«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 772 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысына сәйкес «Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын бекiту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.07.2015 жылғы № 4-5/612 Бұйрығын қараңыз
«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 9 маусымдағы № 772 қаулысымен бекiтiлген
Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрленген және мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүзеге асыру тәртiбiн анықтайды.
2. Осы Қағидадаларда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
1) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры – мақта өңдеу ұйымдарының өздерi берген мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) мақта қолхатын ұстаушы – мақта өңдеу ұйымына шиттi мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға өткiзген мақта иесi; мақта қолхатында индоссамент жасалған жағдайда – индоссат;
3) мақта өңдеу ұйымы – меншiк құқығында мақта тазалау зауыты бар, мақта қолхаттарын бере отырып қойма қызметі бойынша қызметтер көрсететiн заңды тұлға;
4) мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару (бұдан әрi – уақытша басқару) – мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша өз мiндеттемелерiн орындау қабiлетiн қалпына келтiруге бағытталған әкiмшiлiк, заңдылық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа iс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн ерiксiз жүргiзу;
5) уақытша әкiмшiлiк – мақта қолхаттарын ұстаушылардың, уәкiлеттi органның, мақта өңдеу ұйымының, мақта өңдеу ұйымы қатысушы болып табылатын мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қорының өкiлдерiн қамтитын, уақытша басқарудың қолданылуы кезеңіңде мақта өңдеу ұйымын басқаруды жүзеге асыратын алқалық орган;
6) уақытша басқару жөнiндегi комиссия – құрамына мақта саласын дамыту саласындағы уәкiлеттi орган ведомсвосының аумақтық бөлімшесінің және облыстың жергiлiктi атқарушы органының өкiлдерiн қамтитын, мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүзеге асыратын алқалық орган.
3. Уақытша басқаруды уақытша басқару жөнiндегi комиссия мен уақытша әкiмшiлiк мақта өңдеу ұйымының қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
4. Уақытша басқару алты айдан аспайтын мерзiмге енгiзiледi.
2. Уақытша басқаруды жүргізудің негiздерi мен шарттары
5. Уақытша басқару мынадай негіздердің кемінде біреуі болған жағдайда енгізіледі:
1) мақта қолхатын ұстаушының алғашқы талабы бойынша мақта беруден бас тартудан көрінген мақта қолхаттарын бере отырып қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі шарттық мiндеттемелердiң жүйелi түрде (қатарынан күнтiзбелiк алты ай iшiнде екi және одан да көп рет) тиiсiнше орындалмауы;
2) мақта қолхаттарымен қамтамасыз етiлген мақта мөлшерiнiң сақтаудағы мақтаның нақты мөлшерiнен артық болуы фактi анықталуы.
6. Уақытша басқару облыстық жергiлiктi атқарушы органның ұсынысы немесе тексерiс жүргiзу кестесi немесе мақта беруден бас тартудың екi және одан да көп фактiлерi бойынша мақта қолхаттарын ұстаушылардың ресми өтiнiштерi (шағымдары) негiзiнде мақта саласын дамыту саласындағы уәкiлеттi орган мақта өңдеу ұйымының қызметiне инспекциялау (тексеру) жүргiзген жағдайда енгiзiледi, кеінен анықталған бұзушылықтар туралы акт жасалады.
3. Уақытша басқаруды жүргізу тәртiбi
7. Облыстық жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттi органға мақта өңдеу ұйымын тексеру актiсiмен қоса, құрамында уақытша басқаруды енгiзуге негiздер туралы қорытынды мен уақытша басқару жөнiндегi комиссия құрамына енгiзуге арналған кандидатуралар бар уақытша басқаруды енгiзу туралы ұсыныс жолдайды.
8. Уәкiлеттi орган ұсыныс түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiм қабылдайды, онда:
1) мақта өңдеу ұйымының атауы және орналасқан жерi;
2) уақытша басқаруды енгiзу негiзi;
3) уақытша басқару қолданысының басталуы мен мерзiмi;
4) мақтаны берудi тоқтата тұрумен қоса, мақта өңдеу ұйымының қызметiн шектеулер тiзбесi;
5) уақытша басқару жөнiндегi комиссияның дербес құрамы;
6) мақта өңдеу ұйымының басшы қызметкерлерiне:
жұмыс туралы есеп дайындау және оны уақытша әкiмшiлiкке ұсыну туралы;
мақта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттарын белгiлi ұстаушыларды уақытша басқаруды енгiзу туралы мiндеттi түрде хабардар ету туралы нұсқама қамтылады.
9. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешіктірмей:
1) уақытша басқару жөнiндегi комиссия төрағасының кандидатурасын анықтайды және оны уәкiлеттi органға бекiтуге жолдайды;
2) мақта өңдеу ұйымына қызмет көрсететiн банктiң атына мақта өңдеу ұйымының шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама жiбередi.
10. Уәкiлеттi орган уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мақта өңдеу ұйымының қаражаты есебiнен республикалық мерзiмдi баспа басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде:
1) уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмдi;
2) мақта қолхаттарын ұстаушылардың мақта қолхаттарын ұстаушылардың жиналысына қатысуы құқығы туралы хабарлама жариялайды.
11. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiм жарияланған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уақытша әкiмшiлiк құрамына өкiлдер сайлау үшiн мақта қолхаттарын ұстаушылардың жиналысын өткiзудi ұйымдастырады және уақытша әкiмшiлiктің құрамын бекiтедi.
12. Мақта өңдеу ұйымының басқарушы қызметкерлерi уақытша әкiмшiлiкке қабылдау-беру актiсi бойынша мақта өңдеу ұйымының мөрлерiн, мөртабандарын, бланктерiн, құндылықтарын, үй-жайларының, сейфтерiнiң кiлттерiн және барлық қажеттi құжаттарын тапсырады.
13. Уақытша әкiмшiлiк бiрiншi кезектегi тәртiппен:
1) мақта өңдеу ұйымының қаржылық жай-күйiне талдау жүргiзедi;
2) мақта өңдеу ұйымының мүлкiне және оның мiндеттемелерiне түгендеу, сондай-ақ сақталудағы мақтаға түгендеу жүргiзедi;
3) мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттарын ұстаушылар алдындағы берешегiн қоса алғанда, кредиторлық берешегiн айқындайды;
4) сотқа талап-арыздар дайындау мен ұсынуды қоса алғанда, мерзiмi өткен дебиторлық берешектi өндiрiп алу жөнiнде шаралар қабылдайды;
5) мақта өңдеу ұйымының басқару құрылымын және штат санын айқындайды;
6) мақта қолхаттарына қол қоюға уәкiлеттi адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты (олар бар болған жағдайда) бар карточканы, олардың қолтаңбаларының үлгiлерiн уәкiлеттi органға табыс етедi;
7) банкте банк операциялары бойынша операциялар жасау үшiн құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды адамдардың қойылған қолдарының үлгiлерi бар жаңа карточканы қызмет көрсететiн банкке табыс етедi (бұл ретте уақытша әкiмшiлiк тағайындалғанға дейiн табыс етiлген карточка жойылуға тиiс);
8) уақытша басқару жөнiндегi комиссияға мақта өңдеу ұйымының нақты жай-күйi туралы ақпарат бередi және осы мақта өңдеу ұйымының шаруашылық қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
14. Уақытша әкiмшiлiктің мақта өңдеу ұйымының мүлкiн мүлiктi кепiлге берудi, мүлiктiк жалдауды қоса алғанда, иелiктен шығару жөнiнде шешiмдер қабылдауға құқығы жоқ.
15. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия уақытша әкiмшiлiктiң қызмет нәтижелерi туралы есебiн бекiтедi және уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн бақылауды жүзеге асырады.
4. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия мен уақытша әкiмшiлiктiң жұмыс тәртiбi
16. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ болуға және үш адамнан кем болмауға тиiс.
17. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия өз мүшелерiнiң жалпы санының кемінде үштен екiсi болған жағдайда шешiм қабылдауға құқылы.
18. Уақытша басқару жөнiндегi комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi.
19. Уақытша басқару жөнiндегi комиссияның шешiмдерi көпшiлiк дауыспен қабылданады, хаттамамен ресiмделедi, оған уақытша басқару жөнiндегi комиссияның төрағасы, мүшелерi, хатшысы қол қояды және уақытша әкiмшiлiктiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
20. Шешiмдер қабылдау кезiнде уақытша әкiмшiлiк мүшелерiнiң дауыстары:
1) мақта қолхаттарын ұстаушылар – жиырма бес пайыз;
2) мақта өңдеу ұйымы – жиырма бес пайыз;
3) уәкiлеттi орган – жиырма бес пайыз;
4) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры – жиырма бес пайыз болып бөлiнедi.
5. Уақытша басқаруды тоқтату тәртiбi
21. Уақытша басқару:
1) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген уақытша басқару мерзiмiнiң аяқталуы бойынша;
2) уәкiлеттi орган уақытша басқаруды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдаған жағдайда;
3) соттың заңды күшiне енген шешiмi бойынша тоқтатылады.
22. Уақытша басқару:
1) мақта өңдеу ұйымы берiлген мақта қолхаттары бойынша өз мiндеттемелерiн орындау қабiлеттiлiгiн қалпына келтiрген;
2) басқа да мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптарын тиiсiнше орындауға ықпал ететiн жағдайлар болмау шартымен уақытша басқару кезеңiнде мақта қолхаттарын ұстаушылардың барлық мәлiм етiлген талаптарын толық көлемде қанағаттандырған жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
23. Уақытша басқаруды мерзiмiнен бұрын аяқтау үшiн негiздер болған жағдайда уақытша әкiмшiлiк тиiстi акт жасайды, соның негiзiнде уақытша басқару жөнiндегi комиссия уәкiлеттi органға уақытша басқаруды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы ұсыныс енгiзедi. Уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде уақытша басқаруды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдайды.
24. Уақытша басқаруды енгiзуге әкелген себептердiң жойылуына байланысты оны тоқтату (оның ішінде мерзімнен бұрын) мақта өңдеу ұйымына қатысты барлық шектеулердi жоюға әкеп соғады.
25. Егер уақытша басқару мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға әкеп соқтырмаған жағдайда, уәкiлеттi орган:
1) тиiстi облыстың жергiлiктi атқарушы органына мақта қолхаттарын бере отырып қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы ұсыныс енгiзедi;
2) мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап-арыз беруге бастама жасайды.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |