• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 20.09.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 маусым N 808
"Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттау ережесі; 2) іздестіру-құтқару, тау-кен-құтқару, газдан құтқару және атқыламаға қарсы жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын авариялық-құтқару қызметтеріне және құрамаларына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы N 808 қаулысымен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттау ережесі
1. Кәсіптік авариялық-құтқару қызметтері, кәсіптік және ерікті авариялық-құтқару құрамалары (бұдан әрі - АҚҚ) және құтқарушылар аттестаттауға жатады. 
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тартылған АҚҚ және құтқарушыларды аттестаттау: 
1) олардың авариялық-құтқару жұмыстарын орындау даярлығының дәрежесін; 
2) тиісті техниканың, мүліктің және жабдықтардың болуы және жай-күйін; 
3) құтқарушылардың кәсіби дағдысына, медициналық даярлығына, дене, психологиялық және моральдық дайындығына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі. 
3. АҚҚ және құтқарушылар бастапқы, қайталама, мерзімді және кезектен тыс аттестаттауға жатады: 
1) бастапқы аттестаттауға жаңадан құрылған АҚҚ, сондай-ақ құтқарушы болуға тілек білдірген азаматтар жатады;