«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 774 Қаулысына сәйкес «Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.03.2015 жылғы № 345 Бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 785 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 785 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 614 қаулысы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысымен бекітілген
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) әуе кемелерінің (бұдан әрі - ӘК) ұшуы, жерден көтерілуі мен қонуының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі - ҰРТҚ және байланыс), әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі - ӘҚҚК) тәртібін, ҰРТҚ және байланыс объектілерінің жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық пайдалану және жөндеудің негізгі қағидаттарын анықтайды.
2. Осы Қағиданың талаптарын өзінің қызметінде әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін және азаматтық авиация ұйымдарының (бұдан әрі - АА) өндірістік қызметін қамтамасыз ететін азаматтық авиация ұйымдарында радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану (бұдан әрі - РТЖБП) қызметінің басшылық және инженерлік-техникалық персоналы іске асырады және қамтамасыз етеді.
3. ӘК ұшуын, авиациялық электр байланысын және азаматтық авиация ұйымдарында өндірістік қызметті радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды РТЖБП қызметі, қызметі осы Қағидада регламенттелетін басқа да бөлімшелер жүзеге асырады.
4. ӘК ұшуының қауіпсіздігі мен тұрақтылығы әуежайлардың, әуе жолдарының, жергілікті әуе желілерінің (бұдан әрі - ЖӘЖ), тірек қызметтерінің (пункттері) ҰРТҚ және байланыстың жердегі құралдарымен жабдықталуына, техникалық деңгейіне, осы құралдардың жұмыс істеуінің сенімділігі мен автоматтандырылу дәрежесіне және ҰРТҚ мен байланыстың жердегі құралдарын пайдаланушы және қолданушы мамандардың дайындық деңгейіне байланысты болады.
5. Осы Қағидада мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) AFTN станциясы - АFTN бөлігі болып табылатын және мемлекеттің рұқсатымен немесе бақылауында жұмыс істейтін станция;
2) АА ұйымы — азаматтық авиация саласында қызметін жүзеге асырушы заңды тұлға;
3) абонент (желіні пайдаланушы) ҰРТҚ және байланыс — өзіне меншіктелген индексі бар және өзінің қызметінде электр байланысы желісін қолданатын ұйым, қызмет немесе лауазымды тұлға;
4) авиациялық әуе электр байланысы - борттық және бекітілген авиациялық станциялардың арасындағы немесе борттық станциялардың арасындағы байланыс;
5) авиациялық бекітілген станция - жердегі авиациялық электр байланысы станциясы;
6) авиациялық радиобайланыс - негізінен аэронавигация қауіпсіздігін, сондай-ақ әуе қатынастарының тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге арналған, белгілі бір бекітілген пункттердің арасындағы авиациялық әуе электр байланысы және радиобайланыс;
7) авиациялық электр байланысы - кез келген авиациялық мақсаттарға арналған электр байланысы;
8) авиациялық электр байланысы станциясы - авиациялық электр байланысының жердегі және әуе станциясы;
9) авиациялық электр байланысы арнасы (тарату арнасы) - ақпараттың жөнелтушіден алушыға берілуін қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен электр сигналдарының және радиосигналдарының таралу ортасының жиынтығы;
10) авиациялық электр байланысы органы - авиациялық электр байланысы станцияларының бір немесе бірнешеуін пайдалануға жауапты орган;
11) авиациялық бекітілген электр байланысы желісі (бұдан әрі - AFTN) - авиациялық жердегі электр байланысының бөлігі болып табылатын және ұқсас немесе сәйкес келетін байланыс сипаттамалары бар бекітілген авиациялық станциялардың арасында хабарлармен және/немесе цифрлық деректермен алмасуды көздейтін бекітілген авиациялық тізбектердің әлемдік жүйесі;
12) ағымдағы жөндеу - бұйымның жұмыс істеу қабілеттігін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын және жекелеген бөліктерді ауыстыруды және (немесе) қалпына келтіруді қамтитын жөндеу;
13) айырбастау қоры - тексеру мен жөнделуге жататын бұйымдар, тораптар, блоктар және қондырғыларға техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде объектілерге (бұйымдарға) орнатылатын, уақытында қызмет көрсетіліп, жөндеуден өткен, тексерілген бұйымдар, тораптар, блоктар және құрылғылардың тұрақты және жүйелі түрде жаңартылып отыратын қоры;
14) анықтаушы параметр (белгі) - бақылау объектісінің техникалық жай-күйі түрін анықтауды бақылау үшін қолданылатын объектінің параметрі (белгісі) (бұйымдар, электр байланысы арнасы);
15) апат - елеулі және/немесе тікелей қаупі бар және дереу көмек қажет болатын жағдай;
16) аэронавигациялық ақпарат - әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету, әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін деректерді жинау, талдау және өңдеу нәтижесінде алынған ақпарат;
17) байланыс тізбегі - екі станция арасындағы барлық тура арналарды қосатын байланыс жүйесі;
18) байланыстың бұзылуы - пайдалану үшін маңызы бар уақыт ішінде байланыстың болмауы;
19) басқа ведомстволар - азаматтық авиацияда ұшуды және әуе қозғалысын радиотехникалық қамтамасыз ету мен электр байланысын ұйымдастыруды өз құзыры шегінде жүзеге асырмайтын мекемелер;
20) белгіленген ресурс - бұйымның жиынтық атқарымы, оған жеткен кезде мақсаты бойынша қолдану тоқтатылуы тиіс;
21) біртіндеп істен шығу - бұйымның бір немесе бірнеше белгіленген параметрлері белгісінің біртіндеп өзгеруін сипаттайтын істен шығу;
22) борттық станция - әуе кемесінің бортына орнатылған авиациялық әуе электр байланысының жылжымалы станциясы;
23) бұзылу - жұмысқа қабілеттілік жай-күйі сақталған кезде бұйымның жарамды жай-күйі бұзылуына байланысты оқиға;
24) бұйым - белгілі бір міндеттерді орындауға арналған топтап шығарылатын өнімнің бірлігі;
25) бұйымның құрылымдық схемасы - бұйымның негізгі функционалдық бөліктерін, олардың міндеттері мен өзара байланысын анықтайтын сызба;
26) бұйымның істен шығуы - бұйымның жұмыс істеу қабілеттілігінің бұзылуына байланысты оқиға;
27) атқарым - бұйымның ұшу сағатымен, қонулар санымен, айналым, іске қосылу санымен, яғни ресурс шығысымен өлшенетін жұмыстың ұзақтығы немесе көлемі;
28) резерв еселілігі - объектінің резервтік элементтері санының қысқартылмаған бөлшекте көрсетілген объектінің негізгі элементтерінің резервтелетін санына қатынасы;
29) жалпы резервтеу - резервтеу элементі тұтастай объекті болып табылатын резервтеу;
30) жарамсыз жай-күй (жарамсыздық) - бұйымның нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттаманың талаптарының біріне сәйкес келмеу жай-күйі;
31) жедел техникалық қызмет көрсету - объектінің (бұйымдар, авиациялық электр байланысы арнасы) жұмысқа қабілеттілігін қолдау және бақылау жөніндегі техникалық қызмет көрсету нұсқаулығында (регламентінде) белгіленген күрделі емес техникалық операцияларды тез орындауды көздейтін мерзімді техникалық қызмет көрсету;
32) жеке қорғаныш құралы - бір жұмыс істеушіні қорғауға арналған құрал;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |