• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 14.11.2002 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 29 ақпан N 326       "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан 
Республикасының Заңын  

 
  iске асыру мақсатында Қазақстан 
Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
     1. Қоса берiлiп отырған Республика азаматтарын шетелге емделуге 
жiберудiң ережесi бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi 
бiр ай мерзiмде Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберу жөнiндегi 
комиссия туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
                                                 Қазақстан Республикасы
                                                       Yкiметiнiң
                                                 2000 жылғы "29" ақпандағы
                                                    N 326 қаулысымен
                                                        бекiтiлген
     
     
                Республика азаматтарын шетелге емделуге
                         жiберудiң ережесi
     
"2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан 
Республикасының Заңын  

 
  iске асыру мақсатында Қазақстан 
Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
     1. Қоса берiлiп отырған Республика азаматтарын шетелге емделуге 
жiберудiң ережесi бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi 
бiр ай мерзiмде Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберу жөнiндегi 
комиссия туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
                                                 Қазақстан Республикасы
                                                       Yкiметiнiң
                                                 2000 жылғы "29" ақпандағы
                                                    N 326 қаулысымен
                                                        бекiтiлген
     
     
                Республика азаматтарын шетелге емделуге
                         жiберудiң ережесi
     
1. Шетелдiк медициналық ұйымдарға емделуге жiберуге, оларға қатысты тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемi шеңберiнде Қазақстан Республикасының емдеу-алдын алу ұйымдарында оң емдеу нәтижесi алынбаған емдеудiң барлық қолдануға рұқсат етiлген әдiстерi пайдаланылған, ал шетелдiк медициналық ұйымдарда оларға Қазақстан Республикасында қолданылмайтын қосымша немесе жаңа мамандандырылған медициналық әдiстер қолданылуы мүмкiн азаматтар жатады. 
2. Қазақстан Республикасының, азаматтардың денсаулығын сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын және "Науқас адамдарды шетелде емдеу" республикалық бюджеттiк бағдарламасының әкiмшiсi болып табылатын, уәкiлеттi орталық органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) республика азаматтарын шетелдiк медициналық ұйымдарға емделуге жiберу жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия (бұдан әрi - комиссия) құрады. 
3. Комиссия өз қызметiн, осы Ереже мен уәкiлеттi орган бекiткен, Республика азаматтарын шетелдiк медициналық ұйымдарға емделуге жiберу жөнiндегi комиссия туралы ережеге сәйкес жүргiзедi. 
4. Комиссия азаматтардың өтiнiштерiн мынадай құжаттардың: 
1) аумақтық денсаулық сақтау органының шетелдiк медициналық ұйымдарға емдеуге жiберу туралы өтiнiшiнiң; 
2) мамандандырылған медициналық ұйымдардың қорытындысының; 
3) негiзгi және қосымша ауруларды, диагностикалық зерттеулердiң нәтижелерiн, жүргiзiлген емдеу курсын көрсету арқылы ауру тарихынан егжей-тегжейлi көшiрменiң;