«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 4-5-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1303 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысына сәйкес «Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрінің 08.04.2015 жылғы № 319 Бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 4-5-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1303 қаулысымен бекітілген
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (бұдан әрі - пиротехникалық заттар мен бұйымдар) сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар кез келген қауіптілік дәрежесіндегі өндірістік пиротехникалық заттар мен бұйымдарға қолданылмайды.
3. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар қолданылу кезінде әлеуетті қауіптілігі дәрежесіне қарай 5 сыныпқа бөлінеді:
1) I сынып - қауіпті факторлар қатарында соққы беретін толқындар мен жарылыс кезінде жан-жаққа ұшатын жарықшақтары жоқ, кинетикалық қозғалыс энергиясы 0,5 Дж-дан аспайтын, бұйымнан 0,25 м қашықтықтағы акустикалық сәулеленуі 125 ДцБ-дан аспайтын, ал қалған факторлар бойынша қауіпті аймақ радиусы 0,5 м-ден артық емес бұйымдар;
2) II сынып - қауіпті факторлар қатарында соққы беретін толқындар мен жарылыс кезінде жан-жаққа ұшатын жарықшақтары жоқ, кинетикалық қозғалыс энергиясы 5 Дж-дан аспайтын, бұйымнан 2,5 м қашықтықтағы акустикалық сәулеленуі 140 ДцБ-дан аспайтын, ал қалған факторлар бойынша қауіпті аймақ радиусы 5 м-ден артық емес бұйымдар;
3) III сынып - қауіпті фактор қатарында соққы беретін толқындар мен жарылыс кезінде жан-жаққа ұшатын жарықшақтары жоқ бағытталған қозғалыс кезіндегі кинетикалық энергиясы 5 Дж-дан астам, бағытталмаған қозғалыс кезінде 20 Дж-дан аспайтын, бұйымнан 5 м қашықтықтағы акустикалық сәулеленуі 140 ДцБ-дан артық емес, ал қалған факторлар бойынша қауіпті аймақ радиусы III сыныптың 30 м-ден артық емес және ІІІа төменгі сыныбы 20 м-ден аспайтын бұйымдар;
4) IV сынып - қауіпті факторлар қатарында соққы беретін толқындар жоқ, ал қауіпті аймақ радиусы қалған факторлардың ең аз дегенде біреуі бойынша 30 м-ден астамды құрайтын бұйымдар;
5) V сынып — I-IV сыныптарға кірмеген өзге де пиротехникалық заттар мен бұйымдар.
Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар мақсаты бойынша пиротехникалық заттар және тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар (І-ІІІ сыныптар) мен пиротехникалық заттар және техникалық мақсаттағы бұйымдар (IV-V сыныптар) болып бөлінеді.
2. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау және есепке алу тәртібі
4. Заңды және жеке тұлғалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес дайын өнімнің және олардың құрамдас компоненттерінің есебін, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көтерме сауда тұтынушыларына дайын өнімдерді босатудың есебін жүргізеді.
5. Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану құжаттамасының талаптары мен өрт (өнеркәсіп) қауіпсіздігі қағидаларына сай жүргізіледі және пиротехникалық бұйымдары бар орамаларға күн сәулесінің және атмосфералық жауын-шашынның тікелей түсуін болдырмайды.
6. Тек арнайы бөлінген орындарда және ақпараты болған кезде ғана жарамсыз болған (ақауға жатқызылған) пиротехникалық заттар мен бұйымдарды қоймаларда уақытша сақтауға рұқсат етіледі.
7. Азаматтардың жеке пайдалану үшін сатып алынған, салмағы 333 кг бруттодан аспайтын пиротехникалық заттар мен бұйымдар өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып және тиісті пиротехникалық заттар мен бұйымдарды қолдану жөніндегі нұсқаулық бойынша сақталады.
8. Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау көтерме сауда және шығыс қоймаларында штабельдер немесе ағаш төсемдерде және бөлшек сауда желісі қоймаларында сақталады. Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды жабдықталған көлік құралдарында немесе жүргізілетін жұмыстың технологиялық циклі шегінде пайдалану орындарында уақытша сақтауға рұқсат етіледі.
9. Тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық заттар мен бұйымдардың бөлшек саудасы, оған тікелей күн сәулесінің және атмосфералық жауын-шашынның түсуін болдырмай өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін дүкендерде, дүкендердің бөлімдері мен секцияларында, павильондар мен дүңгіршектерде жүргізіледі. Сауда үй-жайларын пиротехникалық заттармен және бұйымдармен толтырудың тікелей нормасы сауда үй-жайының әрбір 25 шаршы метріне брутто бойынша 1200 кг пиротехникалық бұйымдар мен заттарға есептеліп белгіленеді. 333 кг аспайтын тұрмыстық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды 25 шаршы метрден аз сауда үй-жайларында сақтауды және сатуды бір уақытта жүргізуге болады.
10. Тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сату жүзеге асырылатын үй-жайлардың орналасуы штаттан тыс жағдайлар кезінде адамдарды шығару үшін кедергі келтірмеуі тиіс. Тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатуға арналған сауда үй-жайлары өрт сигнализациясымен және өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жабдықталады.
11. Сауда үй-жайларындағы тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық заттардың үлгілері бар сөрелер сатып алушының пиротехникалық заттар мен бұйымдардың жазбаларымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді және сатып алушының бұйымды сырттай көзбен шолуынан басқа кез келген іс-әрекеттерін болдырмайды.
12. Тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық заттар мен бұйымдар жылыту жүйесі аспаптарынан 0,5 м қашықтықта орналасады. Тұрмыстық пиротехникалық заттар мен бұйымдар бар үй-жайларда механикалық және (немесе) жылу әрекеттерімен жасалатын жұмыстарға жол берілмейді.
13. Өзіне-өзі қызмет көрсету дүкендерінің сауда үй-жайларында тұрмыстық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатуды тек мамандандырылған секцияларда сатушы-консультант жүргізеді, сатып алушыларға тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық бұйымдарды тікелей ұстауға болмайды.
14. Бұйымды сақтауға арналған үй-жайдың екі жиынтық кілті болуы тиіс. Біреуі бұйымның сақталуына жауапты адамда, екіншісі - сақтауға рұқсат берілген ұйым басшысында арнайы мөр қойылған пеналда болады.
Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға арналған үй-жайдың кілттерін үстелдің үстіне және басқа да бөгде адамдарға қолжетімді жерлерде қалдыруға болмайды.
15. Техникалық мақсаттағы қауіптілігі IV сыныптық азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау қоймалары олардың мақсатына байланысты тұрақты (базистік), шығыс және жылжымалы қоймалар болып бөлінеді:
1) базистік қоймалар - бұйымды ұзақ уақыт сақтау үшін қызмет етеді;
2) шығыс қоймалары - бұйыммен ағымдағы қажеттілікті қанағаттандыру үшін қызмет етеді;
3) жылжымалы қоймалар - бұйымды қысқа уақыт сақтау үшін қызмет етеді.
Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау үшін жарылғыш материалдардың жұмыс істеп тұрған қоймасын пайдалануға болады.
16. Қауіптілігі IV сыныптық азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар Астана және Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - ІІД, КІІД) аумақтылық бойынша берген қауіптілігі IV сыныптық азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатып алуға лицензиясы бар басқа да заңды және жеке тұлғаларға оларды сақтау орны бойынша қоймалардан сатылады.
17. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды толықтыру нормасы:
1) базистік қоймалар үшін - 200 000 кг-нан;
2) шығыс қоймалары үшін - 5 000 кг-нан;
3) сауда ұйымдарының (дүкендердің) қойма үй-жайлары үшін - 5 000 кг-нан аспауы тиіс.
18. Сақтау орындарын желдету үшін құлыппен жабылатын торлы металл есіктер, ал терезелер мен желдеткіш қақпақтарына металл торлар мен торшалар орнатылады. Торлы есіктер мен торлардың көздері көлемі 150 мм х 150 мм аспауы, тор шыбығының қалыңдығы 10 мм кем болмауы тиіс.
19. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды тұрақты және уақытша сақтауға арналған жұмыс істеп тұрған және жаңадан пайдалануға берілген барлық қоймалар аумақтық ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс.
20. Әрбір сақтау қоймаларында азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға аумақтық ішкі істер органдары берген рұқсат етілген санынан аспайтын мөлшерде сақтауға болады.
Әрбір базистік және шығыс қоймаларының паспорты болуы тиіс, оның бір данасы қоймада сақталады.
21. Барлық қоймалар бұйымның түрі мен толықтыру нормасына байланысты қауіпсіз ара қашықтықта орналасуы тиіс.
Қоймалардың арасындағы жеке ғимараттардың ара қашықтығы құлаған күйде 100 метрден (бұдан әрі - м), құламаған күйде 50 м кем болмауы тиіс.
Базистік қоймалардың жекелеген сақтау орындарының арасындағы ара қашықтық құлаған күйде 200 м. кем болмауы тиіс.
Шығыс қоймалары тұрғын үйлерден, фейерверк көрсететін алаңдардан және адамдардың көп жиналатын орындарынан қауіпсіз ара қашықтықта, бірақ 100 метрден жақын емес аралықта орналасуы тиіс.
Барлық қоймалар:
1) аудандық маңыздан төмен емес тас жолдан, кеме жүзетін өзендер мен арналардан, тұрғын үй құрылыстарынан жеке тұрған қоймаға апаратын жолдарды қоспағанда, темір жолға бөлінген жолақтар шекарасынан - 400 м;
2) станциялық ғимараттарға, қоймалар мен басқа да станциялық құрылыстарға бөлінген жолақтар шекарасынан - 1000 м;
3) халқының саны 10000-ға дейін және 10000 адамнан асатын кенттер мен басқа да елді мекендер аумақтары шекарасынан - тиісінше 800 м және 1000 м;
4) қоймаға тиесілі емес басқа өндірістік ғимараттар мен құрылыстардан 1500 м кем емес қашықтықта орналасуы қажет.
22. Тұрақты және шығыс қоймалардың аумағы биіктігі 2,5 м кем емес тікенекті сыммен қоршалуы тиіс.
23. Барлық сақтау орындары жанбайтын материалдан жасалған, бір қабатты, жылытылмайтын болуы тиіс. Сақтау орындарының қабырғалары мен төбесі ақталған болуы тиіс.
Қоймалардың едендері өндірістік ғимараттардың еден құрылғыларына арналған техникалық шарттарға сәйкес ұшқын шығаруды болдырмайтын, жанбайтын материалдан жасалуы тиіс.
24. Сақтау орындарының көлеміне қарай екі шығатын есігі болуы тиіс. Ұзындығы 10 м кем қойманың бір шығатын есігі болуы мүмкін.
Сақтау орнына кіретін есіктер сыртқа қарай ашылуы тиіс. Күн жаққа қарайтын терезенің әйнектері күңгірт болуы немесе ақ бояумен боялуы тиіс.
Жасанды жарықтандыру сыртта болуы тиіс. Қойма үй-жайларында кезекші жарықтандыру, сондай-ақ газ плиталарын, электрлік-қыздырғыш аспаптарды пайдалану және штепсельді қосқыштарды орнатуға болмайды.
25. Қоймаларда электр жабдықтар қолдану аяқталғаннан кейін, тәуліктің түнгі уақытында тоқтан ажыратылуы тиіс. Электр құралын өшіруге арналған аппараттар қойма үй-жайынан тыс жерде, өртенбейтін материалдан жасалған қабырғада немесе жеке тұрған бағандағы шкафта немесе пломбалауға және құлыппен жабуға арналған құрылғысы бар тауашада орналасуы тиіс.
26. Бір сақтау орнында азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдардың бірнеше түрін сақтау кезінде бұйымдардың жарылыс қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес бірлесіп сақтау қағидалары қатаң сақталуы тиіс.
Бұйым орамаларын штабельдерде немесе сөрелерде сақтау қажет. Штабельдерде немесе сөрелерде фейерверк бұйымдары бар жәшіктерді сақтау кезінде олар партиялармен қойылуы тиіс.
Штабельдерде сақтауға арналған бұйымдары бар ағаш жәшіктер сөрелерде бірінің үстіне бірі қақпақтарын жоғары қаратып қойылуы керек, төменгі қатарлардың астына ауа алмасуды қамтамасыз ету үшін тақтайлардан төсем жасау қажет.
Әр штабельдерде және сөрелердің текшесінде бұйым атауы немесе индексі, партия нөмірі, орындар саны, келіп түскен күні көрсетілген көрсеткіш болуы тиіс.
27. Бұйымдарды штабельдерде және сөрелерде орналастыру олардың желдету, штабельден (сөрелерден) оларды алу, қарау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Штабельдерді орналастыру кезінде олардың арасындағы өту жолы: қарау үшін - 0,7 м, жүкті тиеу және түсіру үшін - 1,5 м, кіреберістегі қабырға жағынан штабельдің соңына дейінгі қашықтық - кемінде 1,25 м және штабельдерден артқы және бүйірлік қабырғаларға дейін - 0,7 м болуы керек. Штабельдердің биіктігі 2,5 м, ені - 5 м болуы керек.
Штабельдердің жоғарғы текшелерінің биіктігі еденнен 1,65 м аспайтын, төменгі қабаттың еденге дейінгі қашықтығы - кемінде 0,15 м және жоғары текшеден төбеге дейін - кемінде 1 м болуы тиіс.
Сөрелерді толықтыру кезінде олар төмен түсіп және қисайып кетпейтіндей түрде құрылуы тиіс. Сақтау қоймаларындағы сөрелердің барлық бөліктері және бір-бірімен металл қолданылмай тиекпен және сыналанып қосылуы, әрі бекітілуі тиіс. Сөре тақтайларын шегелердің бастарын 0,5 см\ге кіргізе қағып, бекітуге және ойық жерлеріне шпатлевка жағуға болады.
28. Сақтау орындарында жүкті қабылдау және беру тәуліктің жарық кезінде жүргізеді. Қажет болған жағдайда бұл жұмыстарды сыртқы жасанды жарықтандырумен жүргізуге болады.
Пиротехникалық заттар мен бұйымдардың сақтау орындарында (қоймаларында) жүк тиеу-түсіру жұмыстарына арналған механизмдер жарылғыштан қорғалған күйде орындалған болуы, ал ішкі жану қозғалтқыштарының пайдаланып шығарылған газдардың бейтараптандырушылары және ұшқын өшіргіштері болуы тиіс.
29. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қоймада дайын өнімді босатуды есепке алу журналын жүргізу қажет, ол нөмірленген, тігілген, ішкі істер органдарының «Лицензиялау-рұқсат беру жүйесі» деген бедері бар мөрімен мөрленген болуы тиіс.
Өнімнің әрбір түрін жекелей есепке алу қажет. Журналдағы жазбалар кіріс-шығыс құжаттардың негізінде жүкті алған немесе берген кезде дереу жүргізілуі керек.
30. Сақтау орны мен қойма аумағын таза ұстау керек, сынған ыдыстарды, бөгде және жанғыш материалдарды сақтауға болмайды. Қойма ғимаратының кіру жолдарын, өрт сөндіру, су көздерінің, сондай-ақ өртке қарсы мүккамалдар мен жабдықтарға бару жолдары үнемі бос болуы тиіс.
Қоймалар арасындағы қауіпсіз қашықтықтарды қандай да бір материалдар, жабдықтар мен басқа да заттарды сақтау үшін пайдалануға болмайды.
Бұйымдарды тасымалдау үшін қойма аумағына азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды тасымалдау көлігіне рұқсат куәлігі бар көлікке ғана рұқсат етіледі.
Адамдарға пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатып алумен, сақтаумен, есепке алумен, тасымалдаумен, пайдаланумен тікелей байланысты жұмыстарға рұқсат беру адамдарға жарылғыш материалдарына рұқсат берілген талаптармен сәйкес жүргізіледі.
31. Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау ішкі істер органының рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
32. Жеке және заңды тұлғалар пиротехникалық заттар мен бұйымдардың сақтау рұқсатын беру үшін қызмет көрсететін аумағында қойма орналасқан ішкі істер органына:
1) сақтауға жататын пиротехникалық заттар мен бұйымдардың атауы мен санын (салмағын, мөлшерін), сақтау үшін жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын, жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы мен нөмірін көрсете отырып, жеке және заңды тұлғалардың қолдаухатын;
2) өтініш берушінің пиротехникалық заттар мен бұйымдарды әзірлеу және (немесе) ендіру және (немесе) сату және (немесе) пайдалану құқығына лицензиясының көшірмесі;
3) өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес келетін және есепке алынған өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және бар-жоғын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық өнімді өткізуге арналған үй-жай мен оларды сақтауға арналған қоймалардың меншік құқығын растайтын құжат көшірмелерін ұсынады.
Пиротехникалық заттар мен бұйымдардың сақтау үшін жеке меншік қойма болмаған жағдайда, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган және ішкі істер органдары берген, оларды пайдалануға және сақтауға арналған тиісті куәліктері мен рұқсаттары бар үшінші тұлғадан сақтауға не қойманы (қоймаларды) жалға алуға арналған шарттың (шарттардың) көшірмесін ұсынған кезде келіседі.
33. Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға арналған рұқсатты ішкі істер органдары:
1) жеке және заңды тұлға өтініш білдірген кезде - оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не сол жерге бара отырып, тексеру талап етілмеген кезде күнтізбелік он бес күн;
2) жеке және заңды тұлға өтініш білдірген кезде - оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не сол жерге шыға отырып, тексеру талап етілген кезде күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
34. Пиротехникалық заттар мен бұйымдардың сақтауға арналған рұқсат үш жылдық мерзімге беріледі.
35. Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға арналған рұқсаттың мерзімі аяқталған кезде ол ұзартуға жатпайды.
Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға арналған рұқсатты жоғалтқан жағдайда рұқсатты берген ішкі істер органын дереу жазбаша хабардар еткен және рұқсаттың жоғалғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру берген кезде телнұсқа беріледі.
36. Рұқсаттың жарамдылық мерзімінің өтуі, жеке және заңды тұлғаның атына берілген рұқсат, оның атауы, жауапты адамның мекенжайының, сақтау орны мен қойма сыйымдылығының өзгеруі рұқсаттарды қайта ресімдеу үшін негіздер болып табылады.
3. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды пайдалану (фейерверктер көрсету) тәртібі
37. Қазақстан Республикасының аумағында қауіптілігі IV сыныптық азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды пайдалануды (көрсетуді) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, оларды пайдалануға берген лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
38. Фейерверктерді қоғамдық-мәдени көпшілік іс-шараларда қолдану тек аумақтық ішкі істер органымен келісілген, жұмысты жүргізуге құқығы бар құжаттамалар бекітілгеннен кейін жергілікті әкімшіліктің рұқсатымен фейерверктерді көрсетуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға рұқсат етіледі.
Бұл ретте азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарға техникалық құжаттамалар, орналастыру-жоспары, бұйымдарды тасымалдау үшін арнайы жабдықталған көлік келісуге ұсынылады.
39. Осы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стандарттарды, өртке қарсы техникалық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларын басшылыққа алу қажет.
40. Мәдени-көпшілік және бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде фейерверктер көрсету үшін ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органға іс-шара өткізуге дейін кемінде 10 күн бұрын қолдаухатпен өтініш білдіреді.
Қолдаухатта мынадай мәліметтер:
1) мекенжайы және байланыс телефондарының нөмірлері көрсетілген шараны ұйымдастырушы ұйымның атауы және мекенжайы, ұйымдастырушылар мен олардың уәкілетті адамдарының қызметі, олардың тегі, аты, әкесінің аты;
2) іс-шараның атауы мен мақсаты;
3) іс-шараның, оның ішінде фейерверк көрсетудің басталуы және аяқталу күні, орны мен уақыты;
4) іс-шараға қатысушылардың болжамды саны;
5) азаматтық пиротехникалық бұйымдарды экспонаттауға, сатып алуға құқық беретін лицензияларды, оларды сақтау мен тасымалдауға арналған рұқсаттарды қоса бере отырып, фейерверк көрсетуді ұйымдастырып жатқан жеке және заңды тұлға туралы мәлімет;
6) фейерверк көлемі, пайдаланылатын фейерверк бұйымдарының сипаты мен жүргізілу тәртібі;
7) фейерверк басшысы фейерверк көрсетуге тартылатын персонал туралы мәліметтер және фейерверкке басшылық ету мен жүргізу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
8) қоғамдық тәртіпті қорғауды және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмылдырылған қажетті күштер мен құралдар көрсетіледі.
41. Фейерверкті дайындау және пайдалану кезеңінде бұйымдарды қысқа уақытқа сақтау кезінде тұрғын үйлерден, қоғамдық құрылыстардан, адамдар көп жиналатын орындарынан қауіпсіз қашықтықтағы жылжымалы қоймаларда (аумақтық ішкі істер органдарының жол полициясының келісімі бойынша арнайы жабдықталған көліктер) жүзеге асырылады. Қоймаға күзет қойылуы тиіс.
42. Фейерверкті ұйымдастыратын адамдар фейерверк көрсетілімдерінде қауіпсіздікті, персоналды қорғау шаралары мен фейерверк бұйымдарынан сақталуын қамтамасыз етеді, ішкі істер органдарымен күзет іс-шараларын келіседі. Фейерверктер құрылғылары орналастырылатын орындарды күзету ішкі істер органдары мен осы іс-шараны өткізетін ұйымға жүктеледі.
43. Фейерверктер көрсетілетін орынды таңдау мен келісу фейерверк бұйымдарын қолдану болжанған қауіпті аймақтардың радиусын, жер бедерін, метеожағдайларды, жақын орналасқан объектілердің сипатын, қауіпті аймақты күзету сенімділігі мен көрсетілім қауіпсіздігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, жүргізілуі тиіс.
Қауіптілігі IV сыныпты азаматтық пиротехникалық заттармен және бұйымдарымен фейерверктерді көрсету орны әкімшілік бекіткен және жоғары тұрған ұйыммен келісілген сызбаға сәйкес өртенетін құрылыстардан, отын қоймаларынан, піскен дәнді дақылдар немесе пішен алқаптарынан, сабандар, қылқанды ормандардан, электр желілерінен кемінде 500 м қашықтықта, өртенбейтін құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта болуы тиіс.
Фейерверк көрсету үшін ең ыңғайлы орын үлкен су қоймаларының жағалаулары болып табылады. Құрылғыларды іске қосу орны көрермендердің іске қосу алаңынан 100 м қашықтықта, жел жағында болатындай түрде таңдалуы керек.
44. Фейерверктер көрсету үшін тыйым салынатын орындарға:
1) азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтін аумақтар, ғимараттар, құрылымдар, құрылыстар;
2) қауіпті және зиянды өндірістерге жақын орналасқан аумақтар мен объектілер, сондай-ақ көлік тораптары (көпірлер, өтпе жолдар, автомобиль жолдарының болу жолақтары, темір жол мұнай-газ құбырлары және жоғары вольтты электр тарату желілері, өрт және аса қауіпті жарылғыш объектілері);
3) аурухана ғимараттары мен балалар мекемелеріне тікелей жақын орналасқан аумақтар;
4) рухани - мәдени маңызы бар объектілердің аумағы, тарихи және мәдени ескерткіштер, зираттар мен ғибадат ету құрылыстары, қорықтар, қаумалдар, ұлттық саябақтар мен тауап ету орындары объектілерінің аумақтары жатады.
35. Фейерверк тек мекеменің (кәсіпорынның) жауапты адамның күзет дайындығы мен өртке қарсы іс-шаралардың орындалуы туралы маман-пиротехниктің журналына қол қойғаннан кейін ғана басталады.
46. Фейерверктерді көрсету кезінде тек белгіленген тәртіпте аттестацияланған іске қосу құралын пайдалануға рұқсат етіледі. Фейерверктер көрсету қолданылатын азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар және іске қосу құралы оған қоса берілетін пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте қолданылуы тиіс. Пайдалану бойынша нұсқаулықты сақтауға фейерверктер көрсетуді өткізетін ұйым жауапты болады.
47. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдардың ұрлануы немесе жоғалуы фактісі туралы аумақтық ішкі істер органдарына дереу хабарлау қажет.
48. Фейерверк жүргізілетін алаңдарда:
1) темекі шегуге және от жағуға;
2) мас күйде жұмыс істеуге;
3) фейерверк құралдарын күзетусіз қалдыруға қатаң тыйым салынады.
49. Фейерверк аяқталғаннан кейін жанбай қалған бұйымдар мен элементтерді жинау мақсатында көрсету шарасын ұйымдастырушылар фейерверк жүргізілген алаңды мұқият қарайды.
50. Фейерверк жүргізілетін алаңды күзету барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін фейерверк басшысының келісімімен ғана тоқтатылады.
Қауіпті аймақты күзету мен өртке қарсы іс-шаралар фейерверк аяқталғаннан кейін және фейерверктерді экспонаттауға жауапты адамдардың тексеруінен кейін ғана тоқтатылады.
51. Фейерверк аяқталғаннан кейін оның еткізілгендігі және сөндірілу туралы акті үш данада жасалып, оған фейерверк басшысы мен фейерверкке тапсырыс беруші өкіл қол қояды.
4. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды тасымалдау тәртібі
52. Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды тасымалдау үдерісінде мынадай қауіпсіздік талаптары орындалады:
1) пиротехникалық заттар мен бұйымдарды тасымалдау олардың қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз етеді және өнімнің қауіптілік сыныбын ескере отырып, көлік түріне қолданылатын жүк тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
2) пиротехникалық заттар мен бұйымдар оралған, таңбаланған, манипуляция белгілері қойылған, тауарға қажетті ілеспе құжаттары бар және тасымалдау кезінде олардың тұтынушылық қасиеттері сақталған және пайдалану бойынша құжаттама талаптарына сәйкестік қамтамасыз етілген кезде ғана оларды тасымалдауға рұқсат етіледі;
3) азаматтардың жеке пайдалануы үшін тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық бұйымдарды пиротехникалық өнімдерді пайдалану құжаттарының талаптарын сақтай отырып, брутто салмағы бойынша 333 кг аспайтын мөлшерде тасымалдауға рұқсат етіледі;
4) көлік қауіптілігінің 1.4 кіші тобы бар пиротехникалық заттар мен бұйымдарды тасымалдау салмағы жағынан шектеусіз, жүк жөнелтуші немесе жүк қабылдаушы әзірлеген бағыт бойынша тасымалдау қағидаларының талаптарын сақтай отырып, қауіпті жүк тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлігі бар көлік жүргізушісі жүргізетін автомобиль көлігімен жүргізіледі. Жүкті алып жүру үшін жүк жөнелтуші немесе жүкті қабылдап алушы жауапты адамды бөледі, бұл функцияны тасымалданатын пиротехникалық заттар мен бұйымдардың қасиеттері мен ерекшеліктерін білетін жүргізуші орындауы мүмкін. Қауіпті жүкті тасымалдау бағытын келісу талап етілмейді.
52-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.11.2012 № 1503 Қаулысымен (07.11.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
53. Көлік қауіпсіздігінің 1.4-тен жоғары кіші тобы бар IV сыныпты пиротехникалық заттар мен бұйымдарды, сондай-ақ, V сыныпты пиротехникалық бұйымдарды тасымалдау:
1) Кеден одағына мүше жеке мемлекет аумағы бойынша Кеден одағына тиісті мүше мемлекет аумағында қолданыстағы қауіпті жүкті тасымалдау қағидаларына сәйкес;
2) Кеден одағына мүше кем дегенде екі мемлекеттің немесе үшінші елдің аумағы бойынша халықаралық жолдарда қауіпті жүкті тасымалдау туралы (ЖҚЖТ) Еуропалық келісімге сәйкес жүргізіледі.
54. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды темір жол көлігімен тасымалдау 1996 жылғы 5 сәуірдегі достастық елдерінің қатысушы мемлекеттері Темір жол көлігі бойынша кеңестің 15-отырысында бекітілген темір жол арқылы қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
55. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдау кезінде олардың сенімді күзетілуі қамтамасыз етіледі.
56. Тасымалданатын жүкті шайқалған және қатты қозғалған кезде оның құлауы, үйкелуі, бір-біріне және көлік қабырғасына соғылуы болмайтындай түрде орналастырылуы тиіс.
57. Барар жолда жартылай түсірілуге жататын өнімді тасымалдау кезінде олардың әрбір партиясының әрқайсысы бір-бірінен бөлек қойылып, қалған жүктер өз орындарынан қозғалмайтындай түрде бекітілуі керек.
5. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды жою тәртібі
58. Тұтынушылық қасиетін жоғалтқан және (немесе) техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін пиротехникалық заттар мен бұйымдар кәдеге жаратылуы тиіс, оның ішінде:
1) электрлік — тұтандырғышы істемей қалған;
2) құрамы тұтанбай қалған;
3) бұйым толық күйде жұмыс жасамаған;
4) электрлік - тұтанғыш сымдарының үзілген;
5) жарамдылық мерзімі аяқталған;
6) сәйкестендіру белгілері жоқ (жоғалған);
7) ақаулық белгілері анықталған;
8) контрафактілік пиротехникалық бұйымдар.
59. Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды кәдеге жарату үдерісінде мынадай қауіпсіздік талаптары орындалады:
1) пиротехникалық заттар мен бұйымдар тұтынушылар өрт қауіпсіздігі және жарылғыш қауіпсіздігі шаралары талаптарын сақтай отырып, пайдалану құжаттарында немесе бұйымдардағы таңбалау белгілері түріндегі көрсетілген талаптарға сәйкес жоюға жатады;
2) пиротехникалық заттар мен бұйымдарды өндіруге рұқсат ету құжаты бар ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық нұсқаулыққа (технологиялық үдеріске) сай пиротехникалық заттар мен бұйымдарды кәдеге жаратуды, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарынан қосарлы өнім (шикізат, материалдар, жинақтау элементтерін) алу мақсатында жүзеге асырады.
60. Барлық жұмыс істемей қалған бұйымдар мен элементтер жеткізуші зауыт әзірлеген нақты бұйымдарды пайдалану нұсқаулығына сәйкес жоюға жатады.
61. Жарамсыз пиротехникалық заттар мен бұйымдарды жою ішкі істер органы өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
6. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі
62. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен келісілетін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің лицензиясы бойынша мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) жеке немесе заңды тұлға басшысының қолдаухаты, онда әкелінетін және әкететін азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдардың атауы мен саны (салмағы); әкелетін (әкететін) жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің немесе паспортының нөмірі мен сериясы; көрсетілген бұйымдар әкетілетін және әкелінетін мемлекет; әкелу немесе әкету жүзеге асырылатын кеден органы көрсетіледі;
2) ерекшелігі қоса берілген, азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды жеткізуге арналған келісімшарт көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі берген импорттаушының (соңғы пайдаланушының) кепілдік міндеттерінің көшірмесі, (экспорттаушы елдің заңнамасында осындай құжатты, ұсыну көзделген жағдайда);
4) азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатып алуға аумақтық ішкі істер органы берген лицензияның көшірмесі;
5) азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға аумақтық ішкі істер органдары берген рұқсаттың көшірмесі;
6) лицензияланатын қызмет түрлерімен айналысу құқығына Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі берген лицензияның көшірмесі.
63. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды автомобиль көлігімен әкелу (әкету) кезінде қауіпті жүкті тасымалдаудың жол полициясы органдарымен келісілген бағыты ұсынылады.
63-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.11.2012 № 1503 (07.11.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
64. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ішкі істер министрлігі импортқа (экспортқа) арналған лицензияларды келіседі немесе импортқа (экспортқа) лицензияға келісуден бас тартады.
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларына 1-қосымша
Пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған дайын өнім мен олардың құрамдас компоненттерін есепке алу кітабы
_____________________________________________ (кәсіпорын, ұйым атауы)
20___ жылғы «__» __________ басталды
20___ жмлғы «__» __________ аяқталды
р/с № | Келіп түскен күні | Дайын өнім немесе компоненттерді босатқан ұйым атауы | Заттар мен бұйымдарды сатып алуға берілген лицензияның нөмірі және берілген күні, лицензияны берген ішкі істер органы | Заттар мен бұйымдардың атауы | Килограмм | Дана | Қоpaптар | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
#$Кітап нөмірленеді, бауланады және аумақтық ішкі істер органының "Лицензиялау-рұқсат беру жүйесі" мөрінің бедерімен бекітіледі.
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларына 2-қосымша
Пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған дайын бұйымдарды көтерме сауда тұтынушыларына босатуды есепке алу кітабы
________________________________________ (ұйым, мекеме атауы)
20___ жылғы «__» __________ басталды
20___ жылғы «__» __________ аяқталды
р/с № | Дайын өнімді босату күні | Заттар мен бұйымдарды сатып алуға берілген лицензияның нөмірі мен берілу күні, лицензияны берген ішкі істер органы | Заттар мен бұйымдардың атауы | Килограмм | Дана | Қораптар | Өнімдерді сатып алған заңды тұлғаның атауы | Тауарды алуға жауапты адамның Т.А.Ә. | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Кітап нөмірленеді, бауланады және аумақтық ішкі істер органының «Лицензиялау-рұқсат беру жүйесі» мөрінің бедерімен бекітіледі.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |