Bestprofi Logo

Қаулы № 1114 от 2004-10-28г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мәселелері

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1114 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже;

3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

2. Комитеттiң төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.

2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 134 қаулысымен. (22.10.2005 жылғы редакцияны қараңыз)

3. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 5 шілдедегi N 930 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 32-33, 295-құжат) 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1114 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi туралы ереже

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнiң шегiнде республикалық меншiк, жекешелендiру объектiлерiн басқару және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттік мониторингi салаларында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.

республикалық меншiк және жекешелендiру объектiлерiн басқарудың мемлекеттiк саясатын iске асыру;

республикалық меншiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтарын iске асыру;

заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық меншiк объектілерiнiң мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын бақылау;

республикалық меншiк объектiлерiн жекешелендiру және республикалық меншiктi сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау;

экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi болып табылады.

2. Комитеттiң өзiнiң мынадай аумақтық органдары бар:

мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитеттерi;

мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитеттерi.

3. Комитет өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан түседi.

Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

5. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен нормативтік құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ жеке қолданылатын құқықтық кесiмдердi шығарады.

6. Комитеттiң құрылымын, сондай-ақ штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

7. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 11.

7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2005. № 1063 қаулысымен. (19.05.2005 жылғы редакцияны қараңыз)

8. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi" мемлекеттiк мекемесi.

9. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

10. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.

Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Комитеттiң функциялары және құқықтары

11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) республикалық меншiк және жекешелендiру объектiлерiн басқару саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететін функциялар:

республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк (уәкiлеттi орган) құқығының субъектiсiн;

мемлекеттiң қатысуымен мемлекеттiк емес заңды тұлғалар органдарында Комитеттiң және мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қатысуын қамтамасыз етудi;

республикалық меншiк объектiлерiн жекешелендiру жөнiндегi комиссияның қызметiн ұйымдастыруды және қамтамасыз етудi;

республикалық меншiк объектілерiн сату алдындағы дайындықты ұйымдастыруды;

республикалық меншiк объектiлерiн жекешелендiрудiң түрлерiн және әдiстерiн анықтауды;

республикалық меншiк объектiлерiн жекешелендiру жөнiндегі саудаластықты ұйымдастыру мен жүргiзудi, республикалық меншiк объектілерiн сатып алу-сату шарттарын дайындауды және оның қорытындысын;

республикалық мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлген негiзгi қаражатты қабылдау-беру және есептен шығару мәселелерiн келiсудi;

республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату кезiнде жарғыларды, бөлу және тарату теңгерiмдерiн, сондай-ақ беру кесiмдерiн бекiтудi;

республикалық меншiк және жекешелендiру объектілерiн басқару мәселелерi жөнiндегi заңнаманы қолдану тәжiрибесiн талдауды және қорытындылауды;

республикалық меншiк мәселелерi бойынша мемлекеттің мүдделерiн бiлдiру және оның мүлiктiк құқықтарын қорғауды;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание