Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
"Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қарашадағы № 1477 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1279 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 1, 4-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егiп бағалауды жүзеге асыру қағидаларында:
«9. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткiзудi байқаудан өткiзушiлер тұқым өндiрушiлердiң облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына берген өтiнiмдерi бойынша жүргiзедi.»;
«бiрiншi және кейiнгi көбейтiлген тұқым шаруашылығы егiстерiн - тұқым өндiрушi өкiлiнiң қатысуымен байқаудан өткiзушiлер жүргiзедi.»;
«Тұқымдық бақылау кезiнде, оның ішінде даулы жағдайларда бақылау сынамаларын іріктеуді ұлттық стандарттарға сәйкес мемлекеттік тұқым инспекторы тұқым иесi өкiлiнің және сатып алушының қатысуымен жүргiзедi. Даулы жағдайларда бақылау сынамаларын іріктеуді сатып алушысыз жүргiзуге жол берiледi.»;
«22. Тұқымдық бақылау кезiнде, оның ішінде даулы жағдайларда тұқым сапасын сараптау қолданыстағы ұлттық стандарттарға сәйкес жүргiзiледi.»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Аттестатталған тұқым сапасына сараптау жасау жөнiндегi зертханалардың тұқымдардың сорттық және тұқымдық сапасына сараптама жүргiзуiн және олардың нормативтiк құқықтық актiлер мен ұлттық стандарттарды сақтауын бақылауды мемлекеттік тұқым инспекторлары жүзеге асырады.»;
төртінші бөлік алынып тасталсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Басқа анықтамалар:_____________________________________
Қорытынды мен ұсыныстар: ____________________________________________________________________ Толық немесе толық емес талдау жүргiзген кезде: ________________________________________________________________
Тұқымдар мынадай көрсеткiштер бойынша сапасыз | Талдау кезiнде анықталды | Стандартпен белгiленгенi |
Тұқымдар ________________ және қайтадан толық талдауға жатады
(өңдеу түрi)
Толық емес талдау жүргiзген кезде:
Тұқымдар __________________________________________________
(талдау жүргiзiлген көрсеткiштердің атауы)
бойынша ұлттық стандарттың талаптарына сай келеді.
Зертхана меңгерушiсi ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы, мөрi)
20__ жылғы ________________»;
(күнi, айы)
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы қаулыға косымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді жүзеге асыру қағидаларында:
«4) ұлттық стандарттарға сәйкес iрiктелген тұқым сынамаларын жібереді.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларында:
«2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сапасына сараптама жасау ұлттық стандарттар белгілеген барлық көрсеткіштер (толық талдау) бойынша немесе нормаланатын көрсеткіштердің барлықтары емес (толық емес талдау) бойынша қолданыстағы ұлттық стандарттарға сәйкес жүргізіледі.»;
3-тармақтың бірінші және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұқым егістері сапасының ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестiгiн белгілеуді аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар тұқым партиясынан ұлттық стандарттарға сәйкес iрiктеп алынған орташа сынаманы зерттеу негізінде жүргізеді. Тұқымның сорттық сапасы сорттық егiстердi байқап көру актiсiмен расталады.
Тек себуге ғана арналған тұқым партиясынан сынамаларды iрiктеп алуды тұқым сарапшылары тұқым өндiрушiлердiң өтiнiмдерi бойынша және (немесе) аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен және тиiстi қорытындысы бар тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.»;
«5. Тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк егiс сапасы толық талдауға тексерiлген және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келетiн тұқым партияларына беріледі. Тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.
Талдауын егiске дейiн күнтізбелік он бес және одан аз күн бұрын (сатуға арналған тұқымнан басқа) ылғалдылығы мен зиянкестермен жайлануын айқындамастан жүргiзетiн тұқымның өнгiштiгi орнына өмiрге бейiмдiлiк нормасын ескере отырып, жиналатын жылы себуге пайдаланылатын күздiк дақылдардың тұқымына кондициялылығы туралы куәлiк беруге жол берiледi.
6. Салмағы бақылау бiрлiгiнiң салмағынан артық тұқым партиясына тұқымның кондициялылығы туралы куәлiктi әр бақылау бiрлiгiнен iрiктеп алынған орташа сынамаларды талдау нәтижелерi негiзiнде партияның орташа арифметикалық көрсеткiштерi бойынша мынадай жағдайларда бередi:
1) партиядан iрiктеп алынған барлық сынамалардың талдау нәтижелерi барлық көрсеткiштері бойынша тұқымның егiс қасиеттерiнiң тиiстi ұлттық стандартының нормаларына сай келеді;
2) тұқым партиясы сапасының орташа арифметикалық көрсеткiштерi ұлттық стандарт нормаларына сай келеді, ал бақылау бiрлiктерiнiң бiр бөлiгiнiң тұқымдары сапасыз, бiрақ олардың сапа көрсеткiштерi орташа арифметикалық белгiленген рұқсат етілген алшақтықтардан аспайтын шамаға ауытқиды.
Сынамалардың бiр бөлiгiнде қаракүйелiк құрылымдардың, қастауыш пен басқа да саңырауқұлақтың қарамықтарының маңызы ұлттық стандарттарда белгiленген нормалардан екi еседен артық асқан жағдайда, тұқым партиясына тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк беруге жол берiлмейдi.»;
«8. Егер тұқымның кондициялылығы туралы куәлiктің қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейін қайтадан талдау кезiнде өнгiштiк көрсеткiшi бұрын белгіленген сыныпқа сай келсе, ал кене жайлаған тұқымдар үшiн жайлану көрсеткiшi ұлттық стандарт белгiлеген нормаға сай келсе, оның қолданылу мерзiмi ұзартылады. Бұл жағдайда бұрын берiлген тұқымның кондициялылығы туралы куәлiкке қосымша ретiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымды талдау нәтижесi берiледi.
9. Егiс сапасына тиiстi ұлттық стандарттың талаптарына жауап бермейтiн тұқымдардың партияларына (оларды толық талдау кезiнде), сондай-ақ көрсеткiштердiң барлығы тексерiлмеген тұқымдарға (толық емес талдау) тұқымдарды талдау нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.
10. Салмағы бақылау бiрлiгiнiң салмағынан артық тұқым партиясына осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тұқымдарды талдау нәтижесiн бередi.
Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымды талдау нәтижесi партияның орташа арифметикалық көрсеткiштерi бойынша мынадай:
1) сынамалар толық емес талдауға тексерiлген және алынған нәтижелер ұлттық стандарт нормаларына сай келген;
2) барлық сынамаларды талдау нәтижелерi стандарттың белгiленген ұлттық нормаларына сай келмеген;
3) сынамалардың бiр бөлiгiн талдау нәтижелерi және партияның орташа арифметикалық көрсеткiштерi ұлттық стандарттың нормаларына сай келмеген жағдайларда беріледi.
Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдау нәтижесi мынадай жағдайларда бөлуге жататын әр бақылау бiрлiгiн талдау нәтижесiн көрсете отырып берiледi:
1) тұқым партиялары қаптарда сақталады, бақылау бiрлiктерiнiң бiр бөлiгiн талдау нәтижелерi және партия бойынша орташа арифметикалық көрсеткiштер ұлттық стандарттың белгiленген нормаларына сай келмейді, ал бақылау бірліктерінің бiр бөлiгi нормаларға сай келеді;
2) тұқым партиялары бойынша орташа арифметикалық көрсеткiштер тұқымдардың егiс қасиеттеріне ұлттық стандарттың нормаларына сай келеді, ал бақылау бiрлiктерiнiң бiр бөлiгi кондициялылығы және олардың сапа көрсеткiштерi орташа арифметикалық ұлттық стандарт жол беретiннен артық шамаға ауытқиды;
3) кейбiр бақылау бiрлiктерiнде карантиндiк арамшөптер және аурулар немесе тiрi зиянкестер (оның iшiнде маңызы нормаланатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдарында 1 кг-ға 20 данадан астам кене) табылған.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қарашадағы № 1477 қаулысына қосымша
Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша
Аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананы тексеру актісi
___________________________________________________________ негiзiнде
(өтініштің, тексеруді тағайындау туралы актінің)
____________________________________________________________________
(аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың атауы)
____________________________________________________________________
тұқымның сорттық және егу сапасына сараптама жасау жөнiндегi орындалатын жұмыстар бойынша және оның тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен ұлттық стандарттарды сақтауына тексеру жүргізілді.
Тексеру жүргiзiлген күн: 20__ жылғы «__» ____ бастап «__» _____ дейін
Тексеру нәтижелерi
Меншік құқығында не өзге де заттай құқықта ғимараттың (үй-жайдың) бар болуы*
_____________________________________________________________________
Зертханалық жабдықтардың және өлшеу құралдарының бар болуы*
_____________________________________________________________________
Химиялық реактивтердің, материалдар мен мүкәммалдың бар болуы*
_____________________________________________________________________
Тұқымдардың сынамаларын сақтауға арналған сөрелердің бар болуы*
_____________________________________________________________________
Мамандардың бар болуы, олардың бiлiктiлiгi* _________________________
_____________________________________________________________________
Өзекті етілген нормативтiк-техникалық құжаттардың бар болуы*
_____________________________________________________________________
Тұқымдарды егу сапасын анықтау әдістемесін сақтау ___________________
_____________________________________________________________________
Анықталған бұзушылықтар _____________________________________________
_____________________________________________________________________
Қорытынды ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Аттестатталған тұқым
сапасына сараптама жасау
жөнiндегi зертхананың өкiлi
___________________ ____________ _______________________________
(лауазымы) (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты, мөр)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің
Агроөнеркәсiптiк кешендегi
мемлекеттiк инспекция
комитетi аумақтық
инспекциясының тұқым
шаруашылығы жөнiндегi
мемлекеттiк инспекторы _____________ ___________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты)
Ескертпе: «*» белгісі бар – Аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың қағидаларына сәйкес тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптар.