Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбiн дамытудың 2004-2015 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 78 қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбiн дамытудың 2004-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi жарты жылда бiр рет Yкiметке Бағдарламаның орындалуы туралы есеп ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 23 қаңтардағы
N 78 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Уран өнеркәсібін
дамытудың 2004-2015 жылдарға арналған
бағдарламасы
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбiн дамытудың
атауы 2003-2015 жылдарға арналған Бағдарламасы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық
әзiрлеушi ресурстар министрлiгi
Бағдарламаны Бағдарлама Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002
әзiрлеу үшiн жылғы 20 тамыздағы N 926 қаулысымен бекiтiлген
негiздер "Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбi мен атом
энергетикасын 2030 жылға дейiн дамытудың
тұжырымдамасына" және Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйек N 903 қаулысымен
бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге
асырудың iс-шаралар жоспарының" 2.1.3-тармағына
Бағдарламаның Қазақстан Республикасындағы ғылымды көп қажет
мақсаттары ететiн, жоғары технологиялық салалардың бiрi
ретiнде уран өнеркәсiбiн басымдықпен дамыту; жоғары
технологиялық өнiмнiң экспортын үдету және оны
әлемдiк рыноктарға шығару; әлемдiк рыноктарда
республиканың экспорттық әлеуетiн арттыру.
Бағдарламаның Мақсаттарға жету төмендегiдей мiндеттердi шешудi
мiндеттерi талап етедi: 2015 жылы табиғи уран өндiрудi жылына
11,6 мың тонна деңгейiне жеткiзу; жаңа жоғары
технологиялық өнiмдермен әлемдiк рынокке шығу
арқылы атом өнеркәсiбi кәсiпорындарында қуаттарды
ТМД елдерiндегi энергетикалық реакторлар үшiн
таблеткаларды негiзгi өндiруші ретiнде Қазақстанның
жағдайын нығайту және реактор отынының әлемдiк
уран материалдарын қайта өңдеу бойынша қызмет
көрсету арқылы уран өнiмiнiң әлемдiк рыногындағы
орынды сақтау мен кеңейту;
атом өнеркәсiбi кәсiпорындарында радиациялық
қауiпсiздiк пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-
шаралар кешенiн жүзеге асыру.
Бағдарламаны 2004-2015 жылдар (1-кезең 2004-2006 жылдар)