• Мое избранное
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 31.08.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 99 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 9 сәуірде № 7533 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 31 тамыздан бастап ҚР Әділет министрінің 25.02.2015 жылғы № 112 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін орындау мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесі  бекітілсін.
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр                                   Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 28 ақпандағы
№ 99 бұйрығымен бекітілген
  • 1
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілеріне өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) тіркеуші органдардың Қазақстан Республикасы аумағында тууды, қайтыс болуды, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке болуды белгілеуді, есімін, әкесінің есімін, тегін ауыстыруды, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізуді, жоюды мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ қайталама куәліктер, анықтамалар мен азаматтық хал актілері жазбаларының көшірмелерін беруді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар электронды түрде "Азаматтық хал актілері жазбалары" ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді.
3. Тіркеуші органдар мынадай әрекеттерді атқарады:
1) тууды, қайтыс болуды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию және бұзуды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке болуды белгілеуді, есімін, әкесінің есімін, тегін, жынысын ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді;
2) азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтырады, түзетеді және жояды;
3) жоғалған жазбаларды қалпына келтіреді;
4) бастапқы және қайталама куәлiктерді, анықтамаларды, азаматтық хал актiлерiнiң көшiрмелерiн бередi.
4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты азаматтық хал актiлерiн мемлекеттік тiркеу Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жүргізіледі және олармен жасалған акті жазбалары Қазақстан Республикасының аумақтық әділет органына жіберіледі.
Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеген кезде, егер мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.
2. Тууды мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру тәртібі
5. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жазбаша нысанда не электронды түрде ата-аналары не басқа мүдделі тұлғалары тіркеуші органға оның туылған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей, ал бала өлі туылған жағдайда туылған сәтінен бастап бес тәуліктен кешіктіріктірмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды тұлғасы береді.
6. "Электрондық үкімет" порталы арқылы өтінішті электронды түрде берген кезде өтініш беруші баланың тууын растайтын медициналық куәлік, жеке басын куәландыратын құжаттар және неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы мәліметтерді көрсетеді.
7. Тууды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш алған кезде лауазымды тұлға өтініш нысанының дұрыс толтырылуына және оған қоса берілген құжаттардың дұрыстығына тексеру жүргізеді.
8. Өтініш толық толтырылған және құжаттар дұрыс болған жағдайда лауазымды тұлға қабылданған өтінішті осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес өтініштерді есепке алу журналына тіркейді және өтініш иесіне өтініш бланкісінің жыртылатын талонын береді.
Өтініштерді есепке алу журналын электронды түрде жүргізуге жол беріледі.
9. Жүргізілген тексеру нәтижесінде лауазымды тұлға "Азаматтық хал актілері" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) деректерді енгізеді.
10. АХАЖ АЖ-да мемлекеттік тіркеуден кейін акт жазбасы екі данада басып шығарады және туу туралы куәлік қалыптастырылады.
Туу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес "Елтаңбалы бланкілер беру" журналына (бұдан әрі - шығыс журналы) енгізіледі, сосын өтініш иесіне куәлік беріледі.
11. Екі одан да көп балалардың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде әр қайсысына туу туралы медициналық куәлік беріледі, олардың негізінде бірінен кейін бірін туу туралы жеке жазба жасалады және баланың туу туралы жеке-жеке куәлік беріледі.
12. Екі ай мерзім өткен, сондай-ақ бір жасқа толған және одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеу осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген мерзімді бұза отырып, баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы, тіркеуші орган екі данада жасаған қорытынды негізінде жүргізіледі.
13. Екі ай мерзімі өткен, сондай-ақ бір жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті алған кезде лауазымды тұлға өтініш нысанының дұрыс толтырылуына және қоса берілген құжаттардың дұрыстығына тексеру жүргізеді.
Тексеру нәтижесі бойынша мерзімін бұзып тіркеу немесе мерзімі өткен тууды мемлекеттік тіркеу туралы қорытынды жасалады және аумақтық әділет органының бастығы бекітеді.
14. Бір жасқа дейінгі баланың тууын мемлекеттік тіркеу тууды ағымдағы тіркеу туралы кітабында жүргізіледі.
15. Бір жастан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеу қалпына келтіру туралы кітабында жалпы тәртіп бойынша, бастапқы жазба сияқты жүргізіледі, бірақ реттік саннан кейін "мерзімі өткен" деген сөз қосылып жазылады.
16. Құжаттарды толық тапсырмаған жағдайда тіркеуші органның бастығы барлық құжаттар жиналғанша мемлекеттік тіркеуден бас тартады. Мерзімін бұзып баланың тууын мемлекеттік тіркеуден бас тарту бөлек хатпен рәсімделеді, бас тартудың негізі көрсетіліп, аудандық (қалалық) әділет органының бастығы қол қояды.
3. Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру
17. Әке болуды белгілеуді мемлекеттік тіркеу туралы өтініш осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес өтініш нысанның дұрыс толтырылуына және қоса берілген құжаттары тексеруге жатады.
18. Өтініш толық толтырылған және құжаттар дұрыс болған жағдайда лауазымды тұлға қабылданған өтінішті өтінішті есепке алу журналына тіркейді.
Өтініштерді есепке алу журналын электронды түрде жүргізуге жол беріледі.
19. Егер баланың тууы туралы акт жазбасында баланың әкесi ретiнде белгiлi бiр адам көрсетiлсе, тіркеуші орган әке болуды белгілеуді мемлекеттік тіркеуден бас тартады.
Бұл жағдайда тіркеуші орган баланың тууы туралы жазбасы бойынша әкесi туралы бұрын енгiзiлген мәлiметтердiң негiзділігін тексереді.
Тексеру:
1) егер әкесi анықталатын баланың анасы тiркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрса;
2) егер баланың анасы тiркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмаса, ал тууы туралы куәлiкте баланың әкесiнiң тегi анасының тегiмен сәйкес келмесе тексеру жүргізіледі.
Егер туу туралы жазба басқа тіркеуші органда болса, оның көшiрмесi көрсетiлген мәлiметтердi нақтылау үшiн бiр айдың iшiнде алдырылады. Туу туралы актiлiк жазудың көшiрмесiнiң сұратылғаны туралы өтініш берушiлерге (өтініш берушiге) хабарланады және әке болуды белгілеу мемлекеттік тiркеу күнi белгiленедi. Бұл жағдайда өтініш түскен күнi өтініштерді тіркеу журналында тiркеледi, ал әке болуды белгілеуді мемлекеттік тіркеу туу туралы актi жазбасының көшiрмесiн алғаннан кейiн жүргiзiледi.
20. Әке болуды белгілеу мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке баланың туу туралы куәлігі қоса беріледі.
Егер әке болуды белгілеуді мемлекеттік тіркеу тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілсе, баланың туу туралы куәлігі қоса берілмейді.
21. Жүргізілген тексеру нәтижесінде лауазымды тұлға АХАЖ АЖ-ға мәліметтер енгізеді.
22. АХАЖ АЖ-та туу мен әке болуды белгілеуді бір мезгілде мемлекеттік тіркеген кезде туу туралы екі акті жазбалары және әке болуды белгілеу туралы екі данада басып шығарылады және туу туралы куәлік пен әке болуды белгілеу туралы куәліктер қалыптастырады.
23. Егер әке болуды белгілеу туралы мемлекеттік тіркеу жүргізілген кезде тууға мемлекеттік тіркеу жасалынған болса, онда әке болуды белгілеу туралы акті жазбасы екі данада басып шығарылады және әке болуды белгілеу туралы куәлік қалыптастырылады.
Әке болуды белгілеу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер шығыс журналына енгізіледі, сосын өтініш иесіне куәлік беріледі.