• Мое избранное
Қазақстан Республикасының халқына анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы қағиданы бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 21.05.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының халқына анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы қағиданы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 9 маусымдағы № 372 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 13 шілдеде № 7059 тіркелді

Осы Бұйрық 2023 жылғы 21 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.04.2023 жылғы № 78 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7 және 32-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы қағида бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (А.С. Таласпаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің 
міндетін атқарушы                          С. Мусинов
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 міндетін атқарушының
 2011 жылғы 9 маусымдағы
 № 372 бұйрығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының халқына анестезиологиялық және
 реаниматологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы
 қағида 1. Жалпы қағидалар
1. Қазақстан Республикасының халқына анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары туралы осы қағида (бұдан әрі – Қағида) анестезиологиялық және реаниматологиялық қызметтің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын регламенттейді.
2. Анестезиологиялық көмек және қарқынды терапия меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан мынадай денсаулық сақтау ұйымдарында:
2) стационарлық көмек көрсететін;
3) жедел медициналық жәрдем ұйымдарында және санитариялық авиация;
4) апаттар медицинасы ұйымдарында;
5) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда;
6) ұлттық холдингте ұйымдастырылады.
3. Қағидада қолданылған негізгі ұғымдар:
1) анестезиологиялық көмек науқасты хирургиялық араласулар, босану, таңулар, күрделі зерттеу әдістері мен манипуляциялар кезеңінде зақымдаушы факторлардан қорғайтын шаралар мен әдістер кешені болып табылады;
2) гипербариялық оксигенация – арнайы камераларда науқастарды жоғары қысым әсерімен емдеу әдісі;
3) детоксикациялық әдістер – организмді уландырушы заттардан, қалдықтардан тазарту әдістері;
4) интубация – тыныс алуды қамтамасыз еті мақсатында, тыныс алу жолдарына интубациялық түтікті енгізу;
5) инфузиялық терапия – ерітінділерді тамыр ішіне енгізу;
6) клиникалық өлім – организмнің барлық өмірлік маңызды қызметтерінің қалпына келу мүмкіншілігі бар қан айналым мен тыныстың жедел тоқтауы (5 минуттан ұзақ емес);
7) қарқынды терапияға жасанды қолдау немесе ағзалар мен жүйелердің қызметін алмастыру әдістерін қолдана отырып, ауыр, бірақ, қайтымды, науқастың өміріне қауіп төндіретін функциялық және зат алмасушылық бұзылуларды емдеу мен алдын алу кіреді;
8) қарқынды бақылауға операция жасау және қиын жағдайдың даму қаупі кезінде, организмде болатын гомеостаз өзгерістерін ерте анықтауға бағытталған шаралар кешені кіреді;
9) метаболиттік бұзылыстар - зат алмасу бұзылыстарынан туындайтын өзгерістер;
10) паллиативті терапия – аурудың негізгі себептерін жоймай, науқастың жағдайын жеңілдету мақсатында жасалатын операция;
11) премедикация – анестезияның жағымсыз әсерін азайту мақсатында науқасты дәрілік дайындау;
12) реанимациялық көмек науқасты терминалдық жағдайдан шығару мақсатында жүргізілетін шаралар мен әдістер кешені, аурудың зардабынан, жарақаттан, операциядан және басқа себептерден кейінгі науқастың өмірін қамтамасыз ету жүйелерін қалпына келтіру және қолдау бойынша шаралар кешенін іске асырудан тұрады;
13) трансфузиялық терапия – қан компоненттерін тамыр ішіне енгізу;
14) экстракорпоралды детоксикация – сорбенттер көмегімен организмді денеден тыс тазарту;
15) экстубация - өзіндік тыныстың қалпына келуіне байланысты, тыныс алу жолдарынан интубациялық түтікті алып тастау.
4. Анестезиологиялық көмек және қарқынды терапияның құрылымы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамамен  белгіленген аккредиттеу және лицензиялау ережесіне сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының шешетін мәселелеріне, оның төсек қуаттылығына, ұйымдастыру-штат құрылымына, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және мамандарды даярлау деңгейіне байланысты.
2. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін
 ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері
1) анестезиология және реанимация тобы;
2) анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі;
3) анестезиология бөлімшесі;
4) реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі;
5) анестезиология, реанимация және қарқынды терапия орталығы болып табылады.
§ 1. Анестезиология және реанимация тобы
5. Анестезиология және реанимация тобы денсаулық сақтау ұйымдарының (орталық аудандық ауруханалар, емханалар, сонымен қатар стоматологиялық, күндізгі стационарлар, әйелдер консультациялары) құрамында ұйымдастырылады, хирургиялық және акушериялық-гинекологиялық көмектер көрсететін және бес анестезиолог-реаниматолог дәрігерден кем болмауы тиіс.
6. Тәулік бойы стационарлық ем көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының (хирургиялық орындары бар орталық аудандық ауруханалар) штатында анестезиолог-реаниматологтар тобы бар қарқынды бақылау мен емдеуде бейінді бөлімшелердің біреуінің құрамында (2 төсек орыннан кем емес) палата ұйымдастырылады. Осы жағдайда балаларға реанимация көмегін ұйымдастыруға төсек орындары 1 кем бөлінбеуі тиіс.
7. Анестезиология және реанимация тобының негізгі міндеттеріне жатады:
1) операциялар, босану, зерттеу және ем-шаралар кезінде, анестезияға дайындық және жүргізу бойынша шараларды кешенді іске асыру;
2) аурудың салдарынан, жарақаттан, операциядан және басқа себептерден кейінгі өмірлік қажетті жүйелерін қалпына келтіру және қолдау бойынша шаралар кешенін іске асыру;
3) емдеу-алдын алу мекемелерінде медициналық қызметкерлердің теориялық білім деңгейін көтеру және реанимациялық көмектің практикалық дағдыларын үйрету.
8. Негізгі міндеттеріне сәйкес реанимация және анестезиология тобы: