Стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қазандағы N 927 Қаулысы
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті түрде ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 11 қазандағы
N 927 қаулысымен
бекітілген
Стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесі
1. Тантал шикізаты - танталит, танталдың, калий фторотанталатының гидрототығы.
2. Бериллий шикізаты - бериллий концентраты.