік ретінде болуы мүмкін. Уақытша электр желісінің кернеуі 36 Вольттан, ал аса қауіпті орындарда (аса ылғалды учаскелер, құдықтар, металл резервуарлар, қазандықтар) 12 Вольттан аспауы тиіс.
15. Тасымалды шамдар қорғағыш шыны қалпақтармен және торлармен жабдықталады. Осы шамдар мен басқа да тасымалды электр аппараттары үшін ықтимал механикалық әсерлерді ескере отырып, осы мақсатқа арналған иілгіш кабельдер мен мыстан жасалған сымдар қолданылады.
16. Автоматты өрт сөндіру, өрт дабылы, авариялық жарық беру қондырғыларын қоректендіру үшін енгізу-тарату құрылғысынан бастап электр қуатын тұтынушыға дейін өзіндік электр желісі қарастырылады.
17. Құрылыс алаңында уақытша электр өткізгішін жұмыс орындарынан 2,5 метрден, өту жерлерінен 3 метрден, өту жолдарынан 6 метрден кем емес биіктікте оқшауланған өткізгішпен орындалып, сым арқан мен берік тіреулерге ілінеді.
18. Құрылыс алаңы аумағында жарықтандыру прожекторлары жеке тіреулерге орнатылады.
Прожекторларды жанғыш материалдардан жасалған шатырларда және полимерлі жылытқыштары бар ғимараттарда орнатуға жол берілмейді.
3-тарау. Жылыту жүйелерін ұстау тәртібі
19. Жылыту жүйелерін пайдалану кезінде осы Қағидалардың ережелері, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптары сақталады.
20. Өндірістік және басқа үй-жайларда пеш жағуды жылыту құралдарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық алған арнайы бөлінген тұлғалар (пеш жағушылар) жүргізеді.
21. Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерді қоспағанда) пеш жағуды жұмыс аяқталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын, ал емханаларда және басқа да тәулік бойы адамдар жаппай болатын объектілерде ұйықтағанға дейін екі сағат бұрын тоқтатылады.
Балалар күндіз болатын балалар мекемелерінде пеш жағу балалар келгенге дейін бір сағат бұрын тоқтатылады.
22. Шатырларда барлық түтін құбырлары мен түтін арналары өтетін қабырғаларды әктеу қажет.
23. Пеш оттығына сұйық отынды жеткізу тек саңылаусыз металл отын өткізгіш арқылы ғана жүргізіледі. Тек зауытта шығарылған отын өткізгіш қосқыштар мен арматура қолданылады. Отын беру жүйесінен сұйық отынның ағуына немесе газдың шығуына жол берілмейді.
24. Жылу генераторларын монтаждау және пайдалану кезінде мынадай талаптар сақталады:
1) отынға арналған сыйымдылықтың көлемі, оны орналастыру және ауа жылытқышқа беру осы аппараттарға паспорттық деректер мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкес болуы;
2) жылу шығаратын аппараттардың жанарғылары, отын өткізгіштердегі қосқыштар мен арматура тек зауытта дайындалған болуы;
3) жанарғылар жалынды үзбей және агрегаттың жылу жүктемесін қажетінше реттеу шегінде оны жанарғы ішіне өткізбей тұрақты жұмыс істеуі тиіс.
25. Жылу шығаратын аппараттарды пайдалану кезінде:
1) отын өткізгіштерінің герметикалығы бұзылған аппаратта және ондағы тиек клапаны ақаулы болса, форсунка корпусы жылу шығаратын аппаратпен тығыз қосылмаса, түтін жолдары, электр қозғалтқыштары мен қорғау аппараттары жарамсыз болса, сондай-ақ электр қозғалтқыштың жылу қорғағышы болмаса және өзге де ақаулықтарда, жұмыс істеуге;
2) ашық отын бактары бар аппаратта жұмыс істеуге;
3) тыныс алу құбырларының үй-жайлардың ішіне немесе шатыр үй-жайларына шыққан жолымен жұмыс істеуге;
4) ретке келтірілмеген форсункамен жұмыс істеуге (отын беру бұзылса);
5) жылу шығаратын аппараттарды қосу үшін резеңке немесе полимер шлангілер мен муфталарды қолдануға;
6) аппарат пен шығыс бактарының жанында жану тобы Г3-Г4 материалдардан жасалған қоршаулар орнатуға;