• Мое избранное
"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 178 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1173 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сағынтаев                    -  Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Әбдірұлы               Министрінің бірінші орынбасары -
                                Қазақстан Республикасының Өңірлік
                                даму министрі, төраға

Құсайынов                    -  Қазақстан Республикасының Экономика Марат Әпсеметұлы және бюджеттік жоспарлау
                                вице-министрі, төрағаның орынбасары

Шаяхметов                    -  Қазақстан Республикасының Білім және
Саят Болатұлы                   ғылым вице-министрі

Тұрғымбаев                   -  Қазақстан Республикасы Ішкі істер Ерлан Заманбекұлы министрінің орынбасары;
мына:
«Шварцкопф                   -  Қазақстан Республикасының
Илона Альбертовна               Экономикалық даму және сауда
                                министрлігі Мемлекеттік активтерді
                                басқару саясаты департаментінің
                                директоры, хатшы,»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Шварцкопф                   -  Қазақстан Республикасы Экономика және
Илона Альбертовна               бюджеттік жоспарлау министрлігі
                                Мемлекеттік активтерді басқару
                                саясаты департаментінің директоры,
                                хатшы»;
көрсетілген құрамнан Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Абай Мұқашұлы Ескендіров, Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков, Қайрат Сағатханұлы Тыныбеков шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы стратегиялық объектілер жөніндегі комиссия туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол Комиссияның қызметін ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           С. Ахметов