• Мое избранное
Электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 16.05.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Электрондық мемлекеттiк қызмет регламенттерін бекiту туралы Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 223-ОД Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 желтоқсанда № 8215 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 19 шілдеден бастап ҚР Өңірлік даму министрінің 16.05.2014 жылғы № 138/НҚ Бұйрығына сәйкес
  • 1
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 29-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Жер учаскесіне құқықтың алғаш берілуінің құқық белгілеуші құжаты туралы ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі департаменті:
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға                                     Қ. Отаров
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
________________А. Жұмағалиев
2012 жыл 4 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
 Жер ресурстарын басқару
 агенттігі төрағасының
 2012 жылғы 4 желтоқсандағы
 № 223-ОД бұйрығына
 1-қосымша
«Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызметін көрсету регламенті
1. Жалпы ереже
1. «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - қызмет) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (бұдан әрі – қызмет беруші), «электронды үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП), сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі –орталық) арқылы көрсетіледі.
2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі.
3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: толық автоматтандырылған.
4. Қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.
5. Осы регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
1) АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны;
2) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпараттарды тапсыруға және ұсынуға, таратуға, іздеуге, өңдеуге, сақтауға арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);
3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі – бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
4) бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйе – нотариалды қызметті және әділет органдарының және нотариалды палаталардың өзара әрекетін автоматтандыруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – БНАЖ);
5) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
6) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры – ақпараттарды автоматты түрде жинау, сақтау мен өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірегей сәйкестігін енгізу мақсатында жеке сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімін құруға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және олардың өкілеттігі шегінде мемлекеттік басқару органдары мен басқа субъектілерге өзекті және дұрыс мәліметтерді беруге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДҚ);
7) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры – ақпараттарды автоматты түрде жинау, сақтау мен өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірегей сәйкестігін енгізу мақсатында жеке сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімін құруға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және олардың өкілеттігі шегінде мемлекеттік басқару органдары мен басқа субъектілерге өзекті және дұрыс мәліметтерді беруге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДҚ);
8) құрылымды-функционалды бірліктер – қызмет көрсету процесіне қатысатын ақпараттық жүйелердің, мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе басқа ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізімі (бұдан әрі – ҚФБ);
9) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ тиісті министрліктер мен ведомстволар арқылы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ХҚКО АЖ);
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы – мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге «электрондық үкіметтің» қатысушыларына қызмет көрсететін куәландырушы орталық (бұдан әрі - ҰКО);
11) МЖК ААЖ – мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
12) тұтынушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлға;
13) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
14) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП);
15) электрондық үкімет шлюзі – электронды қызметтерді іске асыру аясындағы «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮШ);
16) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ);
17) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
18) мемлекеттік электрондық қызметтер - ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
19) «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі – электронды қызметтер аясында «электрондық әкімдік» ақпараттық жүйелердің ықпалдастырылуына арналған «электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі (бұдан әрі – ЭҮӨШ).
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде қызмет беруші әрекетінің тәртібі
6. Осы регламенттің 2-қосымшасындағы 1 диаграммада ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері келтірілген:
1) тұтынушы ЖСН немесе БСН көмегімен ЭҮП-да тіркелуді жүзеге асырады (ЭҮП-те тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес тұтынушының және КО ақпараттық жүйесінің ЭЦҚ (бұдан әрі – тұтынушының ЭЦҚ) қалыптастыру және тексеру үдерісін іске асыратын криптографиялық қорғау құралдарын пайдаланумен қызметтерді тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбаның кілтімен қол қойылған, электрондық құжат түрінде мемлекеттік органға берілген сұрау салудың негізінде қызметті көрсетудің нәтижесі тұтынушыға беріледі;
3) 1-үдеріс – тұтынушы электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-да ЖСН немесе БСН және парольді енгізеді (авторизациялау процесі);
4) 1-шарт – ЭҮП ЖСН немесе БСН және пароль арқылы тұтынушы туралы тіркелген деректердің дұрыстығын тексеру;
5) 2-үдеріс – ЭҮП-мен тұтынушының деректерінде қателіктердің болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6) 3-үдеріс – тұтынушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыру үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (жер учаскесінің кадастрлық нөмірін енгізу, кадастрлық нөмір туралы ақпаратты «Жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпараттарды беру» мемлекеттік қызмет арқылы алуға болады), сұрауды куәландыру (қол қою) үшін тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрауда көрсетілген ЖСН немесе БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН немесе БСН арасындағы) тексеру;
8) 4-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;