Toggle Dropdown
Жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау, жүйелеу және жинақтау үшін ақысыз беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 89 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы 11-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау, жүйелеу және жинақтау үшін ақысыз беру қағидасы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 8 ақпандағы
№ 89 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау, жүйелеу және жинақтау үшін ақысыз беру қағидасы
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қағида «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау, жүйелеу және жинақтау үшін ақысыз берудің тәртібін, нысандарын және ұсыну мерзімін анықтайды.
Toggle Dropdown
2. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) сақтау, жүйелеу және жинақтау үшін ақысыз беруге:
Toggle Dropdown
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үдерісінде жер қойнауын пайдаланушы алған және жер қойнауын пайдалану объектілерінің жай-күйін сипаттайтын тау-кен қазбаларының және ұңғымалардың геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық, жобалау және нақты техникалық құжаттамасы (бұдан әрі - ақпарат);
Toggle Dropdown
2) бастапқы геологиялық ақпарат, тектоникалық мәліметтер, ұңғымалар жөніндегі ақпарат, болжамдық ресурстар және кен орындарының, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін келісімшарттық аумақтағы жұмыстар учаскесі мен объектілерінің теңгерімдік қорлары (бұдан әрі - бастапқы ақпарат);
Toggle Dropdown
3) бұрғылау ұңғымаларының кернімен, мұнай, су, газ сынамаларымен, тас материалының үлгілерімен, сынамаларымен және коллекцияларымен, тастілімдермен, таскесімдермен, минералдық ерітінділермен және ұнтақтармен ұсынылған табиғи (бұдан әрі - заттық ақпарат) жеткізгіштердегі ақпарат;
Toggle Dropdown
4) далалық бақылаулар журналдарында және басқа құжаттамаларда, оның ішінде сынама жасау, сынамаларды талдау, геофизикалық бақылауларды (бұдан әрі - далалық ақпарат) тіркеу журналдарында бейнеленген табиғи (қағаз және электрондық) жеткізгіштердегі ақпарат жатады.
Toggle Dropdown
3. Заңның 20-бабының 14) тармақшасына сәйкес минералдық шикізатты бастапқы өңдеуді (байытуды) қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушыға берілген ақпараттың және далалық ақпарат негізінде уәкілетті орган жер қойнауының ұтымды және кешенді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау, жүйелеу және жинақтау үшін ақысыз беру тәртібі
Toggle Dropdown
4. Жер қойнауын пайдаланушылар аумақтық тиістілігі бойынша уәкілетті органның өңіраралық департаментіне (бұдан әрі - ӨД) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне дейінгі мерзімде береді.
Toggle Dropdown
5. Уәкілетті органның өңіраралық департаменттері аумақтық тиістілігі бойынша жинақталған ақпаратты уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 1 (бірінші) күніне дейін жолдайды.
Toggle Dropdown
6. Ақпарат электрондық түрде ұсынылады және жер қойнауын пайдаланушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның электрондық-цифрлық қолымен расталады.
Toggle Dropdown
7. Электрондық түрдегі ақпаратты ұсынған кезде уәкілетті орган электрондық түрдегі ақпараттың форматын және берілу тәсілін айқындайды және оларды ресми интернет-ресурста орналастырады.
Toggle Dropdown
8. Электрондық түрдегі ақпарат рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз ететін бөлінген байланыс арналары бойынша беріледі және деректерді арнайы электрондық сақтау орнында орналастырылады, сол арқылы уәкілетті органның ақпаратқа қол жеткізуін және мүдделі мемлекеттік органдардың сауалдарына жауаптарды қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
9. Заттық ақпаратты уәкілетті органның ресми сауалы бойынша жер қойнауын пайдаланушы осындай сауалды алған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) жұмыс күні ішінде ұсынады.
Toggle Dropdown
10. Жер қойнауын пайдаланушы заттық табиғи материалды тасымалдау қауіпсіздігін және сақтауды қамтамасыз ететін тиісті орамада материалдардың үлгілері, сынамалардың телнұсқалары және тағы басқалары түрінде ұсынады.
Toggle Dropdown
11. Жер қойнауын пайдаланушы заттық ақпаратты өңірлік сақтау орындарына ұсынады, сол арқылы қауіпсіз сақтау, уәкілетті органның табиғи материалға қолжетімділігі және қажетті зертханалық-талдау зерттеулері қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
12. Келісімшарттық аумақта жұмыстар толық аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы далалық құжаттаманы уәкілетті органға береді.
Toggle Dropdown
13. Жер қойнауын пайдаланушының ақысыз беруге жататын ақпараты пайдалы қазбаларды барлау және/немесе өндіру бойынша бекітілген жобалық шешімдерді орындаудың жобалық және нақты қол жеткізген көрсеткіштерін құрайды.
Toggle Dropdown
14. Есептік көрсеткіштердің жинақталымын жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеудің, бағалаудың және әзірлеудің бекітілген жобалық құжаттарының негізінде қалыптастырады және ол көрсеткіштердің мынадай топтарын:
Toggle Dropdown
геологиялық барлау жұмыстарының көлемдерін;
Toggle Dropdown
тау-кен және дайындық жұмыстарының көлемдерін;
Toggle Dropdown
пайдаланудағы бұрғылаудың көлемдерін;
Toggle Dropdown
өндірудің тәсілдері мен өнімнің параметрлерін;
Toggle Dropdown
техникалық және технологиялық шешімдерді;
Toggle Dropdown
пайдалы қазбаларды өндіруді;
Toggle Dropdown
пайдалы қазбаның ысыраптарын;
Toggle Dropdown
пайдалы қазбаның мардымсыздануын;
Toggle Dropdown
пайдалы қазбаның сапасын;
Toggle Dropdown
тауарлық кеннің және пайдалы қазбаны қайта өңдеу өнімдерінің сапалық және сандық сипаттамасын;
Toggle Dropdown
пайдалы қазбаны қайта өңдеуді және металлургиялық қайта бөлуді;
Toggle Dropdown
іске асыру және қаржылық көрсеткіштерін;
Toggle Dropdown
кен орындарында есепті кезеңде өңделетін ұңғылау бірліктерін (ұңғымалар) қамтуы тиіс.
Toggle Dropdown
Көрсеткіштердің көрсетілген топтары уәкілетті орган ресми интернет-ресурсына орналастыратын есептіліктің электрондық нысандарында нақтыланады.