Toggle Dropdown
"Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 168 Қаулысы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 қаңтардағы
№ 168 қаулысымен
Бекітілген
Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) атмосфералық ауа – атмосфера газдарының табиғи қоспасын білдіретін қоршаған орта компоненті;
2) аэроклиматтық жағдайлар – тропосферада және стратосфераның төменгі қабатында анықталатын климаттық жағдайлар;
3) зиянды (ластаушы) заттар – атмосфералық ауада болатын және жол берілген шекті нормативтерден асатын белгілі бір шоғырлануда адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсер ететін химиялық немесе биологиялық зат немесе осындай заттардың қоспасы;
4) апаттық шығарынды (дүркін) – қазіргі уақыт үшін рұқсат етілген деңгейден асып түсетін кенеттен абайсызда, апаттан туындаған, жылжымалы және стационарлы көздерден зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераға шығуы;
5) діріл – техникадағы (машинадағы, механизмдегі, конструкциядағы, қозғалтқыштағы) механикалық діріл;
6) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер – атмосфералық ауаның температуралық, энергетикалық, толқындық, радиациялық және басқа да физикалық қасиеттерін өзгертетін, адам денсаулығына және қоршаған ортаға шудың, дірілдің, иондаушы сәулеленудің, температуралық және басқа да физикалық факторлардың зиянды әсері;
7) жол берілетін микроклиматтық жағдайлар – адамға ұзақ және жүйелі түрде әсер ету кезінде организмнің жылулық жағдайына өтпелі және тез қалпына келтіретін өзгеріс туғызуы мүмкін микроклимат параметрлерінің үйлесімділігі;
8) децибел (бұдан әрі – дБА) – шу деңгейінің 0,1 бел-ге тең өлшем бірлігі;
9) табиғи жарықтандыру – сыртқы қоршау конструкцияларының жарық ойықтары арқылы енетін аспан жарығымен (тура немесе шағылу) үй-жайды жарықтандыру;
10) атмосфералық ауаның ластануы – атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың түсуі немесе пайда болуы;
11) табиғи жарықтандыру коэффициенті (бұдан әрі – ТЖК) – алдын ала белгіленген жазықтықтың кейбір нүктелерінде пайда болған ашық аспанды жарықпен толық жасалатын сыртқы көлбеу жарықтануының бір мезеттегі аспан жарығына (тікелей немесе шағылудан кейін) үй-жай ішіндегі берілген беттің кейбір нүктелеріне жасалатын табиғи жарықтандыру қатынасы (пайызбен белгіленеді);
12) оқшау жарықтандыру – төгіліп түсетін жарық болмаған кезде ғимарат немесе құрылыс бөлігін, сондай-ақ бөлек сәулет элементтерін жарықтандыру;
13) лимиттеуші көрсеткіш – суда және ауада бір мезгілде бірнеше заттардың болуын көрсететін көрсеткіш.
14) жергілікті жарықтандыру – тікелей жұмыс орындарында жарық ағынын шоғырландыратын, жалпыға қосымша шамдармен жасалатын жарықтандыру;
15) халықтың көпшілік демалыс орындары - қалалар құрылысының жоспарында, аудандық жоспарлау және қала маңындағы аймақты дамыту схемаларында, курорттарды, санаторийлерді, демалыс үйлерін, пансионаттарды, туризм базаларын, саяжай учаскелерін, халықтың ұйымдастырылған демалыс орындарын орналастыру аймақтарында (қалалық жағажайлар, саябақтар, спорттық базалар және олардың ашық ауадағы құрылыстары) бөлінген аумақтар;
16) қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына мүмкіндік тудыратын метеорологиялық жағдайлар;
17) жылыту микроклиматы – килограммға шаққандағы 0,87 килоджоуль (бұдан әрі – кДж/кг) оңтайлы мөлшердің ағзадағы жылудың жиналуы сыртқы шекарадан артық болумен айқындалатын адамның қоршаған ортамен жылу айналымының бұзылуы орын алған кездегі микроклимат параметрлерінің (температура, ылғал, жылдамдық, ауа қозғалысының жылдамдығы, салыстырмалы ылғалдық, жылу шығару) үйлесімі немесе жылу теңгерімінің жалпы құрылымында тердің 30% артық бөлінуі, жалпы және жергілікті қолайсыздық сезіну (сәл жылы, жылы, ыстық) пайда болуы;
18) әсер етудің шамалық қауіпсіз деңгейі (бұдан әрі – ӘШҚД) – өнеркәсіптік объектілерді жобалау мақсаты үшін есептеу әдісімен белгіленетін, атмосфераны ластайтын заттарға арналған уақытша гигиеналық норматив;
19) жарықтанғандық – берілген беттің алаңына, бетке түсетін жарық ағыны ретінде анықталатын жарық ағынының беттік тығыздығы (жарықтанғандықтың бірлігі – люкс (бұдан әрі - лк);
20) оңтайлы микроклиматтық жағдай – адамға ұзақ және жүйелі түрде әсер ету кезінде организмнің қалыпты жылу сақтау мүмкіндігін қиналмай қамтамасыз ететін микроклимат параметрлерінің жиынтығы;
21) салқындату микроклиматы – «ядроның» температурасы немесе дененің «қабығы» («ядро» температурасы немесе дененің «қабығы» – тиісінше ағза талшықтарының терең және беткі қабаты) төмендеу нәтижесінде ағзада жылудың жалпы және жергілікті тапшылығының 0,87 кДж/кг кем түзілуіне әкелетін ағзадағы жылу айналымының өзгеруінің орын алуы кезіндегі микроклимат параметрлерінің үйлесімі.
22) атмосфералық ауаны қорғау – адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға оның зиянды әсерін болдырмау мақсатында атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық және техникалық шаралар жүйесі;
23) ластаушы заттың атмосфералық ауадағы рұқсат етілген шекті шоғырлануы (бұдан әрі - РЕШШ) – ұрпақтың қазіргі немесе келешек өміріне тікелей немесе жанама қолайсыз әсер етпейтін, адамның еңбек қабілетін төмендетпейтін, оның өзін-өзі жақсы сезінуін және өмірінің санитариялық-тұрмыстық жағдайын нашарлатпайтын шоғырлану;
24) рұқсат етілген шекті шығарынды (бұдан әрі – РЕШШ) – өнеркәсіптік ұйымдардың даму перспективасын және зиянды заттардың атмосферада таралуын есепке ала отырып, осы көздің және қала немесе елді мекен көздері жиынтығының зиянды заттары шығарындылары олардың рұқсат етілген шекті шоғырлануынан асатын жердің шоғырлануын құрмаған жағдайда атмосфераны ластау көзінің әрқайсысы үшін белгіленетін шығарынды;
25) тұрақты жұмыс орны – жұмыс уақытының 50 пайызынан (бұдан әрi – %) көбін немесе 2 сағаттан (бұдан әрі – сағат) көп үздіксіз жұмыс істейтін орын. Жұмыс, егер жұмыс аймағының әртүрлі пункттерінде жүргізілсе, тұрақты жұмыс орны деп барлық жұмыс аумағы саналады;
26) өндірістік үй-жайлар – тұрақты түрде (ауысым бойынша) немесе мезгіл-мезгіл (жұмыс күнінің ішінде) адамдар жұмыс атқаратын арнайы салынған ғимараттар мен құрылыстардағы тұйық кеңістік;
27) «жел тармағы» – көп жылғы бақылаулар бойынша белгіленген орында желдің режимін сипаттайтын векторлық диаграмма;
28) жұмыс аймағы – тұрақты түрде немесе уақытша жұмыскерлер болатын өндірістік үй-жайлар кеңістігі;
29) румб – дүниенің тараптарына қатысты көрінетін көкжиектің нүктелеріне қарай бұрышы (бағыты);
30) қоныстану аумағы – тұрғын, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көліктік инфрақұрылымның жекелеген бөліктерін, орналасуы және қызметі арнайы санитариялық-қорғаныш аймағын талап ететін әсерді тигізбейтін басқа да объектілерді орналастыруға арналған елді мекен аумағының бөлігі;
31) сыртқы ауаның тәулік бойындағы орташа температурасы – тәулік ішіндегі белгілі бір сағаттарда, бірдей уақыт аралығынан кейінгі сыртқы ауа температурасының орташа деңгейі. Ол метеорологиялық қызметтің деректері бойынша қабылданады.
32) жылдың жылы кезеңі – сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының 10 градус Цельсийден (бұдан әрі – +0 С) жоғарылығын сипаттайтын жыл кезеңі;
33) ортаның жылу жүктемесі (бұдан әрі – ОЖЖ) – 0 С бір сандық көрсеткішпен сипатталған микроклимат параметрлерінің (температура, ылғал, ауа қозғалысының жылдамдығы, жылу шығару) адам ағзасына үйлесімді әсері;
34) трансформация – химиялық заттардың өзгеру процесі;
35) фондық ластану – атмосфералық ауаны ластау көздері болып табылатын объектілер шығаратын заттармен атмосфералық ауаның ластануы;
36) жылдың суық кезеңі – сыртқы ауаның тәуліктік температурасы +100 С тең және төмендігін сипаттайтын жыл кезеңі;
37) акустикалық шу – амплитуда мен жиіліктің өзгерулерімен сипатталатын әртүрлі физикалық факторлардың ретсіз дыбыстық тербелістері;
38) толық емес жинақтаудың әсері – жинақталған әсер компоненттер әсерінің қосындысынан төмен болған кезде бірнеше заттардың әсер ету феномені;
39) толық жинақтаудың әсері (аддитивті күш) – қоспаның жинақталған әсері компоненттер күші әсерінің қосындысына тең болатын бірнеше заттардың әсер ету ерекшелігі;