Toggle Dropdown
1
Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің, нысанын және табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1300 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді табыс ету нысаны;
Toggle Dropdown
2) Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді табыс ету қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 қарашадағы
№ 1300 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің табыс ету қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің табыс ету қағидалары «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді (бұдан әрі - мәліметтер) табыс ету тәртібін және мерзімін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Мәліметтерді темекі өнімдерінің өндірісін жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрі - декларант) тиісті салық органына тапсырады.
Toggle Dropdown
3. Мәліметтерді тапсырудың есепті кезеңі күнтізбелік ай болып табылады және мәліметтер есепті айдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ірі салық төлеушілер тізбесіне кіретін салық төлеушілер мәліметтерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес табыс етеді.
Toggle Dropdown
5. Мәліметтер қағаз немесе электронды тасығыштарда табыс етіледі.
Toggle Dropdown
Мәліметтерді толтыру кезінде:
Toggle Dropdown
1) қағаз тасығышта - шарикті қаламсаппен немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысы пайдаланыла отырып, толтырылады;
Toggle Dropdown
2) электронды тасығышта - электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
Toggle Dropdown
6. Мәліметтерді толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
7. Мәліметтер акциздер сомасын (теңге) көрсете отырып, заттай көрсеткіштерде (мың/дана) толтырылады.
Toggle Dropdown
8. Көрсеткіштер болмаған кезде мәліметтердің тиісті торкөздері толтырылмайды.
Toggle Dropdown
9. Мәліметтерді табыс етпеу салық төлеушінің салық есептілігін тапсыру бөлігінде салық міндеттемесін орындамау болып табылады.
Toggle Dropdown
10. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес мәліметтерді тапсыру кезінде:
Toggle Dropdown
СТН - Ұлттық тізілімдері туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейінгі салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
Toggle Dropdown
ЖСН (БСН) - Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі міндетті түрде толтыруға жатады.
Toggle Dropdown
2. Мәліметтерді жасау
Toggle Dropdown
11. Мәліметтерде темекі өнімдерін ендіру, сату және декларанттардың акциздерді төлеуі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
12. «Декларант туралы жалпы ақпарат» бөлімінде осы Қағидалардың 10-тармағы ескеріле отырып, декларант мынадай деректерді көрсетеді:
Toggle Dropdown
1) СТН - салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Toggle Dropdown
2) ЖСН (БСН) - салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі;
Toggle Dropdown
3) заңды тұлғаның атауы немесе дара кәсіпкердің, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты. Құрылтай құжаттарына сәйкес декларанттың толық атауы немесе дара кәсіпкердің, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
Toggle Dropdown
4) Мәліметтер табыс етілетін есепті кезең.
Toggle Dropdown
Есепті кезең араб сандарымен көрсетіледі.
Toggle Dropdown
13. «Есепті кезеңнің басындағы қалдық» деген 1-бағанда есепті кезеңнің басында декларантта бар фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың қалдығы керсетіледі;
Toggle Dropdown
«Өндіріс» деген 2-бағанда есепті кезеңде декларант өндірген фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
Toggle Dropdown
«Өткізу» деген 3-бағанда есепті кезеңде декларант өткізген фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
Toggle Dropdown
«Экспорт барлығы» деген 4-бағанда жеткізуге жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тысқары декларант экспорттайтын (әкететін) фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
Toggle Dropdown
«Ресей Федерациясына экспорт» деген 5-бағанда жеткізуге жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тысқары Ресей Федерациясына декларант экспорттайтын (әкететін) фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
Toggle Dropdown
«Беларусь Республикасына экспорт» деген 6-бағанда жеткізуге жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тысқары Беларусь Республикасына декларант экспорттайтын (әкететін) фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
Toggle Dropdown
«Үшінші мемлекеттерге экспорт» деген 7-бағанда жеткізуге жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тысқары үшінші мемлекеттерге декларант экспорттайтын (әкететін) фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
Toggle Dropdown
«Импорт барлығы» деген 8-бағанда жеткізуге жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына декларант импорттайтын (әкелетін) фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
Toggle Dropdown
«Ресей Федарациясынан импорт» деген 9-бағанда жеткізуге жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына Ресей Федерациясынан декларант импорттайтын (әкелетін) фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
Toggle Dropdown
«Беларусь Республикасынан импорт» деген 10-бағанда жеткізуге жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына Беларусь Республикасынан декларант импорттайтын (әкелетін) фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
Toggle Dropdown
«Үшінші мемлекеттерден импорт» деген 11-бағанда жеткізуге жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына үшінші мемлекеттерден декларант импорттайтын (әкелетін) фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
Toggle Dropdown
«Есепті айдың соңындағы қалдық» деген 12-бағанда есепті кезеңнің соңында декларантта бар фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың қалдығы көрсетіледі;
Toggle Dropdown
«Акциздер есептелді» деген 13-бағанда есепті кезең үшін акциздерді есептеу көрсетіледі;
Toggle Dropdown
«Акциздер төленді» деген 14-бағанда есепті кезең үшін акциздерді төлеу көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 қарашадағы
№ 1330 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің
табыс ету нысаны
Toggle Dropdown
ЖСН (БСН) _____________ СТН ____________
Toggle Dropdown
Салық төлеушінің атауы _________________
Toggle Dropdown
Есепті кезең ___________________________
Toggle Dropdown
(мың дана/мың теңге)
Toggle Dropdown
| Есепті кезеңнің басындағы қалдық | Өндіріс | Сату | Экспорт | Импорт | Есепті кезеңнің соныңдағы қалдық | Акциздер есептелді | Акциздер төленді |
| Жалпы | Ресей Федера циясына | Беларусь Республикасына | Үшінші елдерге | Жалпы | Ресей Федера циясына | Беларусь Республикасына | Үшінші елдерге |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| Фильтрлі сигареталар |
| | | | | | | | | | | | | |
| Фильтрсіз сигареталар |
| | | | | | | | | | | | | |
| Папиростар |
| | | | | | | | | | | | | |
| Сигариллалар |
| | | | | | | | | | | | | |
| Табак |
| | | | | | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
____________________________________________/ _________/
Toggle Dropdown
Басшысының (салық төлеушінің) Т.А.Ә. қолы
Toggle Dropdown
____________________________________________________/ ________/ М.О
Toggle Dropdown
Бас бухгалтердің (салық төлеушінің) Т.А.Ә. қолы
Toggle Dropdown
_______________________________________________/ _________/ Ш.О.
Toggle Dropdown
Декларацияны қабылдаған адамның Т.А.Ә. қолы
Toggle Dropdown
декларацияның
Toggle Dropdown
берілген күні ________________________
Toggle Dropdown
күн, ай, жыл сандармен
Toggle Dropdown
салық органында
Toggle Dropdown
декларацияның
Toggle Dropdown
қабылданған күні ________________________
Toggle Dropdown
күн, ай, жыл сандармен