• Мое избранное
Бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына тәркіленген және ресімделген этил спирті мен алкоголь өнімін пайдаланудың, қайта өңдеудің немесе жоюдың тәртібін бекіту тәртібі
Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына тәркіленген және ресімделген этил спирті мен алкоголь өнімін пайдаланудың, қайта өңдеудің немесе жоюдың тәртібін бекіту тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 8 қыркүйек N 1336

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 21.11.2016 жылғы № 717 Қаулысына сәйкес
"Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына тәркіленген және ресімделген этил спирті мен алкоголь өнімін пайдаланудың, қайта өңдеудің немесе жоюдың тәртібін бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1998 жылғы
8 қыркүйектегі N 1336
қаулысымен бекiтiлген
Бас тарту режимiнде мемлекеттiң пайдасына тәркiленген және ресiмделген этил спиртi мен алкоголь өнiмiн пайдаланудың, қайта өңдеудiң немесе жоюдың тәртiбi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiп "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi. 
2. Осы Тәртiп: 
сот тәртiбiмен тәркiленген; 
кеден заңдарына сәйкес бас тарту режимiнде мемлекеттiң пайдасына ресiмделген этил спиртi мен алкоголь өнiмiн пайдаланудың, қайта өңдеудiң немесе жоюдың жөнiн белгiлейдi. 
3. Заңдарға сәйкес пайдаланылуына шектеу қойылған этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң одан арғы тағдыры туралы сот шешiм қабылдағанға дейiн олар заңдарға сәйкес сақтау үшiн мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорынға берiледi.  
4. Бас тартуы Тауарлардан мемлекеттiң пайдасына кеден режимiнде тәркiленген және ресiмделген этил спиртi мен алкоголь өнiмiн қабылдауға, тасымалдауға, сақтауға және сатуға,сондай-ақ акциз алымы маркаларымен таңбалауға байланысты шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi. 
2. Этил спиртiн қайта өңдеудiң және пайдаланудың тәртiбi 
5. Мемлекеттiң пайдасына кеден режимiнде бас тартылып тәркiленген және ресiмделген: 
1) этил спиртi алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органның шешiмi бойынша бөлiнген квоталардың шегiнде мемлекеттiк фармацевтика және медицина ұйымдары қызметтiң белгiленген түрiне арналған лицензияларын көрсетуi кезiнде оларға, сондай-ақ техникалық мақсаттарда пайдалану үшiн Қорғаныс министрлiгiне тегiн берiледi. 
Мемлекеттiң пайдасына тауарлардан кеден режимiнде бас тартылып тәркiленген және ресiмделген этил спиртiнiң көлемi мемлекеттiк фармацевтикалық және медициналық ұйымдары мен Қорғаныс министрлiгiнiң мұқтаждықтарынан асып кеткен жағдайда этил спиртiнiң қалған бөлiгi жойылуға жатады. 
2) заңдарды бұзусыз өндiрілген алкоголь өнiмi аукциондарда сату үшiн мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорынға берiледi. 
Алкоголь өнiмiн сату Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң алкоголь өнiмiнiң осы түрi үшiн белгiлеген төмен емес бағасында жүргiзiледi. Алкоголь өнiмiн аукциондарда сатудан алынған қаражат республикалық бюджетке есептелуге жатады. Сату барысында шеккен шығындар республикалық бюджеттiң есебiнен жабылады. 
3) ГОСТ-тың талаптарына сәйкес келмейтiн және нормативтiк-техникалық құжаттаманы бұза отырып өндiрілген этил спиртi мен алкоголь өнiмi жойылуға жатады. 
6. Уәкілеттi органның шешiмi бойынша мақсаты бойынша тұтынуға (қолдануға) жарамсыз этил спиртi нормативтiк құжаттардың талаптарымен сәйкестiкке келтiргенге дейiн қайта өңделуi мүмкiн. 
7. Этил спиртiн қайта өңдеуге тек этил спиртiн өндiру құқығына лицензиясы бар отандық зауыттарға ғана рұқсат етiледi. Қайта өңдеу жөнiндегi операциялар республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi. 
8. Уәкiлеттi орган заңдарға сәйкес спирттi өңдеуге тiлек бiлдiргендердiң арасынан спирттi қайта өңдеу жөнiндегi спирт зауытын айқындайды. Егер бiрде-бiр зауыт қайта өңдеуге тiлек бiлдiрмеген жағдайда, спирт жойылады.
9. Қайта өңделген өнiмдi одан әрi пайдалану тек стандарттау және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган тiркеген лабораторияда сынақтарды жүргiзудiң оң нәтижелерi кезiнде ғана мүмкiн.
  3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн жоюдың тәртiбi
10. Бақытсыз жағдайларды және өнiмнiң мүмкiн ұрлануын болдырмау мақсатында этил спиртi мен алкоголь өнiмiн жоюдың алдында мемлекеттiк мамандандырылған кәсiпорын денатурациялау* бойынша операциялар жүргізедi.
* Денатурациялау - этил спирті мен алкоголь өнімін тағамдық мақсатта пайдалануға жарамсыз күйге келтіру. 
11. Жою нәтижесiнде тауар толық жойылатын термикалық, химиялық, механикалық не өзге әсер ету (жағу, бұзу, көму және басқалары) жолымен жүргiзiледi. 
12. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн жою үшiн аумақтық салық комитетi төрағасының бұйрығымен өнiмдi жою жұмысының мерзiмдерiн көрсете отырып оны жою жөнiндегi комиссия құрылады.
13. Өнiмдi жою жөнiндегi комиссияға салық қызметiнiң қызметкерлерi, мемлекеттiк мамандандырылған кәсiпорынның мамандары кiредi.
14. Комиссия жою актiсiн жасайды, онда актiнi жасаудың күнi мен орны, жойылуға жататын өнiмнiң атауы мен саны; жоюдың тәсілі, негiзiнде жою жүргізiлетiн құжаттың атауы мен нөмiрi, жоюдың уақыты мен орны; комиссия мүшелерiнiң аты-жөнi және лауазымдары көрсетiледi. Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.
Комиссия мүшелерiнiң қайсыбiрiнiң қолы болмаған жағдайда, актiге себебi негiзделген анықтама қоса берiледi.