Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1004 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.08.2017 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1004 қаулысына қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.10.2011 жылғы № 1221 Қаулысымен (02.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.03.2012 жылғы № 353 Қаулысымен (28.10.2011 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.11.2012 жылғы № 1445 Қаулысымен (26.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.12.2012 жылғы № 1576 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.06.2013 жылғы № 607 Қаулысымен (11.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.12.2013 жылғы № 1387 Қаулысымен (17.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (23.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2014 жылғы № 394 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (24.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейтін комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы
«Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1004 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлейтін комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлейтін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін (бұдан әрі - ЗЖ) одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) ЗЖ-ны одан әрі дамыту жөніндегі саясатты қалыптастыру;
2) зейнетақы заңнамасы саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
3) ЗЖ-ны дамыту саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, ЗЖ-ны дамыту саласындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының бірлескен іс-қимылын перспективалы жоспарлау;
5) ЗЖ-ны одан әрі дамытуға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және ғылыми-техникалық сипаттағы шараларды жүзеге асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияны төраға басқарады.
Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.06.2013 жылғы № 607 Қаулысымен (11.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) 6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (23.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) 6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (24.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
7. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (23.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
8. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (23.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
9. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және онда Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса заңды болып саналады.
10. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (23.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссия отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
10-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Ереже 10-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
4. Комиссияның қызметін тоқтату
11. Комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болып табылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |