Toggle Dropdown
1
"Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 146 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 наурызда № 7487 тіркелді
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5494 тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы № 42 (1639) «Заң газетінде» жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«2. Салық қызметі органдары, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша салықтық тексерудің басталған күніндегі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі жөніндегі қорытындыны беру туралы сұрау салуларды салықтық тексеру басталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына немесе келісімшарттың есепке алу нөмірін беру немесе олар бойынша экспорт жөніндегі келісімшарттарға есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорттары ресімделген келімшарттарға қатысты есепке алу нөмірін беру немесе мәміле паспорттарын ресімдеу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкілдіктер арқылы қызметтерін жүзеге асыратын резидент еместерге қатысты филиалдың немесе өкілдіктің банк шоттарын ашу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге.
Toggle Dropdown
Сұрау салуды жіберу кезінде: салық төлеушінің атауы, салық төлеушінің 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі тіркеу нөмірі (СТН) және заңды тұлғалар және құрылымдық бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері) бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышы бойынша (КҰЖС) коды, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), келісімшарттың нөмірі және күні, сұрау салынған кезең, нұсқамалардың тіркеу нөмірі және күні көрсетіледі. Экспорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлерін алған немесе мәміле паспорты ресімделген келісімшарттарға қатысты сұрау салуда сол сияқты келісімшарттың есепке алу нөмірі және оның берілген күні немесе мәміле паспорттарының нөмірі және күні көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін бар болған жағдайда ЖСН/БСН көрсетіледі.»;
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосымша, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуін және оның кейiннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Қаржы министрі Б. Жәмішев
Toggle Dropdown
КЕЛІСІЛДІ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Toggle Dropdown
Г.А. Марченко ___________
Toggle Dropdown
2012 жылғы 12 наурыз
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 146 бұйрығына қосымша
Toggle Dropdown
20 __ жылғы «___» _____ бастап 20 __ жылғы «__» _____ кезеңдегі валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды
Toggle Dropdown
№ р/с | Тексеріліп жатқан салық төлеуші | Шот валютасы | Валюталық түсімнің түсуі туралы мәліметтер | Келісімшарттың нөмірі мен күні | Келісімшарттың есепке алу нөмірі және оны берген күні немесе мәміле төлқұжаттарының нөмірі және күні |
| 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ОКПО коды | 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі СТН | ЖСН/БСН (2013 жылғы 1 қаңтарға дейін болған жағдайда) | Салық төлеушінің атауы | жіберушінің атауы | күні | төлем сомасы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
| | | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
Ескертпе:
Toggle Dropdown
2-баған заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшемелері бойынша толтырылады (филиалдарға, өкілдіктерге);
Toggle Dropdown
11-баған экспорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле төлқұжаттары ресімделген келісімшарттарға қатысты толтырылады.