Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланудың ерекшелiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 105 және 2005 жылғы 27 мамырдағы N 527 қаулыларына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1318 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланудың ерекшелiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1) "Cу объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу ережесiн және кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүретiн су жолдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 105 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 4, 58-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүзетiн су жолдарының тiзбесiнде:
5-тармақтағы "Ресей Федерациясымен шекараға" деген сөздер "Солтүстiк Қазақстан облысының Приишимка кентiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Кeмe қатынасы су жолдарын пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 27 мамырдағы N 527 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 22, 279-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кеме қатынасы су жолдарын пайдалану ережесi:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Кеме қатынасы су жолдарын күтiп ұстау мынадай жағдайлар кезiнде талап етiлмейдi:
1) егер кеме қатынасы су жолының екi жағалауы да кеме жүзетiн болып табылса және кемелердiң қозғалысы сағаның бүкiл енi бойына мүмкiн болса (мұндай жағдайда навигациялық белгiлер орнатылмауы мүмкiн);
2) егер кеме қатынасы су жолының бүкiл ұзына бойында шектеулi қазулар болмаса және кемелер мен құрамдар үшiн қәлемi мен шөгуi бойынша шектеулер болмаса.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |