Toggle Dropdown
11
Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 04.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Caудa мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңын және "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiліп отырған Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесi бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Toggle Dropdown
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалауы астында теңiз сауда кемелерінің жүзу құқығын берудің тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1231 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 48, 584-құжат);
Toggle Dropdown
2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1231 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 наурыздағы N 467 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 17, 180-құжат).
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 17 қаңтардағы
N 49 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің ережесi
Toggle Dropdown
1
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзiрленген және кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
1
2. Осы Қағидаларда кеменің жасы деп кемені тіркеу туралы құжатта көрсетілгендей, жасалған жылынан бері өткен уақыт кезеңі түсініледі.
Toggle Dropdown
3. Кемені мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және теңіз кемесін мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде алымдар алынады.
Toggle Dropdown
4. Кеме (салынып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында анықталатын тәртіппен алым алынады.
Toggle Dropdown
2
5. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде (бұдан әрі – Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi), Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде (бұдан әрі – халықаралық кеме тізілімі), бербоут-чартер тізілімінде және жасалып жатқан кемелер тізілімінде кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеуді Порттың теңіз әкімшілігі жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн, халықаралық кеме тізілімін, бербоут-чартер тiзiлiмiн және жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiн жүргiзудi Порттың теңiз әкiмшiлiгi қағаз және электрондық жеткізгіштерде жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн, халықаралық кеме тізілімін, бербоут-чартер тiзiлiмiн және жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Теңіз әкімшілігі (бұдан әрi – уәкілетті орган) белгілейді.
Toggle Dropdown
6. Кемені мемлекеттік тіркеуге арналған өтінішпен кеменің меншік иесі (кеме иесі) немесе ол уәкілеттік берген адам жүгінеді.
Toggle Dropdown
1
7. Мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
Toggle Dropdown
1) осы Қағидаларға сәйкес кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды қабылдау. Ұсынылатын құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген кезде үш жұмыс күнi iшiнде оған құжаттарды қабылдаудан дәлелдi жазбаша бас тартуды бере отырып, өтiнiш берушiге құжаттар қабылдаудан бас тартылады;
Toggle Dropdown
2) осы кемеге мәлімделетін құқықтар мен тіркелген құқықтар арасындағы қайшылықтардың, сондай-ақ мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшін негіздің болмауын анықтау;
Toggle Dropdown
3) көрсетiлген қайшылықтар мен мемлекеттiк тiркеуден бас тарту үшiн басқа негiздер болмаған кезде Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне, халықаралық кеме тізіліміне, бербоут-чартер тiзiлiмiне, жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiне жазулар енгiзу;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттарды беру.
Toggle Dropdown
8. Кемелерді мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
Toggle Dropdown
1) құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде жасалады;
Toggle Dropdown
2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдiк құжаттар шетелдегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерiнде заңдастыруға жатады.
Toggle Dropdown
Қарауға белгіленген тәртіппен расталған, оларға қатысты көрсетілген талаптар орындалған құжаттардың көшірмесі қабылдануы мүмкін. Егер ұсынылатын құжаттар шетел тiлiнде жасалған болса, оларға мемлекеттiк немесе орыс тілдеріндегі нотариалды расталған аудармасы қоса беріледі;
Toggle Dropdown
3) құжаттардың мәтіндері анық, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері қысқартусыз жазылған болуы тиіс;
Toggle Dropdown
4) тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер және оларда өзге де ескертілмеген түзетулер бар құжаттар, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын бiржақты түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi бар құжаттар мемлекеттiк тiркеуге қабылдауға жатпайды;
Toggle Dropdown
5) тiркеуге қажеттi барлық құжаттар не екi данада берiледi, олардың бipі түпнұсқа, ал екiншiсi – көшiрмесi болуы тиiс не нотариалды расталған көшірмелері беріледі. Түпнұсқа тiркелгеннен кейiн құқық иеленушіге қайтарылады.
Toggle Dropdown
1
9. Кемені мемлекеттік тіркеуден мынадай жағдайларда бас тартылады, егер:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен тиісті емес адам жүгінсе;
Toggle Dropdown
2) осы Қағидаларда көзделген талаптар сақталмаса;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмесе.
Toggle Dropdown
Бас тарту туралы кемені мемлекеттік тіркеуге ұсынған өтініш берушіге құжаттар мемлекеттік тіркеуге ұсынылған сәттен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей бас тарту негізін көрсете отырып, жазбаша хабарланады.
Toggle Dropdown
10. Кемені мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжат жоғалған жағдайда Порттың теңіз әкімшілігі кеменің кеме иесінің өтініші бойынша үш жұмыс күні ішінде оған кеменің мемлекеттік тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын береді.
Toggle Dropdown
Кеменің мемлекеттік тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру туралы өтінішпен бірге Порттың теңіз әкімшілігі кеменің мемлекеттік тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алымдар сомаларының бюджетке төленгенін растайтын құжатты ұсынады.
Toggle Dropdown
Кеменің мемлекеттік тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру туралы мәліметтер кіріс құжаттарды есепке алу кітабына және кеме тіркелген тиісті тізілімге енгізіледі.
Toggle Dropdown
11. Шақыру сигналын ауыстырумен байланысты кеменің мемлекеттік тіркелуін растайтын жаңа құжаттарды беру кеменің мемлекеттік тіркелуін растайтын бұрын берілген құжаттарды қоса бере отырып, кеменің меншік иесінің (кеме иесінің) өтініші негізінде үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Шақыру сигналын ауыстыру және кеменің мемлекеттік тіркелуін куәландыратын жаңа құжатты беру туралы мәліметтер кеме тіркелген тиісті тізілімдерге енгізіледі.
Toggle Dropdown
2. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік кеме тізілімінде теңіз, жолаушылар, жүк-жолаушылар, мұнай құю, сүйрегіш кемелер, жүзбелі бұрғылау қондырғылары, құрғақ жүктер, жүзбелі крандар және техникалық флот кемелері (жер снарядтар және басқалары), сондай-ақ қуаттылығы кемінде елу бес киловатт басты қозғалтқыштарымен өздігінен жүзетін кемелер және сыйымдылығы кемінде сексен тонна өздігінен жүзбейтін кемелер тіркеуге жатады.
Toggle Dropdown
Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу осы Ереженің14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
13. 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген филиалдар (мердігерлік компаниялар, оператор, агенттер) арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаның меншігіндегі, кеменің жасалған жылы бес жылдан аспайтын және Солтүстік Каспий жобасын іске асыру үшін жасалған (сатып алынған) кемелер Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелуге жатады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте кеменің жасалған жылы туралы осы тармақтың бірінші абзацының талаптары Қазақстан Республикасының кеме тізілімдерінде бұрын тіркелген, сондай-ақ кейіннен меншік иесі 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген филиалдар (мердігерлік компаниялар, оператор, агенттер) арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын кез келген шетелдік заңды тұлғаның меншігіне берілген кемелерге қолданылмайды.
Toggle Dropdown
14. Мемлекеттік тіркеу үшін еркін нысанда өтініш, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кеме тізілімінің сауалнамасы, сондай-ақ мынадай құжаттар ұсынылады:
Toggle Dropdown
1) кемеге меншік құқығын растайтын құжат;
Toggle Dropdown
2) жүзуге жарамдылығы туралы куәлік;