Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдік пен кепілдемелерді беру ережесі бекітілсін.
Отправить по почте
Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарғын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 55 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 5 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5231 болып енгізілді.
#$Қолданушылардың назарына Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 331-бабының 4-тармағына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдік пен кепілдемелерді беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (Г.А. Ділімбетова):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовқа жүктелсін.
Төрайым Е.Л. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 55 қаулысымен бекітілді
Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесі