Toggle Dropdown
Заң күшi бар Мемлекеттiк қызмет туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 26 желтоқсан N 2730. Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134 Заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының
4-тармағын iске асыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметiн
ұйымдастыру негiздерiн, мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық
жағдайын, олардың әлеуметтiк қорғалуын айқындау және мемлекеттiк
қызмет саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында, "Қазақстан
Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша
өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасы Заңының
1-бабына сәйкес осы Жарлықты шығарамын.
I ТАРАУ
Жалпы ережелер
1-бап. Мемлекеттiк қызмет
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк қызмет-азаматтардың
мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарында конституциялық
негiзде жүзеге асырылатын және мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыруға,
мемлекеттiң өзге де мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға
бағытталған кәсiби қызметi.
2-бап. Мемлекеттiк қызметтiң принциптерi
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi:
1) заңдылық;
2) мемлекеттiк билiктiң заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;
3) азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдында басымдығы;
4) мемлекеттiк қызметтiң жалпыға ашықтығы, яғни өздерiнiң қабiлетi мен кәсiби даярлығына сәйкес азаматтардың оған кiруге тең құқылығы;
5) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруге ерiктiлiгi;
6) өз өкiлеттiктерi шегiнде жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған шешiмдердiң төменгi мемлекеттiк органдар қызметшiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттiлiгi;
7) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы мен есеп берiп отыруы;
8) барлық азаматтар мен лауазымды адамдар үшiн мемлекеттiк қызметшiлердiң заңды талаптарын орындаудың мiндеттiлiгi;
9) мемлекеттiк құпия және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялықты ескеру;
10) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;
11) мемлекеттiк қызметшiлердi көтермелеу және өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны үшiн және өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн мемлекеттiк қызметшiлердiң жеке жауапкершiлiгi;
12) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiпқойлығы мен жоғары бiлiгi;
13) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет перспективасы;
14) мемлекеттiк қызметтiң үзiлiссiздiгiнiң мемлекеттiк қызмет кадрларының сабақтастығымен және оларды алмастырып отырумен үйлесу принциптерiне негiзделедi.
2. Мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарында саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.
3-бап. Осы Жарлықтың күшi қолданылатын лауазымды және өзге тұлғалар
1. Осы Жарлықтың күшi заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгiнде;
2) Парламенттiң, Үкiметтiң, Жоғарғы Соттың, Республиканың өзге соттарының, Конституциялық Кеңесiнiң, Республика орталық сайлау комиссиясының аппараттарында;
3) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн Республиканың мемлекеттiк органдары мен олардың аппараттарында;
4) министрлiктерде, мемлекеттiк комитеттер мен Үкiмет құрамына кiрмейтiн өзге де орталық атқарушы органдар мен олардың аппараттарында;
5) жергiлiктi атқарушы органдар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнде, мәслихаттар мен әкiмдердiң аппараттарында мемлекеттiк лауазымдарды атқаратын Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады.
2. Конституцияға және осы Жарлықпен реттелмеген бөлiгiнде Республиканың арнаулы заң актiлерiне сәйкес:
1) Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерiнiң;
2) Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Төрағаның орынбасарының, хатшысы мен мүшелерiнiң құқықтық мәртебесi анықталады.
3. Республика Конституциясына және Республиканың арнаулы заң актiлерiмен реттелмеген бөлiгiнде осы Жарлыққа сәйкес:
1) Ұлттық Банк Төрағасының;
2) Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң;
3) Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Соты алқаларының төрағалары мен судьяларының, облыстық (оларға теңестiрiлген соттары) және аудандық соттары судьяларының;
4) Республиканың Бас Прокуроры мен төменгi прокурорларының;
5) Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Мемлекеттiк тергеу комитетi төрағаларының;
6) Ұлттық Банк, оның органдары мен бөлiмшелерi, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдары, Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң; дипломатиялық қызметтегi қызметкерлердiң;
7) әскери қызметшiлердiң құқықтық мәртебесi анықталады.
4-бап. Осы Жарлықтың күшi қолданылмайтын лауазымды және өзге тұлғалар
1) құқықтық мәртебесi Республиканың Конституциясымен және тиiстi конституциялық заңымен анықталатын Қазақстан Республикасының Президентiне;
2) құқықтық мәртебесi Республиканың Конституциясымен және тиiстi конституциялық заңымен анықталатын Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының, Мәжiлiсiнiң төрағалары мен Республика Парламентiнiң депутаттарына;
3) құқықтық мәртебесi Республиканың Конституциясымен және тиiстi заңымен анықталатын мәслихаттар депутаттарына қолданылмайды.
5-бап. Мемлекеттiк органдардың кадр қызметi
Мемлекеттiк органдардың кадр қызметi:
1) мемлекеттiк қызметшiлердiң бос лауазымдарына орналасуға конкурстар өткiзудi, аттестациялауды, мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет лауазымдарына орналасқан кезде сынақтан өтуiн қамтамасыз етедi;
2) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне байланысты шешiмдерiн ресiмдейдi, мемлекеттiк қызметшiлердiң жеке iстерiн жүргiзедi, мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбек ету тiзiмдерiне қажеттi жазбаларды енгiзедi;
3) мемлекеттiк қызметшiлерге олардың құқықтық жағдайының мәселелерi жөнiнде консультациялар бередi, мемлекеттiк қызметке байланысты шектеулердiң сақталуын бақылайды;
4) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби даярлығының деңгейiне талдау жасайды, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау (қайта мамандау) мен бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
5) нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген өзге де
өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
6-бап. Мемлекеттiк қызмет туралы заңдар
1. Мемлекеттiк қызмет туралы заңдар Республика
Конституциясынан, осы Жарлықтан, Республиканың өзге де нормативтiк
құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Осы Жарлықпен реттелмеген мемлекеттiк қызметпен байланысты
қатынастар Республиканың еңбек, зейнетақы туралы және өзге де
заңдарымен реттеледi.
II ТАРАУ
Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық жағдайы
7-бап.Мемлекеттiк лауазым және мемлекеттiк қызметшi
1. Мемлекеттiк лауазым-оны атқаратын адамның өкiлеттiгiнiң мазмұны мен көлемiн бейнеленетiн мемлекеттiк орган мен оның аппаратының құрылымдық бiрлiгi.
2. Ақы төленетiн мемлекеттiк лауазымды атқаратын және заңдарға сәйкес мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында мемлекеттiк органның атынан лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттiк қызметшi болып табылады.
3. Мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарына техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және олардың жұмысын қамтамасыз ететiн адамдар мемлекеттiк қызметшiлерге жатпайды. Мұндай адамдардың тiзбесiн Республика Үкiметi белгiлейдi.
8-бап.Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарын сыныптау
1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдарын сыныптаудың негiзгi өлшемдерi олар мемлекеттiк қызметтi жүзеге асыратын органдардың ұйымдық-құқықтық деңгейi, олардың нақты лауазымдағы құзыретiнiң көлемi мен сипаты, лауазымның мемлекеттiк орган құрылымындағы рөлi мен орны болып табылады.
2. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының мынадай санаттары белгiленедi;
1) жоғары санат - Премьер-Министрдiң; Мемлекеттiк хатшының; Президент Әкiмшiлiгi Басшысының, Премьер-Министрдiң орынбасарларының лауазымдары;
2) бiрiншi санат - Үкiмет Аппараты Басшысының; Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк орган басшысының; министрлердiң, мемлекеттiк комитеттер төрағаларының; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы әкiмдерiнiң; Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының; Президент Әкiмшiлiгi мен Үкiмет Аппараты басшылары орынбасарларының; Республика Президентiнiң көмекшiлерi мен кеңесшiлерiнiң; Президент өкiлдерiнiң; Парламент Палаталары аппараттары басшыларының; Президент Әкiмшiлiгi құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының; Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар басшыларының лауазымдары;
3) екiншi санат - Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшылары орынбасарларының; министрлердiң орынбасарларының; мемлекеттiк комитеттер төрағалары орынбасарларының; облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы әкiмдерi орынбасарларының; Парламент Палаталары аппараттарының басшылары орынбасарларының; Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы орынбасарының, хатшысы мен мүшелерiнiң; Президент Әкiмшiлiгi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары орынбасарларының, мемлекеттiк инспекторларының; Үкiмет өкiлдерiнiң; Үкiмет пен Парламент Палаталары аппараттарының құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының; Парламент Сенаты Төрағасы мен Мәжiлiсi Төрағасының, Премьер-Министрдiң көмекшiлерi мен кеңесшiлерiнiң және олардың орынбасарларының; Президент Әкiмшiлiгi сектор меңгерушiлерiнiң; Үкiмет пен Парламент Палаталары аппараттары құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары орынбасарларының; Үкiмет құрамына кiрмейтiн өзге де орталық атқарушы органдар басшылары орынбасарларының; аудандар мен облыстық бағыныстағы қалалар әкiмдерiнiң лауазымдары;
4) үшiншi санат - Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар департаменттерi, агенттiктерi, комитеттерi басшыларының; басқармалары мен дербес бөлiмдерi бастықтарының; бiрiншi басшыларының, министрлердiң, мемлекеттiк комитеттер төрағаларының, сондай-ақ Үкiмет құрамына кiрмейтiн өзге орталық атқарушы органдар бiрiншi басшыларының көмекшiлерi мен кеңесшiлерiнiң; Үкiмет пен Парламент Палаталарының аппараттары секторлары меңгерушiлерiнiң; Президент Әкiмшiлiгiнiң, Үкiмет пен Парламент Палаталары аппараттарының бас және аға сарапшыларының, консультанттарының, сарапшыларының аға референттерiнiң, референттерiнiң лауазымдары;
5) төртiншi санат - Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, сондай-ақ Үкiмет құрамына кiрмейтiн өзге де орталық атқарушы органдардың департаменттерiнiң, агенттiктерiнiң, комитеттерiнiң, басқармаларының, дербес бөлiмдерiнiң бастықтары орынбасарларының және бөлiм бастықтарының; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергiлiктi атқарушы органдарының басқармалары, бөлiмдерi, қызметтерi басшыларының лауазымдары;
6) бесiншi санат - аудандар мен облыстық бағыныстағы қалалар әкiмдерi орынбасарларының; Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, сондай-ақ Үкiмет құрамына кiрмейтiн өзге де орталық атқарушы органдардың бас, жетекшi мамандарының; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының жергiлiктi атқарушы органдары басқармаларының, бөлiмдерiнiң, қызметтерiнiң басшылары орынбасарларының; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы мәслихаттары аппараттарының, жергiлiктi атқарушы органдарының бас және жетекшi мамандарының лауазымдары;
7) алтыншы санат - аудандық және облыстық маңызы бар қалалық, қалалардағы аудандық жергiлiктi атқарушы органдар басқармалары, бөлiмдерi, қызметтерi басшыларының; аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттары аппараттарының құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергiлiктi атқарушы органдары, селолық, поселкелiк, аудандық бағыныстағы қалалық жергiлiктi атқарушы органдар басқармаларының, бөлiмдерiнiң, қызметтерiнiң, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттары аппараттары мамандарының лауазымдары;
8) жетiншi санат - аудандық, облыстық бағыныстағы қалалық, қалалардағы аудандық жергiлiктi атқарушы органдардың, селолық, поселкелiк, аудандық бағыныстағы қалалық жергiлiктi атқарушы органдардың, олардың бөлiмдерiнiң; аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттары аппараттары мамандарының лауазымдары.
3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының санаттарына өзгертулердi қажет болған жағдайда Республика Президентi енгiзедi.
4. Осы бапта аталған мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының санаттарына осы бапта атап көрсетiлмеген мемлекеттiк қызметшiлердiң қолданылып жүрген лауазымдарын енгiзудi, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлердiң жаңа лауазымдарын енгiзудi Республика Президентi жүргiзедi.
9-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiк сыныптары
1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiк сыныптары тиiстi санаттардағы мемлекеттiк қызметшiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби даярлығы деңгейiнiң сәйкестiгiн көрсетедi.
2. Жоғары, бiрiншi және екiншi санаттардағы мемлекеттiк қызметшiлерге бiлiктiлiк сыныптары атқаратын лауазымына, кәсiби бiлiктiлiгi мен жұмысының нәтижелерiне сәйкес берiледi.
3. Үшiншi - жетiншi санаттардағы мемлекеттiк қызметшiлерге кезектi бiлiктiлiк сыныптары аттестациялау нәтижелерi бойынша белгiленедi.
4. Аттестациялау мемлекеттiк қызметшiнiң бастамашылығы бойынша оған аттестациялаудың нәтижелерi бойынша кейiннен басқа лауазымға ауыстырмай кезектi бiлiктiлiк сыныбын беру үшiн жүргiзiлуi мүмкiн.
5. Бiлiктiлiк сыныптарын беру мен олардан айыру, өзге мемлекеттiк лауазымдарға ауыстырған кезде оларды сақтау, аттестациялауды жүргiзу тәртiбi Республика Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiк сыныптары туралы ережемен, сондай-ақ өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
6. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мынадай бiлiктiлiк сыныптары белгiленедi:
1) жоғары санатқа жатқызылған лауазымдарды атқаратын
қызметшiлерге жоғары, 1 және 2 сыныптар берiлуi мүмкiн;
2) бiрiншi санатқа жатқызылған лауазымдарды атқаратын
қызметшiлерге 3 және 4 сыныптар берiлуi мүмкiн;
3) екiншi санатқа жатқызылған лауазымдарды атқаратын
қызметшiлерге 5 және 6 сыныптар берiлуi мүмкiн;
4) үшiншi санатқа жатқызылған лауазымдарды атқаратын
қызметшiлерге 7 және 8 сыныптар берiлуi мүмкiн;
5) төртiншi санатқа жатқызылған лауазымдарды атқаратын
қызметшiлерге 9 және 10 сыныптар берiлуi мүмкiн;
6) бесiншi санатқа жатқызылған лауазымдарды атқаратын
қызметшiлерге 11 және 12 сыныптар берiлуi мүмкiн;
7) алтыншы санатқа жатқызылған лауазымдарды атқаратын
қызметшiлерге 13 және 14 сыныптар берiлуi мүмкiн;
8) жетiншi санатқа жатқызылған лауазымдарды атқаратын
қызметшiлерге 15 және 16 сыныптар берiлуi мүмкiн.
7. Осы баптың 6-тармағында белгiленген бiлiктiлiк сыныптарына қажет болған жағдайда Республика Президентi өзгертулер енгiзедi.
8. Конституцияның 44-бабының 13)-тармақшасына сәйкес Республика Президентi жоғары, 1,2,3 және 4 бiлiктiлiк сыныптарын, сондай-ақ Республика Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы орынбасарының, хатшысы мен мүшелерiнiң лауазымдарына сәйкес келетiн бiлiктiлiк сыныптарын бередi.
9. Бiлiктiлiк сыныптарын, Республика Президентi беретiн бiлiктiлiк сыныптарын қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiстi лауазымдарға тағайындаған мемлекеттiк органдар немесе лауазымды адамдар бередi.
10. Мемлекеттiк қызметке қабылдау кезiнде қызметшiлерге лауазымдардың тиiстi санаттары шегiнде бiлiктiлiк сыныптары берiледi.
11. Лауазымның тиiстi санаты шегiнде кезектi бiлiктiлiк сыныбы берiлуi үшiн мемлекеттiк қызметшi атқаратын лауазымында кемiнде екi - үш жыл мiнсiз жұмыс атқаруға тиiс.
12. Аса жауапты мiндеттердi орындағаны үшiн мемлекеттiк қызметшiге лауазымдардың тиiстi санаты шегiнде кезектi бiлiктiлiк сыныбы мерзiмнен бұрын берiлуi мүмкiн.
13. Мемлекеттiк қызметшiнi заңдарда белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша бiлiктiлiк сыныбынан оған осы сыныпты берген мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам айыруы немесе төмендетуi мүмкiн.
14. Мемлекеттiк қызметшiге берiлген бiлiктiлiк сыныбы оның өзiнде сақталып қалады.
15. Мемлекеттiк қызметшiнiң еңбек кiтапшасындағы қызмет тiзiмiнде тиiстi бiлiктiлiк сыныбының берiлгенi, өзгертiлгенi және одан айырылғаны туралы жазба жасалады.
10-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң өкiлеттiктерi
1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң өкiлеттiктерi:
1) мемлекеттiк органдар алдында тұрған мақсаттарға және мiндеттерге әрi олар атқаратын лауазымдарға қарай анықталады.
2) осы Жарлықта белгiленген құқықтар мен негiзгi мiндеттерден, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықтарда белгiленген өзге де мiндеттерден тұрады.
2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң осы Жарлықта белгiленген негiзгi мiндеттерi мен құқықтарынан туындайтын нақты мiндеттерi мен құқықтары типтiк бiлiктiлiк сипаттамалар негiзiнде анықталады және тиiстi мемлекеттiк органдардың басшылары бекiтетiн лауазымдық нұсқаулықтарда көрiнiс табады.
11-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттері
1) Республика Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
2) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;
3) өздерiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiктердi жүзеге асыруға;
4) мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн сақтауға;
5) қызмет этикасының нормаларын сақтауға;
6) басшыларының бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың өкiлеттiктерi шегiнде шығарылған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
7) мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, соның iшiнде мемлекеттiк қызметтi доғарғаннан кейiн де бұл жайында қолхат бере отырып, сақтауға;
8) қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде алынған, азаматтардың жеке өмiрiне, ар-намысы мен қадiр-қасиетiне қатысты, мәлiметтердi құпия сақтауға әрi заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат берудi талап етпеуге;
9) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;
10) қызметтiк мiндеттерiн ұтымды атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн көтеруге мiндеттi.
12-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары
1) азаматтарға Республика Конституциясы мен заңдары арқылы кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкiлеттiгiнiң шегiнде мәселелердi қарауға және солар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, оларды тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың орындауын талап етуге;
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi ақпарат пен материалдарды алуға;
4) лауазымдық мiндеттерiн атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарға баруға;
5) мемлекеттік қызметшi атқаратын лауазымға сәйкес мiндеттер мен қызметтiк өкiлеттiктер көлемiнiң дәл анықталуын басшыдан талап етуге;
6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар мен азаматтар тарапынан өзiне әдiлеттi және сыпайы қарым-қатынас жасалуына;
7) өзi атқаратын лауазымға, жұмыс сапасына, тәжiрибесiне, стажына және осы Жарлықпен белгiленген өзге де негiздерге қарай еңбегiнiң тиiсiнше ынталандырылуына және оған ақы төленуiне;
8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлауға (қайта мамандануға) және қызмет бiлiктiлiгiн арттыруға;
9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажеттi жағдайларда жеке түсiнiктер беруге;
10) бiлiктiлiгi мен қабiлетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескерiле отырып, қызмет бабында жоғарылауға;
11) қызметшiнiң пiкiрiнше, негiзсiз айып тағылған ретте қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
12) еңбегiнiң қорғалуына, залалсыз, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
14) мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша шығуға;
15) әлеуметтiк сақтандыруға және зейнетақымен қамсыздандырылуға;
16) Республика заңдарында белгiленген рет пен тәртiп бойынша қызметтiк-штаттық қаруға;
17) жоғары мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
13-бап. Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер
1. Мемлекеттiк қызметшiнiң:
1) өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн өзi басқару органдарының мүшесi болуға;
2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, ақы төленетiн басқа жұмыспен шұғылдануға;
3) кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануға, соның iшiнде, егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқаруға тiкелей қатысу өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне кiрмесе, оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқаруға қатысуға;
4) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе бақылауындағы мемлекеттiк органда үшiншi тұлғалардың iстерi бойынша өкiл болуға;
5) өзiнiң қызметтiк мiндетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;
6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты
жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi
келтiретiн iс-қимылдарға қатысуға;
7) лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты жеке мақсаты
үшiн азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметтерiн пайдалануға хақы
жоқ.
2. Мемлекеттiк қызметшi мемлекеттiк қызмет өткеру уақытында
коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы өзiнiң меншiктi
үлесiн (акциялар пакетiн) заңдарда белгiленген тәртiппен сенiм
бiлдiрiлген басқаруға беруге мiндеттi.
III ТАРАУ
Мемлекеттiк қызметке кiру
14-бап. Мемлекеттiк қызметке кiру құқығы
1. Мемлекеттiк қызметке кiруге Республика азаматтарының құқығы
бар. Мемлекеттiк қызметшi лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар
лауазымдық мiндеттердiң сипатына ғана байланысты болады.
2. Егер Республика заңдарымен, халықаралық шарттарымен,
сондай-ақ Президентiмен өзгеше көзделмесе, онда шетел азаматтары мен
азаматтығы жоқ адамдар мемлекеттiк қызметке қабылдануға тиiс емес.
15-бап. Мемлекеттiк қызметке кiрген
кезде қойылатын талаптар
1. Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға
сәйкес келуге:
1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;
2) егер Республика заңдарымен мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының тиiстi санаттарына қатысты өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiзден кем болмауға;
3) тиiстi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн қажеттi бiлiмi мен кәсiби даярлық деңгейi, сондай-ақ заңдарда көзделген жағдайларда жұмыс стажы болуға тиiс.
2. Мемлекеттiк қызметке кiрген кезде азамат салық қызметi органдарына салық салу объектiлерi болып табылатын өзiнiң алған табыстары мен өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiгi туралы мәлiметтер тапсыруға мiндеттi. Осы аталған мәлiметтер салық қызметi органдарының қызметтiк құпиясын құрайды.
3. Мемлекеттiк қызметке орналасу мемлекеттiк қызметшi кадрлар туралы республикалық деректер орталығына алдын ала сұрау салу және азаматтардың мiндеттi арнайы тексеруден өтуi ретiмен жүзеге асырылады.
16-бап. Мемлекеттiк қызмет лауазымдарын атқарудың тәсiлдерi мен тәртiбi
1. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының жоғары, бiрiншi, екiншi санаттарымен көзделген лауазымдарға орналасу Республика Конституциясы мен заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының үшiншi - жетiншi санаттарында көзделген лауазымдарға орналасу тағайындау тәртiбiмен не бес жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы және ол өткеннен кейiн қайта жасалуы мүмкiн контракт шарттарымен жүзеге асырылады. Типтiк контрактыны Республика Үкiметi бекiтедi.
17-бап. Мемлекеттiк қызметтегi бос лауазымға орналасу үшiн конкурс
1. Мемлекеттiк қызметтегi лауазымға орналасу үшiн конкурс (бұдан әрi - конкурс):
1) азаматтардың мемлекеттiк қызметке бiрдей орналасу құқығын қамтамасыз етедi;
2) мемлекеттiк қызмет лауазымдарының үшiншiден бастап жетiншiсiн қоса алғандағы санаттары бойынша бос лауазымға орналасу үшiн өткiзiледi.
1) осы Жарлықтың 15-бабында белгiленген талаптар сақтала отырып, жарияланған сәтiнен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмнiң iшiнде оған қатысуға өтiнiш берген азаматтардың арасында;
2) құжаттар конкурс нысанында өткiзiледi.
3. Мемлекеттiк қызметшiлер оны өткiзу сәтiнде өздерiнiң қандай лауазымдар атқаратынына қарамастан, конкурсқа қатысуға хақылы.
1) оны тиiстi мемлекеттiк органның басшысы сол органның кадр қызметiнiң ұсынуымен құрады;
2) конкурсқа қатысушыларды бiлiмi туралы, мемлекеттiк қызметтi және өзге де еңбек қызметiн өткеруi туралы құжаттардың, сондай-ақ ұсыныстардың, тест нәтижелерi мен тиiстi мемлекеттiк органдардың шешiмi бойынша берiлетiн басқа құжаттардың негiзiнде бағалайды.
5. Конкурсқа әрбiр қатысушыға конкурс нәтижелерi туралы ол аяқталғаннан кейiнгi бiр ай мерзiм iшiнде жазбаша түрде хабарланады.
6. Конкурстық комиссияның шешiмi тиiстi мемлекеттiк лауазымға ұсынылған азаматпен контракт жасасу немесе осындай контракт жасасудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.
7. Конкурсты өткiзудiң тәртiбi мен өзге де шарттары Республиканың нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
Мемлекеттiк қызметтi өткеру және қызметтегi мансап
18-бап. Мемлекеттiк қызметтегi сынақ
1. Мемлекеттiк қызметке қабылданатын азамат үшiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшi үшiн оны жоғары тұрған санаттағы лауазымға ауыстыру кезiнде үш айға дейiнгi мерзiмге сынақ белгiленуi мүмкiн.
2. Мемлекеттiк қызметшi дәлелдi себептермен қызметте болмаған кезең сынақ мерзiмiне есептелмейдi.
3. Мемлекеттiк қызметшiге сынақ кезеңiнде осы Жарлықтың күшi қолданылады.
4. Мемлекеттiк қызметшiге сынақ мерзiмi аяқталғанға дейiн кезектi бiлiктiлiк сыныбы берiлмейдi.
5. Сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған ретте мемлекеттiк қызметшi бұрынғы немесе мемлекеттiк қызметтегi басқа лауазымға ауыстырылуы немесе қызметтен шығарылуы мүмкiн.
6. Егер сынақ мерзiмi өтiп кеткенмен мемлекеттiк қызметшi мемлекеттiк қызметтi одан әрi атқарып жүрген болса, ол сынақтан өткен болып саналады әрi бұдан кейiн оны қызметтен босатуға заңмен көзделген негiздер бойынша ғана жол берiледi.
7. Осы бапта көзделген сынақ адамдарды жоғары, бiрiншi және екiншi санаттағы мемлекеттiк лауазымдарға тағайындаған кезде қолданылмайды.
19-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi аттестациялау
1. Мемлекеттiк қызметшiлер өздерi атқаратын лауазым мен қызметiнiң перспективасына сәйкестiгiн анықтау, олардың кәсiптiк даярлығының, құқықтық мәдениетiнiң деңгейiн, азаматтармен жұмыс iстеу қабiлетiн бағалау мақсатымен кемiнде үш жылда бiр рет аттестациядан өтедi.
2. Аттестациялық комиссияны мемлекеттiк органның басшысы сондағы кадр қызметiнiң ұсынуымен құрады.
3. Аттестациялық комиссия мемлекеттiк қызметшiнi атқаратын мемлекеттiк лауазымына сәйкес келмейдi деп тапқан жағдайда ол кәсiптiк қайта даярлауға жiберiлуi немесе лауазымының төмендетiлуi, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк органның басшысы оның сыныбын төмендетуi мүмкiн.
4. Жоғары, бiрiншi және екiншi санаттағы мемлекеттiк лауазымдардағы мемлекеттiк қызметшiлер аттестациялауға жатпайды.
5. Мемлекеттiк қызметшiлердi аттестациядан өткiзудiң тәртiбi мен шарттары Республиканың нормативтiк актiлерiмен белгiленедi.
20-бап. Мемлекеттiк қызметтегi жоғарылау
1. Мемлекеттiк қызметшінің қызмет бабындағы жоғарылауы оны жоғары тұрған лауазымға өсiру немесе оған неғұрлым жоғары бiлiктiлiк сыныбын беру жолымен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметте жоғарылаған кезде жұмыста барынша жақсы нәтижелерге жеткен, бастамашыл, өзiнiң кәсiптiк деңгейiн тұрақты түрде арттырып отыратын және кадр резервiне алынған мемлекеттiк қызметшiлер басым құқықпен пайдаланады.
3. Мемлекеттiк қызметтегi жоғарылау:
1) осы Жарлықта белгiленген мемлекеттiк қызмет лауазымдарының санаттарына және бiлiктiлiк сынаптарына сәйкес:
2) мемлекеттiк қызметшiлер салық қызметi органдарына өздерiнiң тапқан табысы және меншiк құқығы бойынша оларға тиесiлi салық төлеу объектiсi болып табылатын мүлiк жөнiнде мәлiметтер табыс еткен жағдайда, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына сұрау салу арқылы жүзеге асырылады.
21-бап. Жұмыс уақыты мен қызметтiк iссапар
1. Жұмыс уақытының ұзақтығы, сондай-ақ нормаланбаған жұмыс күнi үшiн өтем жасау кепiлдiктерi мен тәртiбi және мемлекеттiк қызметшiлердi демалыс пен мереке күндерiнде жұмысқа тарту Республиканың еңбек туралы заңдарымен белгiленедi.
2. Мемлекеттiк қызметшiлерге қызметтiк iссапар, оның iшiнде шет
мемлекеттерге iссапар шығындары өтеледi, оларға Республика
заңдарында көзделген өтем алу кепiлдiктерi мен құқықтары қолданылады.
22-бап. Мемлекеттiк қызметте болудың шектi жасы
1. Мемлекеттiк қызметте болудың шектi жасы алпыс жас.
2. Кәсiби деңгейi жоғары адамдарға әрi олардың жұмыс қабiлетiн
ескерiп, тиiстi мемлекеттiк органның басшысы мемлекеттiк қызметте
болуының мерзiмiн ұзартуы мүмкiн, бiрақ бұл мерзiм бес жылдан
аспауға тиiс.
V ТАРАУ
Мемлекеттiк қызметшiлердi қамтамасыз ету
23-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң
еңбегiне ақы төлеу
1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу қызметтiк мiндеттердi сөзсiз әрi барынша толық орындау үшiн жеткiлiктi материалдық жағдайларды қамтамасыз етуге, мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарын бiлiгi жоғары және тәжiрибелi кадрлармен толықтыруға, олардың адал да бастамашыл еңбегiн ынталандыруға тиiс.
2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбекақысы лауазымдық жалақылардан, бiлiктiлiк сыныптары үшiн, мемлекеттiк қызметте еңбек сiңiрген жылдары үшiн қосымша төлемдерден, сыйақы мен басқа да үстеме ақыдан тұрады.
3. Мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық жалақылары осы Жарлықтың 8-бабында көзделген санаттарға сәйкес белгiленедi.
4. Сынып үшiн қосымша төлем мемлекеттiк қызметшiге берiлген бiлiктiлiк сыныбына сәйкес жүргiзiледi.
5. Әскери және өзге де атақтары, сыныптық шендерi, дипломатиялық дәрежелерi бар мемлекеттiк қызметке ауыстырылған (iссапарға жiберiлген) адамдарға мемлекеттiк қызметшiнiң тиiстi сыныбы берiледi, бұған дейiн берiлген атақтары, шендерi мен дәрежелерi сақталады. Аталған адамдардың еңбегiне ақы төлеу осы Жарлыққа сәйкес жүргiзiледi.
6. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстеме ақы мемлекеттiк қызметшiлерге олар мiнсiз жұмыс iстеген жағдайда сыныбы үшiн қосымша ақысы қосылып, лауазымдық жалақысының жиынтық мөлшерiне процентпен есептелген және мемлекеттiк қызметтегi стажына қарай ай сайын мынадай мөлшерде төленедi: еңбек сiңiрген жылдары үш жыл болса - он бес, бес жыл болса - жиырма, он жыл болса - отыз, он бес жыл болса - қырық, жиырма жыл болса - елу процент.
7. Еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы төлеу үшiн мемлекеттiк қызмет стажы Үкiметтiң ұсынуы бойынша Республика Президентi бекiтетiн тиiстi Ережемен айқындалған тәртiп бойынша есептеледi.
8. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн Үкiмет әзiрлейдi және Премьер-Министр оны Республика Президентiнiң бекiтуiне ұсынады.
9. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбекақысы республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ егер бұл тиiстi мемлекеттiк орган туралы заңда көзделген жағдайда - нысаналы мақсаттағы мемлекеттiк қорлардың қаражаты есебiнен төленедi.
Бюджет қаржысының қысқаруы лауазымдық жалақыны, оларға жасалатын қосымша төлемдер мен үстеме ақыны кемiтуге, сондай-ақ осы Жарлықпен көзделген кепiлдiктердiң, жеңiлдiктер мен өтемдердiң қаржыландырылуын кемiтуге негiз бола алмайды.
24-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбек демалыстары
1. Мемлекеттiк қызметшiлерге ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күннен тұратын жыл сайынғы еңбек демалысы берiлiп, оларға сауықтыру үшiн екi лауазымдық жалақы мөлшерiнде жәрдемақы төленедi.
2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қалауына қарай жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы оларға бөлiнiп берiлуi мүмкiн.
3. Мемлекеттiк қызметшiге заңдарға сәйкес жалақысы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн.
25-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi адал еңбегi үшiн көтермелеу
1. Лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, мiнсiз мемлекеттiк
қызметi, аса маңызды әрi күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және
жұмыстағы өзге де жетiстiктерi үшiн мемлекеттiк қызметшiлер:
1) қызметi бойынша жоғары тұрған лауазымдарға жоғарылату
жолымен немесе кезектi бiлiктiлiк сыныбын мерзiмiнен бұрын беру
арқылы:
2) ақшалай сыйлықтармен;
3) ынталандырудың заңда көзделген өзге де түрлерi арқылы
көтермеленедi.
2. Ерекше еңбегi үшiн мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан
Республикасының наградаларымен наградталады.
26-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi
әлеуметтiк қорғау шаралары
1. Мемлекеттiк қызметшiлер заңда белгiленген тәртiппен тұрғын
үймен қамтамасыз етiледi.
2. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерi тегiн берiледi. Жер учаскелерiн беру шарттарын Республика Үкiметi айқындайды.
3. Мемлекеттiк қызметшiлер мен олардың бiрге тұрып жатқан отбасы мүшелерi белгiленген тәртiппен тиiстi денсаулық сақтау мекемелерiнде медициналық қызметтi пайдаланады.
4. Қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты өмiрi мен денсаулығына зиян келген, сондай-ақ қызметте болған кезеңiнде сырқаттанған немесе еңбек қабiлетiнен айрылған жағдайда, мемлекеттiк қызметшi мемлекеттiк тегiн сақтандырумен қамтамасыз етiледi.
5. Басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан ауысу тәртiбiмен мемлекеттiк қызметке қабылданған адамдарға екi жыл бойы егер олар мемлекеттiк қызметшi үшiн қазiргi лауазымына белгiленген деңгейден асатын болса, бұрынғы лауазымдағы орташа еңбекақысы мен жеңiлдiктерi сақталады. Осы Ереже Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден мемлекеттiк қызметке ауыстырылатын адамдарға қолданылмайды.
6. Мемлекеттiк орган таратылған немесе штат (адам саны) қысқартылған жағдайда мемлекеттiк органдарда кемiнде үш жыл жұмыс стажы болған ретте, мемлекеттiк қызметшiге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерiнде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленедi.
7. Мемлекеттiк қызметшi қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелерiне мемлекеттiк органдағы соңғы қызмет орны бойынша үш айлық лауазымдық жалақысы мөлшерiнде жәрдемақы төленедi, бұл ретте жәрдемақы мөлшерi қолданылып жүрген заңдарда белгiленген мөлшерден төмен болмауға тиiс.
26-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен. 27-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен және әлеуметтiк жағынан қамсыздандыру Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен қамсыздандыру және мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 27-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен. VI ТАРАУ Мемлекеттiк қызметтi тоқтату 28-бап. Мемлекеттiк қызметтi тоқтатудың негiздерi 1. Мемлекеттiк қызметтi тоқтату үшiн мыналар негiз болып табылады: 1) адамның өз еркi бойынша қызметтен шығуға өтiнiш беруi; 2) контракт мерзiмiнiң бiтуi немесе заңдарда көзделген негiздер бойынша контрактыны бұзу; 3) 3) мемлекеттiк қызметшiнiң осы Жарлықтың 22-бабында көзделген мемлекеттiк қызметте болудың шектi жасына жетуi; 4) мемлекеттiк қызметшiнiң өзiнiң табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi; 5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы; 6) Республика заңдарында көзделген өзге де негiздер.
2. Мемлекеттiк қызметшiнi лауазымынан босатуды мемлекеттiк лауазымға тағайындау (сайлау) құқығы берiлген тиiстi лауазымды адам (орган) жүргiзедi.
3. Заңсыз шығарылған жағдайда мемлекеттiк қызметшiнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.
29. Мемлекеттiк қызметшiнiң орнынан түсуi
1. Орнынан түсу - мемлекеттiк қызметшiнiң өзiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылатын тиiстi мемлекеттiк лауазымдағы мiндеттерiн атқаруын тоқтатуы.
2. Орнынан түсу қабылданады немесе одан мемлекеттiк қызметшiнi осы лауазымға тағайындаған (сайлаған) мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам дәлелдi түрде бас тартады. Орнынан түсудi қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешiм жазбаша өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қабылданады. Орнынан түсуi қабыл алынбаған жағдайда мемлекеттiк қызметшi қызметтiк мiндеттерiн атқаруды жалғастыра беруге тиiс және оның еңбек туралы заңдарда көзделген тәртiппен қызметтен босауға хақы бар.
3. Мемлекеттiк қызметшi Конституциямен, осы Жарлықпен, Республиканың өзге де заңдарымен белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша орнынан түседi. Лауазымдық мiндеттерiн өрескел бұзушылық, мемлекеттiк қызметте болумен сыйыспайтын қылықтар жасау мемлекеттiк қызметшiнiң орнынан түсуi үшiн негiз бола алмайды, оны қызметiнен шығару үшiн негiз болып табылады.
4. Орнынан түсу құқығын осы Жарлықтың 5-тармағында аталған лауазымды адамдар пайдаланады.
1)Республиканың Премьер-Министрi орнынан түскенде, Конституцияға сәйкес Үкiметтiң бүкiл құрамы орнынан түсетiн болады;
2) Президент Әкiмшiлiгiнiң басшысы орнынан түскенде, оның орынбасарлары мен Президент Әкiмшiлiгi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары орнынан түсетiн болады;
3) Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органның басшысы орнынан түскенде, оның орынбасарлары, департаменттердiң агенттiктердiң, комитеттердiң басшылары, басқармалар мен дербес бөлiмдердiң бастықтары, осы аталған мемлекеттiк органдар басшыларының көмекшiлерi мен кеңесшiлерi орнынан түсетiн болады:
4) министрлер, мемлекеттiк комитеттердiң төрағалары, сондай-ақ өзге орталық атқарушы органдардың басшылары орнынан түскенде, олардың орынбасарлары, департаменттердiң, агенттiктердiң, комитеттердiң басшылары, басқармалар мен дербес бөлiмдердiң бастықтары, осы аталған мемлекеттiк органдар басшыларының көмекшiлерi мен кеңесшiлерi орнынан түсетiн болады;
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының әкiмдерi орнынан түскенде, олардың орынбасарлары, аудандар мен облыстық бағыныстағы қалалардың әкiмдерi орнынан түсетiн болады:
6) Үкiмет аппаратының Басшысы орнынан түскенде, оның орынбасарлары, Үкiмет аппараты құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары орнынан түсетiн болады;
7) Парламент Палаталары аппараттарының басшылары орнынан түскенде, олардың орынбасарлары, Парламент Палаталары аппараттарының құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары орнынан түсетiн болады.
6. Зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жетпеген жоғары
санаттағы мемлекеттiк қызметшi денсаулық жағдайына байланысты орнынан
түскен жағдайда, оған ай сайын оның орташа айлық жалақысының елу
процентi төленедi.
7.
7. Зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен, еңбекке
орналастырылған, қылмысы үшiн сотталған жағдайда осы Жарлықтың
6-тармағында көзделген төлемдер тоқтатылады.
29-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19.
N 134-I Заңымен.
VII ТАРАУ
Мемлекеттiк қызмет туралы заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
30-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жауапкершiлiгi
1. Мемлекеттiк қызметшiнiң өзiне жүктелген мiндеттердi атқармағаны және тиiсiнше атқармағаны, лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны, сол сияқты мемлекеттiк қызметте болуға қатысты осы Жарлықта белгiленген шектеулердi сақтамағаны үшiн мемлекеттiк қызметшiге:
2) қызметiне толық сәйкес келмейтiнi туралы
3) кезектi сынып берудi немесе неғұрлым жоғары лауазымға тағайындауды бiр жылға дейiн кiдiрту;
4) мемлекеттiк қызметтен босату түрiнде тәртiптiк жазалар қолданылуы мүмкiн;
1) лауазымдық өкiлеттiктерiне сәйкес осындай құқықтары бар адамдар қолданады;
2) жасалуы заңда көзделген өзге жауапкершiлiкке әкелiп соғатын қылықтары үшiн тәртiптiк жаза қолданылуға тиiс емес.
3. Тәртiптiк жаза қолдану тәртiбi заңдарда белгiленедi.
4. Мемлекеттiк қызметшiлер қылмыс және өзгедей құқық бұзушылық
жасаған жағдайда заңдарда белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша
тиiсiнше қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық жауап бередi.
31-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң оларды жауапкершiлiкке
тартқан кездегi құқықтарының кепiлдiктерi
1. Мемлекеттiк қызметшi оны жауапкершiлiкке тартуға байланысты
барлық материалдармен танысуға хақылы.
2. Мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның әрекеттерi мен
шешiмдерiне жауапкершiлiкке тартылған мемлекеттiк қызметшiнiң не
жоғары тұрған органға, лауазымды адамға не сотқа шағым жасауына
болады.
32-бап. Мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды бұзғаны
үшiн өзге адамдардың жауапкершiлiгi
Мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi өзге
адамдар Республика заңдарына сәйкес жауап бередi.
VIII ТАРАУ
Қорытынды Ережелер
33-бап. Осы Жарлықтың күшiне ену тәртiбi
1. Осы Жарлық 1996 жылдың 1 шiлдесiнен бастап күшiне енетiн осы
Жарлықтың 23-бабының 4-тармағын қоспағанда, 1996 жылдың 1 қаңтарынан
бастап күшiне енедi.
2. Жарлықтың күшi бұрын зейнет демалысына шыққан адамдарға,
сондай-ақ осы Жарлық күшiне енген сәтте мемлекеттiк қызметте тұрған
зейнеткерлерге қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының
Президентi