1. Қоса беріліп отырған Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесі бекітілсін.
Отправить по почте
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 841 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2600.
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрінің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2003 жылғы 14 қарашадағы "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" N 841 бұйрығымен бекітілген
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға тіршілік ету ортасының факторларын, шаруашылық және басқа да қызмет, сондай-ақ объектілер теріс әсер етуін зерделеу, бағалау мен олардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық сараптама ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.
3. Осы Ережелердің талаптары Қазақстан Республикасының аумағында өзінің іс-қимылын жүзеге асырып жүрген жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4. Осы Ережеде қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама - өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен шаруашылық объектілерінің және өзге де қызметтердің санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігін келуін анықтау мақсатында жүргізілетін органолептикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық және басқа да зерттеулер мен физикалық факторлар өлшемдерінің кешені;
2) санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды - жобалық құжаттаманың, тіршілік ету ортасы факторларының, шаруашылық және өзге де қызметтің, өнімдердің, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің санитарлық ережелер және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжат;
3) құжаттарға сараптама өткізуге тапсырыс беруші - санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жасауға тапсырыс беретін, қаржыландыратын және осы Ережеде белгіленген тәртіп бойынша қажетті құжаттарды ұсынатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, басқа да заңды және жеке тұлғалар;
4) ұйымдастырушы - белгіленген тәртіппен орындаушы санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жасауға тапсырысты іске асыруды ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары (сараптау органы);
5) орындаушылар - ұйымдастырушы айқындаған көлемге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жасайтын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары.
5. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама субъектісі мыналар болып табылады: тапсырысшы, ұйымдастырушы және орындаушылар.
6. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың негізгі принциптері:
1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің міндеттілігі;
2) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындылардың заңдылығы, объективтілігі мен ғылыми негізділігі;
3) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздігі;
4) жариялылық;
5) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың кешенділігі және оны зерттеу түрлерінің жан-жақтылығы;
6) санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы мүдделердің басымдылығы.
7. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың негізгі міндеттері:
1) тіршілік ету ортасы объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, халық денсаулығына әсер етуін кешенді түрде бағалау;
2) жұқпалы, паразиттік аурулардың шығу және халықтың улану себептері мен жағдайларын зерттеу;
3) шаруашылық немесе өзге де қызмет процесінде қабылданған шешімдердің санитарлық ережелері мен гигиеналық нормативтерінің талаптарына сәйкестігін бағалау міндеттерін шешеді.
8. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға мыналар жатады:
1) атом энергетикасы және өнеркәсіптердің, ғарыштық қызмет атқаратын және жер қойнауын пайдалану нысандарын, қоршаған ортаға химиялық, биологиялық заттарды, физикалық факторларды сыртқы ортаға шығаратын нысандарды, өзіне ғана тән басқаларға ұқсастығы жоқ жаңа технологиялық үдеріс нысандарын орналастырып, қайта жаңартып және ұлғайтқан кезде;
2) өндіріс күштерінің, қалалық және ауыл елді мекендерінің, шипажай зоналары құрылысының бас жоспарының даму және орналасу схемасын, техникалық-экономикалық негіздемесін, өнеркәсіптік және азаматтық деңгейдегі объектілер құрылысын және жаңарту жобалары жасағанда;
3) қызметінің кәсіби түрінің өзгеруіне байланысты қайта жаңартылатын құрылыстардың немесе нысан учаскесінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы материалдарды;
4) кәсіпорындарды орналастыруға, құрылысын жүргізуге, қайта жаңартуға, дамуына, зиянды заттар мен зиянды физикалық факторлардың қоршаған ортаға, санитарлық күзет және санитарлық қорғау зонасына рұқсат етілген деңгейде түсуіне жасалған техникалық-экономикалық негіздемелерді және геологиялық тексеру мен технология жобасына байланысты басқа да құжаттамаларды;
5) шикізатқа, тағам өнімдеріне, тауарларға, бұйымдарға, заттарға, механизмдерге, машиналарға, құрал-жабдықтарға, құрылыс материалдарына, балалардың заттарына, сондай-ақ, оқу, тәрбие беру, еңбектенудің, физикалық тұрғыдан даму, мекендеу, демалу, сумен қамту, тұрғындар тобына медициналық қызмет көрсету режимдеріне арналған нормативті-технологиялық құжаттаманың жобаларын;
6) өндіру, тасымалдау, сақтау, шикізаттарды, тағам өнімдерін, ауыз суды, құрылыс материалдарын, көпшілік тұтынуға арналған тауарларды, балалардың заттарын, уытты, радиоактивті және биологиялық заттарды қолдану және сату, сол сияқты жұмыстың орындалуы мен қызмет көрсету жағдайларын;
7) оқу, тәрбие беру, еңбектің физикалық тұрғыда дамуы, еңбек ету және өмір сүру, тамақтану, сумен қамту және әртүрлі тұрғындар тобына медициналық қызмет көрсету жағдайлары;
8) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, тұрғындар денсаулығының жағдайын сипаттайтын материалдар, олардың арасындағы кәсіби және жұқпалы аурулар мен улану туралы мәліметтер;
9) жерге, су қоймаларына және атмосфералық ауаға жүргізілетін химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық және пестицидттік тұрғыдан анықталған жүктемелер туралы материалдар;
10) жаңа өнімдер, технологиялар;
11) халық денсаулығы үшін қауіптілігі ықтимал және (немесе) маңызды, жоспарланатын, салынатын және пайдаланылатын өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілер, өнеркәсіптік бұйымдар мен көлік, сондай-ақ басқа да объектілер.
2. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және оны өткізудің тәртібі
9. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды тұлғаларының қаулысы немесе нұсқамасы бойынша және жеке, заңды тұлғалардың өтініштерінен кейін жүргізіледі.
10. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша сараптама өткізу үшін, олар қаржыландырғаннан кейін, осы ережелермен бекітілген тәртіп бойынша керекті құжаттамалар алынады.
11. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы өткізу үшін тапсырысшы ұйымдастырушыға мынандай құжаттарды береді:
1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы өткізуге арналған өтініш;
2) санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өтетін нысандардың жобалау алдындағы және жобалау барысындағы құжаттамалары мен материалдары;
3) қолданылатын шикізаттардың, негізгі және қосымша материалдар мен заттарды сипаттайтын түсініктеме хат;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |