Toggle Dropdown
Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы N 71-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3515
Редакция 09.12.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесі бекітілсін.
2. "Табиғи монополия субъектілерінің мүлкін иеліктен айыруды және онымен өзге мәмілелер жасауды уәкілетті органмен келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 5 мамырдағы
N 125-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2324 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте 2003 жылғы 14 маусымда N 24 (129)" жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.С.Орымбаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2005 жылғы 4 наурыздағы
N 71-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау
жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереженің мақсаты табиғи монополия субъектілерінің уәкілетті органға мәмілелер жасау үшін ұсынатын құжаттардың, ақпараттың (мәліметтердің) тізбесін, өтініштерді қараудың тәртібі мен мерзімдерін, табиғи монополия субъектісінің мүлкін иеліктен айыруға, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен өзге де мәмілелер жасауға, табиғи монополия субъектісінің өзі тасымалдайтын немесе беретін, өзінің тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуына, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына және табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін мүлікті жалға алуға уәкілетті органның келісімін алу туралы өтініштерді ұсыну тәртібін айқындау болып табылады.
3. Осы Ереженің қолданылу күші табиғи монополиялар субъектілеріне (бұдан әрі - Субъект) қолданылады.
4. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер:
1) мүлікпен мәмілелер келісуді көздейтін Субъектінің мүлкі (бұдан әрі - Субъектінің мүлкі) – ақшаны, оның ішінде шетелдік валютаны қоспағанда, Субъектінің иесіндегі жылжитын және жылжымайтын мүлік;
2) құзыретті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) Субъектінің мүліктерін иеліктен айыру - Субъектінің мүлікті иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі өздерінің құқықтарын басқа адамның (адамдардың) меншігіне беру;
4) Субъектінің мүлкімен мәмілелер – Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес стратегиялық объект болып табылатын мүлікпен мәмілені қоспағанда, Субъектінің мүлкіне құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған іс-әрекеттер;
5) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) өтініш - Субъектінің мәміле жасауға келісім алу туралы жазбаша арызы.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
5. Уәкілетті орган мынадай мәмілелерді жүзеге асыруға келісім береді:
1) Субъектінің мүлкін, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген иеліктен айырылатын мүліктің теңгерімдік құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімге сәйкес оның активтерінің теңгерімдік құнынан 0,05 пайызға асып түссе иеліктен айыру;
2) Субъектінің мүлкімен, егер мәміле жасауға қатысты ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген мүліктің теңгерімдік құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімге сәйкес оның активтерінің теңгерімдік құнынан 0,05 пайызға асып түссе өзге мәмілелер жасау;
3) өзінің тұтынуы үшін емес субъектінің оған тасымалданатын мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, газ конденсатын немесе берілетін электр және жылу энергиясын сатып алуы;
4) теңгерімдік құны бухгалтерлік теңгерімде ескерілген ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімге сәйкес оның активтерінің теңгерімдік құнынан 0,05 пайызға асатын реттелетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікті жалға алу;
5) Субъектінің акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алуы, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандары.
Банкроттық, оңалту рәсімдері кезінде Субъектінің мүліктерін иеліктен айыру уәкілетті органның келісімімен жүргізіледі.
Субъектінің акцияларды төлеу есебіне мүліктерді иеліктен айыру кезінде, Субъект уәкілетті органның мүлікті иеліктен айыруға, сондай-ақ олардың акцияларды сатып алуына осы Ережеде белгіленген тәртіппен келісімін алу.
2. Өтініштерді қараудың тәртібі мен мерзімі
6. Субъектінің мүлкін иеліктен айыруға немесе Субъектінің мүлкімен өзге мәмілелер жасауға, Субъектінің өзінің тұтынуына арналмаған тасымалдайтын мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, газ конденсатын немесе берілетін электр және жылу энергиясын, акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алуына, сондай-ақ ол үшін рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен оның қатысуына және реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын мүліктерді жалға алуды жүзеге асыруға уәкілетті органның келісімін алу үшін Субъект уәкілетті органға осы Ережеге Қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
7. Уәкілетті органға берілетін құжаттар, ақпарат (мәліметтер) өтінішпен бірге тігілуге, нөмірленуге және өтініш беретін Субъектінің мөрімен, сондай-ақ оның бірінші басшысының не растау құжаты болған кезде оны алмастыратын тұлғаның қолымен расталуға тиіс.
Бұл ретте өтінішке қол қоятын бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға мүлікке қатысты тиісті мәміле жасалып отырған үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбағанын жазбаша түрде растайды.
8. Ұсынылған қаржылық құжаттарға, растаушы құжаттар болған кезде Субъектінің бастығы, бас бухгалтері немесе растаушы рұқсат болған жағдайда оларды алмастыратын тұлғалар қол қоюға және Субъектінің мөрімен расталуға тиіс.
9. Уәкілетті орган, егер:
1) Субъектінің өтінішін қанағаттандыру Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға алып келеді;
2) Субъектінің өтінішін қанағаттандыру тиісті тауар нарығының табиғи монополия жағдайынан бәсекелес нарық жағдайына экономикалық ақталған өтуін тежеуге алып келеді;
3) Субъект Ереженің 23, 25, 26, 30-тармақтарында көрсетілген құжаттарды және 27-29-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді бермеген жағдайда өтінішті қабылдамайды.
10. Уәкілетті орган Субъектімен мәмілелер жасаудан, егер:
1) мәміле жасау Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) арттыруға;
2) мәміле жасау технологиялық жүйеге үзіліссіз байланысты бұзуға;
3) мәміле жасау ұсынылатын реттелетін қызметтерді (өндірілетін тауарларды, жұмыстарды) үзуге немесе олардың көлемдерін едәуір төмендетуге;
4) мәміле жасау тұтынушылармен жасалған шарттарды бұзуға;
5) осы Ереженің 6-8-тармақтарында көзделген талаптарды Субъект сақтамаған кезде;
6) акциялары (қатысу үлестері) сатып алынатын заңды тұлғаның атауы табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес берілген уәкілетті органның рұқсат етуші құжатындағы атауға сәйкес келмесе, бас тартады.
Өтінішті қанағаттандырудан бас тартуға өтініш беруші жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдана алады.
11. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12. Уәкілетті орган, Субъектінің жоғарыда көрсетілген құжаттарды, ақпараттарды (мәліметтерді) ұсынудың және (немесе) Субъектінің бұрын ұсынылған материалдарда қамтылатын фактілердің өзгерістері туралы жазбаша хабарламасын не Субъектінің пікірі бойынша өтінішті қарау үшін маңызды болып табылатын ақпаратты алудың мүмкін еместігін түсіндіретін себептер туралы құжаттар немесе ақпараттар (мәліметтер) қоса берілген осы өтінішті алған күн, өтініш берілген күн деп есептеледі.
13. Уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей оны қарайды және Субъектіге қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
14. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
15. Субъект өтініш берген кезде ұсынылған құжаттарға, ақпараттарға (мәліметтерге) қосымша ретінде өздігінен уәкілетті органға Субъектінің пікірі бойынша өтінішті қарау үшін маңызды болып табылатын кез келген ақпаратты жібере алады.
16. Коммерциялық құпияны құрайтын құжаттарды, ақпараттарды (мәліметтерді) Субъект "коммерциялық құпия" деген міндетті белгімен жеке мұқабада ұсынады. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат Субъектінің уәкілетті органға қарау үшін ұсынылған құжаттарының, ақпараттарының (мәліметтерінің) тізбесіне енгізіледі.
17. Құжаттарда, ақпараттарда (мәліметтерде) коммерциялық құпияның болуы оны уәкілетті органға ұсынудан бас тарту үшін негіз бола алмайды, сонымен бірге Субъект және өзге де мүдделі тараптар уәкілетті органға құжаттарды, ақпараттарды (мәліметтерді) ұсынған кезде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің түбегейлі тізбесін, коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесін анықтайтын ішкі актінің көшірмелерін қоса көрсетуге тиіс.
18. Құжаттардың, ақпараттардың (мәліметтердің) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс болуы уәкілетті органға оны ұсынудан бас тарту үшін негіз бола алмайды.
19. Өтініште, құжаттарда, ақпараттарда (мәліметтерде) қамтылған және шешім қабылдау үшін маңызы бар фактілерді өзгертуді Субъект уәкілетті органның назарына жазбаша түрде дереу жеткізеді.
20. Субъект өтінішті уәкілетті органға табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің тиісті бөліміне оны енгізу орны бойынша береді.
Егер Субъект бір мезгілде Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық та, жергілікті де бөлімдеріне енгізілген жағдайда, онда өтініш Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген орны бойынша беріледі.
21. Субъектінің мүлкін иеліктен айыруға, Субъектінің мүлкімен өзге де мәмілелер жасауға, Субъектінің өзі тасымалдайтын немесе беретін, өзінің тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуына, Субъектінің акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алуына, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына және реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікті жалға алуды жүзеге асыруға уәкілетті органның келісімін алу осы мәміле жасалғанға дейін жүзеге асырылады.
22. Субъектінің мүлкін иеліктен айыру, Субъектінің мүлкімен өзге де мәмілелер жасау, Субъектінің өзі тасымалдайтын немесе беретін, өзінің тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуы, оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен қатысуы және реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) жүзеге асыруы:
1) Субъектінің бастамасы бойынша;
2) уәкілетті органның бастамасы бойынша жүргізіледі.
3. Субъектінің мүліктерін иеліктен айыруға немесе
Субъектінің мүлкімен өзге мәмілелер жасауға уәкілетті
органның келісімін алуға өтініштер берудің тәртібі
23. Субъектінің мүліктерін иеліктен айыруға немесе Субъектінің мүлкімен өзге мәмілелер жасауға уәкілетті органның келісімін алу үшін Субъект өтініш береді, оған мынадай құжаттар, ақпарат (мәліметтер) қоса беріледі:
1) осы мәміле туралы шарттың немесе шешімнің (бұйрықтың) жобасы;
2) мәміленің мәні болып табылатын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар: мүлікке меншік құқығын растайтын шарт немесе шешім (бұйрық), тіркеуші орган берген жылжымалы мүлікке және оның техникалық сипаттамаларына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама, төленбеген шоттардың (дебиторлық берешекпен мәміле жасау кезінде) тізілімі, Субъектінің басшысы және бас бухгалтері қол қойған, мөрмен расталған бухгалтерлік теңгерімнен үзінді көшірме - растау (үзінді көшірме иеліктен айырылатын мүліктің объектілер бойынша бөлінісіндегі атауын, үлгісін, түрін, түгендеу нөмірін, бастапқы және қалдық құнын қамтуға тиіс), мүлікке меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;
3) мәміле жасалған жағдайда оның салдарлары туралы құзыретті органның өтініш берілген күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей ұсынылған қорытындысы;
4) мүлікті өтінішті беру күніне алты айдан кешіктірілмей бекітілген бағалау актісі;
5) тендер нысанында өткізілетін сауда-саттықта Субъектінің мүлікін иеліктен айыру жағдайларын қоспағанда, мүлікті сатып алушы туралы ақпарат (өтінішті беру күніне алты айдан кешіктірілмей бекітілген атауы, тұрған жері, жарғының мен құрылтайшы шарттың көшірмесі немесе жеке басының куәлігі, қаржы жағдайы туралы мәліметтер);
6) мәміленің мәні болып табылатын (иеліктен айырылған мүліктің объектілер бойынша бөлінісіндегі атауы, үлгісі, түрі, түгендеу нөмірі, бастапқы және қалдық құны көрсетілген, Субъектінің барлық мүлкінің баланстық құнынан, процентте, барлығы) Субъекті мүлкінің тізбесі;
7) мәміле жасау Субъектінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым ставкасын) арттыруға алып келмейтіндігін және оның қаржы-шаруашылық қызметін нашарлатуға алып келмейтіндігін растайтын есеп айырысу;
8) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
24. Өндіріске арналған мүлікті иеліктен айыруды және реттелетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуды уәкілетті органның тиісті келісімін алғаннан кейін тендер нысанындағы сауда-саттықтарда Субъекті жүзеге асырады.
4. Субъектілерге оларға тасымалданатын мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, газ конденсатын немесе берілетін электр және жылу энергиясын өзінің тұтынуы үшін емес оның сатып алуына
уәкілетті органның келісімін алу туралы өтініштер берудің тәртібі
25. Субъектілерге оларға тасымалданатын мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, газ конденсатын немесе берілетін электр және жылу энергиясын өзінің тұтынуы үшін емес оның сатып алуына уәкілетті органның келісімін алу үшін Субъект өтініш береді, оған мынадай құжаттар, ақпараттар (мәліметтер) қоса берілуге тиіс:
1) осы мәміле туралы шарттың немесе шешімнің (бұйрықтың) жобасы;
2) мәміленің мәні болып табылатын Субъект тасымалдайтын мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, газ конденсатын немесе ол беретін электр және жылу энергиясын сатып алу қажеттігінің негіздемесі;
3) мәміле жасалған жағдайда оның салдарлары туралы құзыретті органның өтініш берілген күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей ұсынылған қорытындысы;
4) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5) Субъект тасымалдайтын, сатып алатын мұнайдын, мұнай өнімдерінің, газдың, газ конденсатының немесе ол беретін электр және жылу энергиясының тізімі;
6) мәміле жасау Субъектінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым ставкасын) арттыруға алып келмейтіндігін және оның қаржы-шаруашылық қызметін нашарлатуға алып келмейтіндігін растайтын есеп айырысу;
7) жасалатын мәміле бойынша шығындар.
5. Субъектінің акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына уәкілетті органның келісімін алу туралы өтініш беру тәртібі
26. Субъект акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алған, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен ол қатысқан жағдайда Субъект мынадай құжаттарды, ақпаратты (мәліметтерді):
1) мәміле жасалған жағдайда оның салдарлары туралы құзыретті органның өтініш берілген күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей ұсынылған қорытындысын;
2) мәміле жасау Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтің (бағаның, алым ставкасының) көтерілуіне әкелмейтінін және оның қаржы-шаруашылық қызметінің нашарлауына алып келмейтінін растайтын есебін;
3) жасалатын мәміле бойынша шығындарды қоса беріп өтініш ұсынады.
27. Дауыс құқығы бар сатып алынатын акциялар (қатысу үлестері) бойынша:
1) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс құқығы бар акциялардың (қатысу үлестерінің) жалпы санынан проценттік үлесін;
2) акциялары (қатысу үлестері) сатып алынатын заңды тұлғаның жарғылық капиталынан проценттік үлесін;
3) сатып алынатын акциялардың (қатысу үлестерінің) дауыс құқығы бар, дауысқа қойылатын мәселелердің тізбесін (ақпарат сатып алынатын акциялардың әрбір үлгісі бойынша жеке беріледі);
4) Субъект дауыс беретін акцияларды (қатысу үлестерін, пайларды) сатып алғаннан кейін оларға иелік етіп сайлай алатын, директорлар кеңесі (байқаушы кеңес) мүшелерінің осы органдардың құрамына проценттік арақатынастағы санын көрсету қажет.
28. Дауыс құқығы жоқ сатып алынатын акциялар (қатысу үлестері) бойынша:
1) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс құқығы жоқ акциялардың (қатысу үлестерінің) жалпы санының проценттік үлесін және акциялары (қатысу үлестер) сатып алынатын заңды тұлғаның жарғылық капиталының проценттік үлесін;
2) акциялар (қатысу үлестер) сатып алынатын заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс құқығы жоқ сатып алынатын барлық акциялардың (қатысу үлестерінің) құнын;
3) дауыс құқығы жоқ акциялардың (үлестердің) дауыс беретін акцияларға (қатысу үлестерін) айырбастау мүмкіндігін көрсету қажет.
29. Оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын, коммерциялық ұйымдарға Субъекті қатысуының өзге нысандары бойынша:
1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасымен Субъектіге рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын (Субъект қатысатын) коммерциялық ұйымның басқару органының атауын;
2) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасымен Субъектіге рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын (Субъект қатысатын) коммерциялық ұйымның басқару органында Субъект орындайтын функциясын;
3) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасымен Субъектіге рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын (Субъект қатысатын) коммерциялық ұйымның басқару органы қабылдаған шешімді айқындауға мүмкіндік беретін мәселелер жөніндегі Субъектінің өкілеттігін (құзыретін) көрсету қажет.
29-1. Субъект жаңадан шығарылған және орналастырылмаған акцияларды сатып алған жағдайда соңғысы аталған бағалы қағаздардың шығарылуын растайтын құжат ұсынуға тиіс.
6. Реттелетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды)
ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікті жалға алуды
Субъектінің жүзеге асыруына уәкілетті органның
келісімін алу туралы өтініш беру тәртібі
30. Реттелетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікті жалға алуды Субъектінің жүзеге асыруына уәкілетті органның келісімін алу үшін Субъект өтініш ұсынады, оған мынадай құжаттар, ақпарат (мәліметтер):
1) осы мәміле туралы шарттың және (немесе) шешімнің (бұйрықтың) жобасы;
2) Субъектінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жалға алу қажеттілігінің негіздемесі;
3) мәміле жасалған жағдайда оның салдарлары туралы құзыретті органның өтініш берілген күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей ұсынылған қорытындысы;
4) тиісті ажыратып жазумен жалдау ақысын есептеу негіздемесі;
5) Субъекті жалдайтын мүліктің тізбесі;
6) Субъектінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейіне әсер ету туралы және оның қаржы-шаруашылық қызметін нашарлатуға алып келмейтіндігін растайтын есеп айырысу;
7) жасалатын мәміле бойынша шығындар қоса берілуге тиіс.
Табиғи монополия субъектісінің
мәмілелер жасау жөнінде өтініштер
беру және оны қарау ережесіне қосымша
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
уәкілетті органның келісімін алу туралы
1. Негіздеме___________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(экономикалық мақсаттылық есебін көрсете отырып мәміле жасаудың
____________________________________________________________________
себептері, мақсаты және міндеттері)
2. Мәміленің мәні болып табылатын мүлік туралы, акциялар (қатысу үлестері) немесе Субъектінің тасымалдайтын немесе беретін, өзінің тұтынуына арналмаған сатып алатын тауарлары (жұмыстары, қызметтері) туралы немесе Субъект жалға алған мүлік туралы ақпарат______________
____________________________________________________________________