Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1503 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1303 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 19-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларында:
«4) көлік қауіптілігінің 1.4 кіші тобы бар пиротехникалық заттар мен бұйымдарды тасымалдау салмағы жағынан шектеусіз, жүк жөнелтуші немесе жүк қабылдаушы әзірлеген бағыт бойынша тасымалдау қағидаларының талаптарын сақтай отырып, қауіпті жүк тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлігі бар көлік жүргізушісі жүргізетін автомобиль көлігімен жүргізіледі. Жүкті алып жүру үшін жүк жөнелтуші немесе жүкті қабылдап алушы жауапты адамды бөледі, бұл функцияны тасымалданатын пиротехникалық заттар мен бұйымдардың қасиеттері мен ерекшеліктерін білетін жүргізуші орындауы мүмкін. Қауіпті жүкті тасымалдау бағытын келісу талап етілмейді.»;
«63. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды автомобиль көлігімен әкелу (әкету) кезінде қауіпті жүкті тасымалдаудың жол полициясы органдарымен келісілген бағыты ұсынылады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |