1. Қоса беріліп отырған "Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
Отправить по почте
"Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы N 541 Қаулысы
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған "Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы N 541 қаулысымен бекітілген
"Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) жемістер, көкөністер және оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне және тіршілік циклінің процестеріне қойылатын талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының " Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы және " Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген.
2. Осы Техникалық регламент осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына (ҚР СЭҚ ТН) сай өндірілген, қайта өңделген және әкелінген жемістерге, көкөністерге, түйнек жемістілерге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне (бұдан әрі - жеміс-көкөніс өнімдері) қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында жемістердің, көкөністердің, түйнек жемістілердің және оларды қайта өңдеу өнімдерінің адам өміріне, денсаулығына, тұтынушылардың мүдделеріне және қоршаған ортаға қауіпті әсері сонымен қатар әрі санитариялық, фитосанитариялық және гигиеналық нормалар мен талаптарды бақылайтын мемлекеттік органдар тарапынан талаптар белгілеуді қажет ететін аса ықтимал қауіпті факторларға мыналар жатады:
- өнімді өндіру және қайта өңдеу;
- жарамдылық мерзімі, сақтау және тасымалдау;
- өнімді сату;
- алып қою, кәдеге жарату және жою.
4. Осы Техникалық регламент балалар тағамы өнімдеріне, шырындарға, сондай-ақ жемістер мен көкөністен дайындалатын тамақтық қоспаларға қойылатын талаптарды қамтымайды. Осы Техникалық регламент, сондай-ақ, жемістерден, көкөністерден, жабайы жемістерден, жидектерден, шөп өсімдіктері мен генетикалық түрлендірілген объектілерден өндірілетін жемдік, техникалық өнімге және медициналық препараттарға қойылатын талаптарды да қамтымайды.
5. Жемістерді, көкөністерді, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін бірдейлендіру олардың таңбалануы мен сыртқы түрін қарау, қимасында сыртқы түрін, иісін, дәмін және консистенциясын бағалап, үлгілерінің сынақтарын өткізу арқылы жүргізіледі. Сынақтар мен бақылау әдістері Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес болуы тиіс.
2. Терминдер мен анықтамалар
6. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
шикізат - өсімдіктен, жануардан өндірілетін, микробиологиялық, химиялық және минералдық жолмен алынатын, тамақ өнімін өндіру (даярлау) үшін пайдаланылатын объектілер;
технологиялық ақау - шикізаттағы және/немесе дайын өнімдегі оны өндіруде технологиялық процесс сақталмауы немесе төмендеуі себеп болатын ақау;
жемістер - өсімдіктердің бұта және ағаш тұқымдары өнімдері;
жидектер - белгілі бір тәртіппен, бірақ, қабыршақсыз жұмсаққа тікелей батып орналасқан жұқа қабығы, жұмсақ шырыны мен тұқымдары бар көпжылдық бұта және шөп өсімдіктерінің жемістері;
жаңғақтар - ағаш тәріздес ашылмайтын қатты қабыршақпен - қабықпен жабылған жеуге жарамды бөлігінде тұқымы болатын жемістер;
көкөністер - шөп өсімдіктерінің жемістері мен вегетативтік органдары;
жабайы өсетін шөп өсімдіктері - әртүрлі вегетативтік бөліктері: түбірлері, сабақтары, жапырақтары, гүл шоғырлары, тағамға пайдаланылатын жеуге жарамды өсімдіктер, сыныптама бойынша көкөністерге жатады;
вайялар - өсімдіктің түп тамырында орналасқан, жаңаратын гүл тамырларынан топырақ үстінде өсіп жетілетін папортник жапырақтары, сондай-ақ өркендер деп те аталады;
саңырауқұлақтар - табиғи экожүйелердің қалыптасуына ықпал ететін және дайын органикалық заттармен қоректенуге бейім тірі организмдердің айрықша типі;
жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар - құрамында улы заттар жоқ, бірақ иісі жағымсыз немесе дәмі ащы, өткір болғандықтан, жағымсыз түйсіктерге немесе ас қорытудың жеңіл-желпі бұзылуына себеп болады;
жеуге жарамды саңырауқұлақтар - жабайы түрде өсіп жетілген немесе егілген саңырауқұлақтардың жемісті тіндері, қажетті қайта өңдеуден кейін азық ретінде қолдануға болады;
жеміс және көкөніс жартылай фабрикаттары - кейіннен әртүрлі тәсілдермен қайта өңдеуге және консервілеуге арналған жеміс пен көкөністен дайындалған өнімдер;
тез тоңазытылған өнімдер - табиғи тамақ компоненттерін қосып немесе қоспай, туралған немесе ұсақталған жемістен даярланған, жедел тәсілмен оралған және 18 о С-ға дейін жеткізілген өнімнің ішкі температурасы - сақтау кезінде және тұтынушыға дейінгі тоңазыту тізбегінде өзгертілмейтін тоңазытылған өнімдер;
ашытылған көкөністер - бүтін немесе туралған көкөністердің бір немесе бірнеше түріне ас тұзын қосып немесе қышқыл-тұздалған немесе тұздалған ерітінді құйып даярланған, қышқылды сүтпен ашытылған өнімдер;
кептірілген жемістер және көкөністер - бүтін, туралған немесе ұсақталған жемістерден және/немесе көкөністерден даярланған, оларды сақтауды қамтамасыз ететін ылғал деңгейіне жеткенге дейін термиялық өңдеу арқылы кептірілген өнімдер;
консервілер - табиғи тамақ құрамдас бөліктерін қосып немесе қоспай, белгіленген технологияға сәйкес қайта өңделген, көкөністерден және жемістерден даярланған, герметикалық бітеу ыдысқа бөліп салынған, бітеуден бұрын немесе кейін пастерленген немесе стерильденген өнімдер;
пасталар - тағамдық қышқылдар, қант, тағамдық қоспалар қосылып немесе қосылмай, үгіту және/немесе алдын ала ферменттік өңдеу арқылы алынған, құнарландырылған немесе құнарландырылмаған консервілер;
сироптар - тағамдық қышқылдар, хош иісті заттар мен бояғыштар қосып немесе қоспай, жеміс шырындарына қант немесе табиғи қантты алмастырғыштар қосу арқылы алынған консервілер;
компоттар - су, қант сиробы немесе табиғи қант алмастырғыштар ерітінділері құйылған, тағамдық қышқылдар қосып немесе қоспай бүтін немесе туралған бір немесе бірнеше жеміс түрлерінен алынған консервілер;
джем (конфитюр) - қант немесе табиғи қант алмастырғыш қосып пісірілген, созылмалы ететін заттар, тағамдық қышқылдар, хош иісті заттар, бояғыштар және басқа да тағамдық қоспалар қосып немесе қоспай, бүтін, туралған немесе ірі етіп үгітілген жемістердің бір немесе бірнеше түрінен алынған созылмалы етілген консервілер;
тосап - тағамдық қышқылдар, хош иісті заттар, бояғыштар, тәттілер қосып немесе қоспай, қант сиробы немесе табиғи қант алмастырғыштар қосып пісірілген, бүтін немесе туралған жемістен даярланған консервілер;
мармеладтар (повидло) - үгітілген жемістің бір немесе бірнеше түріне қант немесе табиғи қант алмастырғыштар қосып, тағамдық қышқылдар, созылмалы ететін заттар қосып немесе қоспай қайнату арқылы алынған созылмалы етілген немесе созылмалы етілмеген консервілер;
жемістерді (көкөністерді, саңырауқұлақтарды) қайта өңдеу өнімдері - өсімдіктерден, жануарлардан, микробиология немесе минералдан алынған тамақ өнімдері қосылған немесе қосылмаған жемістерден (көкөністерден, саңырауқұлақтардан) алынған, белгіленген технологияға сәйкес дайындалған, ыдыстың алуан түрінде белгілі жағдайларда сақтаудың белгіленген мерзім ішінде өнімінің сақталуын қамтамасыз ететін әр түрлі тәсілдермен консервіленген өнімдер;
кетчуп - жас томаттардан немесе дәмдеуіштер, тұз, қант, тағамдық органикалық қышқылдар, қоюландырғыштар, консистенцияны тұрақтандырғыштар, тағамдық хош иістендіргіштер, тағамдық бояғыштар және консерванттар қосылған немесе қосылмаған томат өнімдерінен дайындалған томат тұздығы; кетчуп консервілер түрінде немесе жартылай фабрикат түрінде дайындалуы мүмкін;
тоңазытылған жеміс (көкөніс, саңырауқұлақ) өнімдері - жемістерден (көкөністерден, саңырауқұлақтардан) немесе жемістердің және/немесе көкөністердің және/немесе саңырауқұлақтардың қоспаларынан дайындалған жемістерді (көкөністерді, саңырауқұлақтарды) қайта өңдеу өнімдері, немесе өсімдік немесе малдан алынатын майлар, майонез, әртүрлі дәмдік қоспалар, ет, балық, ет өнімдері, балық өнімдері және басқа тамақ өнімдері, дәмдеуіштер, көк, консерванттар қосылған немесе қосылмаған, белгіленген технологияға сәйкес дайындалған, әдеттегі қоршаған орта жағдайында ыдысқа немесе герметикалық ыдысқа вакуммен немесе реттелетін газды ортада буып-түйілген, минус 1 0 С + 5 0 С температурасына дейін тоңазытылған және осы температурада сақталатын дайын тағамдар.
кептірілген жемістер (көкөністер, саңырауқұлақтар) - тұтас, туралған немесе ұнтақ тәрізді, жаңадан піскен тұтас немесе туралған жемістерден (көкөністерден, саңырауқұлақтардан) дайындалған, технологияға сәйкес дайындалған, олардың сақталуын қамтамасыз ететін, ылғалдың үлес салмағына жеткенге дейін термиялық өңдеу немесе ауада және күн көзінде кептіру жолымен кептірілген жемістерді (көкөністерді, саңырауқұлақтарды) қайта өңдеу өнімдері;
кептірілген жаңғақтар (тұқымдар, бұршақтар) - жаңғақ жемісті дақылдардың жемістерінен (майлы дақылдардың тұқымдарынан, бұршақтардан) дайындалған, тазартылған немесе тазартылмаған, олардың сақталуын қамтамасыз ететін, ылғалдың үлес салмағына дейін термиялық өңдеу тәсілімен немесе табиғи жолмен кептірілген, қуырылған немесе қуырылмаған, қабыршақталған, қабыршақталмаған, тұз немесе қант қосылған немесе қосылмаған жемістерді қайта өңдеу өнімдері;
жеміс (көкөніс) цукаттары - тұтас немесе туралған жемістерден (көкөністерден), қант сиробында бір рет немесе көп мәрте пісіру жолымен цитрус және/немесе бақша өнімдерінің қабықтарынан дайындалған, 80% кем емес құрғақ заттардың үлес салмағына дейін кептірілген, қант немесе қант ұнтағы себілген немесе қабыршақталған, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70% аспағанда ұзақ сақтау үшін арналған жемістерді (көкөністерді,) қайта өңдеу өнімдері;
ылғалданған жеміс өнімдері - қант ерітіндісі және/немесе ас тұзы қосылған, жеміс және/немесе көкөніс компоненттері, бал, қара бидай ұны, уыт, қыша, дәмдеуіштер, көк қосылған немесе қосылмаған жаңа піскен тұтас немесе туралған жемістерден дайындалған, қышқыл сүт ашуына ұшыраған, табиғи немесе таза қышқылды сүт бактерияларынан дайындалған ашытқылар қосылған, алынған ерітіндіде минус 1 0 С +4 0 С дейінгі температурада сақтау үшін арналған, қысқа мерзімді сақтау кезінде 1 0 С + 10 0 С дейінгі температурада сақтауға рұқсат етілетін жемістерді қайта өңдеу өнімдері;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |