• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 20.04.2011 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 207 қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.04.2011 № 429 Қаулысымен. (20.02.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 57, 551-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде: 
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын; 
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының ғылымы және мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясаты туралы" деген сөздер "Ғылым туралы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
10-тармақтың бiрiншi абзацындағы "қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзiледi" деген сөздер "кемiнде екi айда бiр рет өткізедi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
2) көрсетiлген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 2004 жылғы 20 ақпандағы
 N 207 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 1999 жылғы 20 желтоқсандағы
 N 1946 қаулысына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның Құрамы 
Марченко                     - Қазақстан Республикасы Премьер- 
Григорий Александрович         Министрiнiң бiрiншi орынбасары,                                  төраға
Құлекеев                     - Қазақстан Республикасының Бiлiм 
Жақсыбек Әбдiрахметұлы         және ғылым министрi, төрағаның                                  орынбасары
Ергешев                      - Қазақстан Республикасы Премьер- 
Розмат Байташұлы               Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк- 
                        мәдени даму бөлiмiнiң сектор                                  меңгерушiсi, хатшы
Бектұрғанов                  - Қазақстан Республикасының Бiлiм 
Нұралы Сұлтанұлы               және ғылым вице-министрi
Досқалиев                    - Қазақстан Республикасының 
Жақсылық Ақмырзаұлы            Денсаулық сақтау министрi
Дробжев                      - Қазақстан Республикасының Бiлiм 
Виктор Иванович                және ғылым министрлiгi Ионосфера                                  институтының директоры
Дунаев                       - "Ұлттық инновациялық қор" 
Apман Ғалиасқарұлы             акционерлiк қоғамы басқармасының                                  төрағасы (келiсiм бойынша)
Жақсыбеков                   - Қазақстан Республикасының 
Әдiлбек Рыскелдiұлы            Индустрия және сауда министрі
Жұмағұлов                    - Қазақстан Республикасы Премьер- 
Бақытжан Тұрсынұлы             Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк- 
                        мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
Жұрынов                      - "Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Мұрат Жұрынұлы                 ғылым академиясы" қоғамдық                                  бiрлестiгiнiң президентi (келiсiм                                  бойынша)
Келiмбетов                   - Қазақстан Республикасының 
Қайрат Нематұлы                Экономика және бюджеттiк жоспарлау                                  министрі
Күрiшбаев                    - Қазақстан Республикасының Ауыл 
Ақылбек Қажығұлұлы             шаруашылығы вице-министрi
Қадыржанов                   - Қазақстан Республикасының 
Қайрат Кемелұлы                Энергетика және минералдық ресурстар                                  министрлiгi Қазақстан                                  Республикасының Ұлттық ядролық                                  орталығы Ядролық физика институтының                                  директоры
Қожамқұлов                   - Қазақстан Республикасының Бiлiм 
Төлеген Әбдiсағиұлы            және ғылым министрлiгi Әл-Фараби                                  атындағы қазақ ұлттық университетiнiң                                  ректоры
Орынбаев                     - "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер 
Ербол Тұрмаханұлы              орталығы" акционерлiк қоғамы                                  басқармасының төрағасы (келiсiм                                  бойынша)
Өмiрбаев Уалбай              - Қазақстан Республикасының Бiлiм                                  және ғылым министрлiгі Л.Н.Гумилев                                  атындағы Еуразия ұлттық                                  университетiнiң кафедра меңгерушiсi
Школьник                     - Қазақстан Республикасының 
Владимир Сергеевич             Энергетика және минералдық ресурстар                                  министрi