Toggle Dropdown
Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 629 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5494 болып енгізілді.
Toggle Dropdown
Осы редакция 12.03.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Toggle Dropdown
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 635-бабының 4-тармағына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес Б Ұ ЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес валюталық түсiм түсуі туралы шешімнің нысаны бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелеріне немесе екінші де ң гейдегі банктерге жа ң а салықтық тексеру басталған күннен кейін 5 жұмыс күні ішінде қайтарылуға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау бойынша салықтық тексерудің басталу кезіндегі жағдайы бойынша валюталық түсiмнің түсуі туралы қорытындыны ұсыну туралы паспорт м ә мілесіні ң дайындау орнына байланысты тиісті сұрау салуларды жіберуді қамтамасыз етілсін.
Toggle Dropdown
Сұрау салу кезінде салық төлеушінің атауы, СТН, БСН/ЖСН (олар болған жағдайда), заңды тұлғалардың және құрылымдық бөлімшелердің (бөлімшелердің, өкілдіктердің) КҰЖК коды, келісім-шарттың күні және нөмірі, мәміле паспортының күні және нөмірі, нұсқаманың тіркелген күні және нөмірі, сұрау салу кезеңі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аймақтық бөлімшелеріне (келісім бойынша) немесе екінші деңгейдегі банктер осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген нысан бойынша валюталық түсiмнің түсуі туралы қорытындыны сұрау салуды жолдаған Салық қызметі органына, сұрау салуды алғаннан бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберуді қамтамасыз етсін.