• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 10.10.2006 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 11 ақпан N 336

Күші жойылды ҚР Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 0 44-бабының
20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес қаулы етемін: 
1. "Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039  Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның құрамына Окшин Юрий Васильевич - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Мұқашев Рахмет Желдібайұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Избанов Мұхит Кәрімұлы - Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары енгізілсін;
аталған құрамнан Арғымбаев Еркебек Қамбарұлы, Қасымов Сабыр 
Ахметжанұлы, Козлов Александр Федорович, Нұрмағамбетов Аманжол Мағзұмұлы 
шығарылсын; 
     Комиссия мүшесі Белоруков Николай Васильевич Комиссия төрағасының 
орынбасары болып бекітілсін. 
     
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
            Президенті 
     
     
     Оқығандар:
     Қасымбеков Б.А. 
     Икебаева Ә.Ж.