Toggle Dropdown
Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережесін бекіту туралы
Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі N 341 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 14 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4341
Редакция 05.08.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 12-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережесі бекітілсін.
2. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың Ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты жол полициясы қызметкерлерінің зерделеуін және орындауын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер вице-министрі Қ.Б.Өскенбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2006 жылғы 10 шiлдедегі
N 341 бұйрығымен бекітілген
Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережелері
1. Осы Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысына сәйкес әзірленді және көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Ереже ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мен меншік (бұдан әрі - оқу ұйымы) түріне қарамастан, жүргізуші кадрлар даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалар үшін орындауға міндетті болып табылады.
2. Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлауды және қайта
даярлауды ұйымдастыру
3. Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, сондай-ақ көлік құралының бір түрінен басқа түрін жүргізу құқығына қайта даярлау "А", "В", "С", "Д", "Е" санаттарындағы көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау бағдарламасына (1-қосымша) сәйкес жүзеге асырылады. Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау және қайта даярлау мерзімі оқу бағдарламаларының көлеміне қарай екі айдан алты айға дейін бекітіледі.
4. "А", "В", "С", "Д" және "Е" санаттарындағы көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау денсаулығы белгіленген медициналық көрсетімдерге сәйкес келетін адамдар қатарынан жүзеге асырылады.
5. Жүргізушілерді даярлау, сондай-ақ бір көлік түрінен басқа көлік құралының түрін жүргізу құқығына қайта даярлау күндізгі немесе кешкі оқыту нысанында жүзеге асырылады. Оқыту бағдарламасын меңгерген адамдар оқу ұйымдарында толық оқыту курсы бойынша қорытынды аттестациядан өтеді және оқыту курсын бітіргені туралы куәлік (2-қосымша) алады.
3. Оқу процесін ұйымдастыру
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7. Білім беру процесін ұйымдастыру оқу ұйымы дербес әзірлейтін және бекітетін әрбір пән бойынша оқу жоспарымен және бағдарламаларымен, сондай-ақ көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың кесте-жоспарымен, сабақ кестелерімен және жүргізуге үйрету кезегінің кестесімен регламенттеледі. Оқыту ұйымы оқушылардың аралық аттестациясын бағалау, оның нысаны, тәртібі және мерзімділігі жүйесін таңдауды дербес жүзеге асырады.
өз құзыретіне жатқызылған функциялардың орындалуына;
көлік құралын жүргізушілерді даярлаудың оқу жоспарына және жоспар-кестесіне сәйкес оқу бағдарламаларының толық көлемде жүзеге асырылуына;
оқушыларды даярлаудың жоғары сапасына;
білім беру процесі кезінде оқушылар мен оқу ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына;
оқушылар мен оқу ұйымы қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол берілмеуіне;
көлік құралдарының техникалық ақаусыз күйде ұсталуына және жүргізуге өндірістік үйрету шеберлерін рейс алдындағы медициналық тексерудің ұйымдастырылуына жауап береді.
9. Автомобильдердің техникалық жай-күйін тексеру және рейс алдындағы медициналық тексеруден өткізу жол парағында (3-қосымша) көрсетіледі, ол меншік нысанына қарамастан, оқыту процесінде пайдаланылатын барлық жаттығу көлік құралдарына күн сайын жазылады.
10. Оқу ұйымдарына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте оқу процесінің бұзылуына ықпал ету шаралары қолданылады.
11. Оқушыларды қабылдау оқуға түсуші арызының (5-қосымша) және білім беру қызметін көрсету туралы шарттың негізінде оқыту ұйымы бойынша бұйрық (4-қосымша) бойынша жүзеге асырылады.
12. Азаматтарды оқуға қабылдау мынадай құжаттарды ұсынғаннан кейін жүргізіледі:
1) "А", "В", "С" және "Д" санаттарындағы көлік құралдарын жүргізу құқығына жүргізушілер даярлау үшін:
тиісті көлік құралын жүргізуге жарамдылығы туралы медициналық анықтама;
3,5 х 4,5 өлшеміндегі фотосуреті;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) көлік құралын жүргізу құқығына жүргізушілерді қайта даярлау үшін, жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа - жүргізуші куәлігінің көшірмесі мен жүргізушінің жеке карточкасы;
3) "Е" санатындағы көлік құралын жүргізу құқығына жүргізушілерді қайта даярлау үшін жүргізушінің кемінде 12 ай жұмыс өтілін растайтын құжаты қажет;
4) "Д" санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізушілерді даярлау үшін адам жиырма бір жасқа толу керек, кем дегенде үш жыл жүргізуші өтілі, оның ішінде "С" санатына жататын көлік құралдарын кем дегенде бір жыл басқару өтілі болу қажет.
13. Оқушыларды даярлап шығару оқыту ұйымының бұйрығымен (6-қосымша) ресімделеді.
14. Көлік құралын жүргізушілерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі оқу топтарындағы адамдар саны 15-тен 30-ға дейін болады.
15. Оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды ұйымдастыру мақсатында сабақ басталғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей оқыту ұйымы бекітілген нысандағы оқушылар тізімін (7-қосымша) ұсына отырып, әрбір оқу тобын жол полициясының тіркеу-емтихан бөлімшесінде тіркейді.
16. Біліктілік емтихандарын қабылдауды ретке келтіру және жүргізуші құқығын алуға үміткерлерді көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің деректер базалары бойынша алдын ала тексеру мақсатында оқу ұйымдары оқу аяқталуға кемінде 30 күн бұрын жол полициясының тіркеу-емтихан бөлімшесіне әрбір оқу тобындағы оқушылар тізімін және оқу аяқталатын күнді көрсете отырып, біліктілік емтихандарын қабылдау туралы тапсырыс жібереді.
17. Теориялық, практикалық-зертханалық, практикалық және бақылау сабақтары оқытудың негізгі нысандары болып табылады.
Әрбір пән бойынша теориялық сабақтар әдетте, күніне екі сағаттан, ал практикалық-зертханалық сабақтар 4-6 сағаттан аспайтындай етіп жоспарлануы керек. Бір күн ішінде автомобиль жүргізуді үйренушіге автотренажерда - бір сағаттан аспайтын, "Колоннада жүру" жаттығуын, сондай-ақ төрт сағат ішінде көзделетін жүк тасымалдаумен байланысты жаттығуларды қоспағанда, жаттығу автомобилінде екі сағаттан аспайтын уақыт үйретуге рұқсат етіледі.
18. Теориялық және практикалық-зертханалық оқу сабағының ұзақтығы - 45 минут, тапсырма беру, қорытынды жасау, құжаттама ресімдеу және оқушылар ауысымы уақытын қоса алғанда, автомобиль жүргізу жөніндегі практикалық сабақтардың ұзақтығы - 60 минут. 90 минут ішінде үзіліссіз практикалық-зертханалық сабақ жүргізуге жол беріледі. Оқу уақытының ұзақтығы жұмыс күндері 4 сағаттан, демалыс алдындағы және демалыс күндері - 6 сағаттан аспауға тиіс.
19. Теориялық сабақтарды оқытушы, ал автомобиль құрылғылары мен оған техникалық қызмет көрсету бойынша практикалық-зертханалық сабақтарды - өндірістік үйрету шеберімен бірлесіп оқытушы жүргізеді, автомобильді жүргізу бойынша практикалық сабақтарды көлік жүргізуге өндірістік үйрету шебері әрбір оқушымен жеке жүргізеді. Автомобиль құрылғылары мен оған техникалық қызмет көрсету және жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық-зертханалық сабақтар бір немесе бірнеше тақырып бойынша тиісті теориялық материалды зерделегеннен кейін бригадалық тәсілмен жүргізіледі.
20. Жаңа материалды зерделеу мақсатында теориялық сабақтар оқу тобының құрамымен арнайы жабдықталған кластарда (кабинеттерде) жүргізіледі
22. Теориялық білімді бекіту және үйренетін техникада жұмыс істеудегі оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында практикалық-зертханалық сабақтар автомобиль құрылғылары мен оған техникалық қызмет көрсету зертханаларында өткізіледі.