1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу ережесi бекiтiлсiн.
Отправить по почте
Осы редакция 14.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1456 Қаулысы
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1456 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргiзу Ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы суаттарында (учаскелерiнде), тоғандарында, су қоймаларында және басқа да суаттарында (немесе олардың учаскелерiнде) балық шаруашылығын жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Балық шаруашылығын жүргiзу деп заңды және жеке тұлғалардың балық ресурстары мен басқа су жануарларын, ұтымды пайдалану, оларды қорғау, өсiмiн молайту, өсiру, аулау, қайта өңдеу және сату жолымен шаруашылық-пайдалы өнiмдi алуға бағытталған шаруашылық қызметiн жүзеге асыруы түсiнiледi.
3. Балық шаруашылығын жүргізуді бақылауды балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
2. Балық шаруашылығын жүргiзуге қойылатын негiзгi қағидаттар мен талаптар
4. Балық шаруашылығын жүргiзумен байланысты қатынастарды құқықтық peттeу мынадай қағидаттарға негiзделедi:
1) балық шаруашылығын экологиялық, экономикалық, ғылыми және өзге де мүдделердi оңтайлы үйлестiру негiзiнде жүргiзу;
2) балықтардың және басқа да су жануарларының түрлiк сан алуандығын сақтау, көл-тауар шаруашылығын жүргiзу үшiн берiлген суаттарды қоспағанда, оларды пайдаланудың ғылыми ұсынымдарға негiзделген режимiн белгiлеу;
3) балық ресурстарын пайдалану құқығын су объектiлерiн пайдалану құқығынан бөлу;
4) балық қорларын қорғау мүддесi үшiн балық шаруашылығы суаттарын басқа пайдаланушылардың құқықтарын шектеу;
5) балық ресурстарына әсерiн тигiзетiн немесе тигiзуi мүмкiн шаруашылық және өзге де қызметтiң мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өтуiнiң мiндеттiлiгi;
6) жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың суаттардың ихтиофаунасы мен оларды қоршаған ортаға келтiрген зиянын толық өтеуi.
5. Балық шаруашылығын жүргiзуге қойылатын негізгi талаптар:
1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын биологиялық негізделген түрде және тұрақты пайдалану;
2) суаттардың өнiмдiлiгін сақтау, балықтарды және басқа да су жануарларын көбейтудiң, өрiс аудару жолдары мен олар шоғырланған жерлерiнiң оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету;
3) осы Ереженiң талаптарын сақтау;
4) балық ресурстарының өсiмiн молайту;
5) ауланған балық пен басқа да су жануарларының есебiн жүргiзу және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi органға есеп беру;
6) балық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызметтi құру және оны ұстау есебiнен бекiтiлген суаттарын (учаскелерiн) және сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнiп тұрған жануарларды қоса алғанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғауды қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының балық қорлары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес басқа да талаптарды орындау.
6. Балық шаруашылықтары өз қызметiнiң бағыттарына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:
1) балық өнеркәсiбi шаруашылығы - негізгi қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметі оларға балықты және басқа да су жануарларын аулау лимитiн белгілейтiн халықаралық, республикалық және жергiлiктi маңызы бар табиғи суаттарда балықты және басқа да су жануарларын аулау, қайта өңдеу және өткiзу болып табылатын шаруашылық;
2) тоғандық шаруашылық - тауарлық балық пен балық орналастыру материалын шығару және оларды одан әрi сату мақсатында жасанды түрде жасалған су тоғандарында құрылатын шаруашылық.
Тоғандық шаруашылық шабақ өсiру мен жайып семiрту бөлiмдерi бар шаруашылық және тек шабақ өсiру немесе тек жайып семiрту бөлiмдерi бар шаруашылық болып бөлiнедi.
Шабақ өсiру бөлiмiнде өсiмдi молайту мен суаттардың балық қорларын толықтыруға, сондай-ақ тауарлық өнiм алу мақсатында шаруашылықтың жайып семiрту бөлiмiне балық жiберуге арналған балық орналастыру материалдарын өсiру жүргiзiледi.
Жайып семiрту бөлiмiнде балықты тауарлық мөлшерге дейiн өсiру жүргiзiледi.
Тоғандық шаруашылықтарға уылдырық шашу-өсiру шаруашылықтары, балық питомниктерi, сондай-ақ тауарлық өнiмдi өсiруге мамандандырылған шаруашылықтар жатады.
Уылдырық шашу-өсiру шаруашылықтары, питомниктер - тоғандық шаруашылықтың балықтардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнiп тұрған түрлерiн сақтау, санын ұлғайту мақсатында балықтарды жасанды жолмен өсiру үшiн құрылатын немесе суаттардың балық ресурстарын толықтыру мақсатында кейiннен балық орналастыру материалын тiршiлiк ету ортасына шығара отырып, ихтиофаунаны қалыптастыруға бағытталған түрi;
3) көл-тауар балық өсiру шаруашылықтары (бұдан әрi - КТБШ) - тауар өнiмiн алу үшiн балықтарды және басқа да су жануарларын көбейту және өсiру мақсатында құрылатын шаруашылық.
Көл-тауар балық өсiру шаруашылығына жатқызу үшiн суаттарды анықтау және кейiннен оларға балық жiберу немесе ихтиофаунаның басқа түрлерiмен жерсiндiру балық шаруашылығы саласындағы ғылыми ұйымдардың биологиялық негiздемесiнiң, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысының негiзiнде және уәкiлеттi органның келiсiмiмен заңды немесе жеке тұлғалардың бастамасы бойынша су шаруашылығы суаттарының (учаскелерiнiң) резервтiк қорынан жүзеге асырылады.
3. Балық шаруашылығын жүргiзу үшiн негiздемелер
7. Мыналар:
облыстық атқарушы органның балық шаруашылығы суаттарын (учаскелерiн) бекiтiп беру туралы шешiмi;
уәкiлеттi орган мен пайдаланушының арасында жасалған балық шаруашылығын жүргiзу шарты (қосымша) жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығын жүргiзуi үшiн негiздемелер болып табылады.
8. Балық шаруашылығы суаттарын (учаскелерiн) пайдаланушыға бекiтiп беру уәкiлеттi органның заңнамада белгіленген тәртiппен өткiзген балық шаруашылығы суаттарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурсының қорытындылары негiзiнде облыстық атқарушы органның шешiмiмен жүзеге асырылады.
9. Балық шаруашылығын жүргiзу туралы шартта:
1) шарттың мәнi;
2) балық шаруашылығын жайластыру және суатты (учаскенi) биологиялық-экономикалық тексеру iс-шаралары;
3) балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру мерзiмi;
4) шаруашылықiшiлiк балық шаруашылығын ұйымдастыруды жүргiзу мерзiмi;
5) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
6) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғауды, өсiмiн молайтуды және тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету шарттары көзделедi.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |