Toggle Dropdown
"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына криминалистік талаптар мен сынау әдістерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1146 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 1483 Қаулысы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы " 1995 жылғы 21 желтоқсандағы және "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы " 1998 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына криминалистік талаптар мен сынау әдістерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1146 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 524-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына криминалистік талаптар мен оларды сынау әдістерін, Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына криминалистік талаптар мен оларды сынау әдістері;
2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына қойылатын криминалистік талаптар мен сынау әдістерінде:
1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бөлім. Атыс, белгі беру, газды, электрлі, пневматикалық қаруға, оның патрондарына, сондай-ақ қаруға құрылымдық жағынан ұқсас бұйымдарға қойылатын криминалистік талаптар";
1-бөлімнің 2-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Атыс, белгі беретін, газды, электрлі, пневматикалық қаруға қойылатын жалпы криминалистік талаптар";
2-тараудың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Үрмелі қуаты 7,5 Джоульден (бұдан әрі - Дж) жоғары және калибрі 4,5 миллиметрден (бұдан әрі - мм) астам атыс, белгі беру, газды, электрлі, пневматикалық қарудың механикалық тәсілмен (соққы, қысым) немесе жоғары концентрацияланған энергия көздерін пайдаланып, оның ішінде лазермен орындалған, тереңдігі кемінде 0,2 мм өзін дараландыратын таңбалу белгісі (сериясы, нөмірі) болуға тиіс.";
20-тараудың 125-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"125. Ойық және тегіс ұңғылы атыс қарулары ұңғысыз, белгі беру, газды, электрлі, пневматикалық қарулар, олардың патрондары сияқты, сондай-ақ отандық және шетелде шығарылған қаруға құрылымы ұқсас бұйымдар.";
21-тарау алынып тасталсын;
23-тараудың 130-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"130. Объектілерді сынау келіп түскен материалдарды тіркеген күннен бастап 20 тәуліктің ішінде жүргізіледі.";
26-тараудың 165-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) барлық зерттелетін объектілерді криминалистік сынақтың анықтамасына ақпараттық парақтың деректерімен (зерттеу объектілермен бірге берілетін не Ақпараттық парақтар жинағында жарияланған немесе ақпараттық-іздеу жүйесінде бар) міндетті түрде салыстыру;";
мынадай мазмұндағы 166-1, 166-2, 166-3-тармақтармен толықтырылсын:
"166-1. Қорытындыға қосымша ретінде 4-қосымшаға сәйкес "Криминалистік сынақтардың анықтамасына ақпараттық парақтың" (бұдан әрі - ақпараттық парақ) екі данасы ресімделеді. Ақпараттық парақта: анықтаманың нөмірі және күні, сыналған үлгінің атауы, базалық үлгінің түрлендіру нөмірі, жасаушы, жасаушы ел, қысқаша қорытынды көрсетіледі және оның жалпы түрінің фотосуреті қоса тіркеледі.
Ақпараттық парақ қорытындының немесе анықтаманың артқы бетінде орналастырылады және сәйкестігін растау жөніндегі органға жіберіледі.
Атыс, сигнал, газды, электрлі, пневматикалық қаруды, оның патрондарын, сондай-ақ құрылымы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды зерттеу нәтижелері бойынша ақпараттық парақтар сыналған үлгіні Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрына енгізу туралы мәселені шешу үшін әкімшілік полиция бөліністеріне жіберіледі.
166-2. Ақпараттық парақтар, олардың мөрмен куәландырған көшірмелері, сондай-ақ белгілі бір уақыт кезеңіндегі (бір жылғы) жинақ түрінде жарияланған ақпараттық парақтар зерттеулер мен сараптамалар жүргізген кезде ресми анықтамалық-әдістемелік материалдар болып табылады.
166-3. Бөлек парақта ресімделген анықтамаға ақпараттық парақтардың телнұсқалары бақылау данасы ретінде мұрағат ісінде сақталады.
Ақпараттық парақтардың көшірмелері күнтізбелік жылдың ақпараттық парақтарының жинағы даналарын жасау үшін пайдаланылады.
Ақпараттық парақтардың файлдары сақталады және жинақтардың ақпараттық-іздеу жүйесі түріндегі электрондық нұсқасын жасау үшін дерекқор құрады.
Қорытындыларға қосымшалардың көшірмелері мұрағатта сақталады.»;
27-тарау алынып тасталсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидаларымен толықтырылсын;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына қойылатын криминалистік талаптар мен сынау әдістеріне 1, 2 және 3-қосымшалар алынып тасталсын;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына қойылатын криминалистік талаптар мен сынау әдістеріне 4-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Криминалистік сынақтардың анықтамасына ақпараттық парақ 20 ___ жылғы "____"________ №_________ анықтама".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1483 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 29 қарашадағы
№ 1146 қаулысымен
бекiтiлген
Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының криминалистiк талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру
қағидалары
1. Осы Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының криминалистiк талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы " 1995 жылғы 21 желтоқсандағы және "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы " 1998 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленген және азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының криминалистiк талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру тәртібін айқындайды.
2. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының криминалистiк талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру тәртібі
2. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының криминалистiк талаптарға сәйкестігіне қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) алу үшін арыз беруші қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мынадай құжаттар мен объектілерді:
1) сынақтар жүргізуге арызды;
2) стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды немесе техникалық тапсырманы, жұмыс сызбаларын, фирманың каталогын, қару паспортының түпнұсқасын және оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мемлекеттік және орыс тілдерінде;
3) арыз беруші фирманың басшылығы растаған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сынау объектісін сатып алу туралы шарттың көшірмесін;
4) сынау объектісін тізімдеме бойынша ұсынады.
3. Ұсынылған құжаттарды қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган күнтізбелік 25 күннен асырмай қарайды.
Осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген құжаттар толық ұсынылмаған немесе толық емес ақпарат ұсынылған жағдайда құжаттар қаралмай арыз берушіге күнтізбелік 2 күн ішінде қайтарылады.
4. Қарудың криминалистік талаптарға сәйкестігін сынау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес криминалистік сынақтар анықтамасы (бұдан әрі – анықтама) ресімделеді.
Анықтама ұсынылған объектілердің әрбір базалық үлгісіне жеке ресімделеді.
Бұрын сыналған және оның нәтижелері бойынша Мемлекеттік кадастрға енгізілген объектілер қайта немесе қосымша сынауды талап етпейді.
5. Анықтаманың негізінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қорытынды ресімделеді.
6. Сыналған объектілерге қорытындылар тікелей арыз берушіге беріледі.
7. Қорытынды жоғалған немесе бүлінген жағдайда арыз беруші күнтізбелік он күн ішінде қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті органға қорытындының телнұсқасын беру туралы өтініш білдіреді.
Қорытындының телнұсқасын алу үшін арыз беруші Қорытындының телнұсқасын беру туралы арыз ұсынады.
Қорытындының телнұсқасы 3 жұмыс күні ішінде беріледі.
Азаматтық және қызметтiк
қару мен оның патрондарының
криминалистiк талаптарға
сәйкестігіне қорытындылар
беру қағидаларына
1-қосымша
Қару айналымын бақылау саласындағы
уәкілетті органға сынауға ұсынылған
МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ТІЗІМДЕМЕСІ
_______________________ өкілі _______________________________
(бастамашы) (тегі, аты, әкесінің аты)
20____ жылғы " ____"_________ сынақ жүргізу үшін мынадай материалдарды ұсынғаны, ал сынақ зертханасы оларды қабылдап алғаны расталады:
Р/с № | Материалдардың атауы | Саны | Қосымша мәліметтер |
| | | |
| | | |
| | | |
Материалдарды тапсырған: __________________ _______ __________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә)
Материалдарды қабылдаған: __________________ _______ _________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә)
Азаматтық және қызметтiк
қару мен оның патрондарының
криминалистiк талаптарға
сәйкестігіне қорытындылар
беру қағидаларына
2-қосымша
№ _________ 20____ жылғы "___" ________
Cіз ұсынған шығыс № __________________________________________
(қаруды немесе патрондарды сынақ зертханасына жіберу туралы
____________________________________________________________________
сынақ бастамашысы хатының деректемелері көрсетіледі)
____________________________________________________________________
Бұйым ______________________________________________________________
(өндіруші фирманың толық атауы,
____________________________________________________________________
қарудың моделі, калибрі және нөмірі көрсетіледі)
Жүргізілген сынақтардың нәтижесінде: _______________________________
(негізгі нәтижелер қысқаша баяндалады)
____________________________________________________________________
Сынауды жүргізген: _________________________________________________
(сынақ зертханасы криминалисінің Т.А.Ә)
____________________________________________________________________
(сынақ зертханасы бастығының немесе оның орынбасарының Т.А.Ә)
Азаматтық және қызметтiк
қару мен оның патрондарының
криминалистiк талаптарға
сәйкестігіне қорытындылар
беру қағидаларына
3-қосымша
Криминалистік сынақ бойынша
№ ____ қорытынды
20____ жылғы "____" ________
1. Арыз: 20____ жылғы "____" ______________ кіріс № ________________
Арыз беруші:_________________________________________________________
Заңды мекенжайы: ____________________________________________________
3. Сынақ объектілерінің үлгілері:
Криминалистік сынақ бойынша
ШЕШІМ
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Министрдің орынбасары ____________________ ______________________
Азаматтық және қызметтiк қару
мен оның патрондарына
криминалистiк талаптар мен
оларды сынау әдiстерiне
4-қосымша
Криминалистiк сынақтардың анықтамасына ақпараттық парақ
20 ____жылғы "___"________№ ________анықтама
Сыналған үлгiнiң жалпы түрiнiң фотосуретiне арналған орын (өлшемi 9x12) |
Бұйым ___________________________________________________________
(сыналған үлгiнiң толық атауы, каталогтар бойынша нөмiрi, базалық
_________________________________________________________________
үлгiсiнiң түрлендiру нөмiрi, жасаушы, жасаушы ел көрсетiледi)
Нәтиже __________________________________________________________
(қысқаша қорытынды көрсетiледi)
Техникалық сипаттамалары:________________________________________
Қолы ____________________________________________________________
(сынақ зертханасы бастығының немесе оның орынбасарының Т.А.Ә)