• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1185 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы N 104 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Әлеуметтiк мәнi бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1185  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., N 45, 562-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулыға қосымшада: 
20, 36, 37 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
"20. Петропавл - Қызылорда; 
36. Қарағанды - Ақтоғай; 
37. Астана - Қызылту; 
45. Астана - Маңғыстау;"; 
мынадай мазмұндағы 55, 56, 57-тармақтармен толықтырылсын: 
"55. Алматы - Сарыағаш; 
56. Астана - Тобыл; 
57. Астана - Жезқазған.". 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі