Toggle Dropdown
Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 705 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 26.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидалары бекiтілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 705 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
2
Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беру қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 24-12) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидалар Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенция (бұдан әрi – Конвенция) бойынша әкiмшiлiк органның Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгiзiлген жабайы жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелу, одан тысқары жерлерге әкету үшiн қажет рұқсат беру тәртiбiн белгiлейдi.
Toggle Dropdown
3. Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) үлгi – Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгiзiлген кез келген тiрi немесе өлi жануар немесе олардың оңай танылатын кез келген бөлiгi немесе дериваты;
Toggle Dropdown
2) әкiмшiлiк орган – Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған ұлттық әкiмшiлiк орган;
Toggle Dropdown
3) ғылыми ұйым – Конвенция бойынша ғылыми қорытынды беру үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған ұйым;
Toggle Dropdown
4) тарап – өзі үшін Конвенция күшiне енген мемлекет;
Toggle Dropdown
5) өтiнiш беруші – әкiмшiлiк орган мен ғылыми ұйымға үлгiлердi әкелуге және әкетуге өтiнiш берген жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
6) рұқсат – әкімшілік органның үлгiлердi әкелуге және әкетуге ресми рұқсат құжаты.
Toggle Dropdown
2. Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру тәртiбi
Toggle Dropdown
4. Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алу үшін өтінім беруші қағаз нысанында не «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электрондық нысанда ғылыми ұйымға мыналарды жібереді:
Toggle Dropdown
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлға үшін), сәйкестендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін) көшірмелері;
Toggle Dropdown
3) үлгісі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспорттауға рұқсат немесе кері экспорттауға сертификат.
Toggle Dropdown
5. Ғылыми ұйым өтiнiш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарап, ғылыми қорытынды береді.
Toggle Dropdown
6. Ғылыми қорытынды ғылыми ұйымның фирмалық бланкісінде ресімделеді, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және ғылыми ұйымның мөрі басылады.
Toggle Dropdown
7. Мынадай:
Toggle Dropdown
1) өтініш белгіленген нысан бойынша берілмеген;
Toggle Dropdown
2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған;
Toggle Dropdown
3) үлгілерді әкелу және әкету олардың тірі қалуына қатер төндіретін жағдайларда өтініш берушіге ғылыми қорытынды беруден бас тартылады.
Toggle Dropdown
Құжаттардың сәйкессіздігі жойылғанда өтініш беруші ғылыми ұйымға қарауға құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде құжаттар топтамасымен бірге өтініш бере алады.
Toggle Dropdown
8. Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін өтінім беруші қағаз нысанында не «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электрондық нысанда әкімшілік органға мыналарды жібереді:
Toggle Dropdown
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Toggle Dropdown
2) құрылтай құжатының, мемлекеттік тіркеу туралы (заңды тұлға үшін) анықтаманың немесе куәліктің*, сәйкестендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін) көшірмелері;
Toggle Dropdown
ескертпе:* - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
Toggle Dropdown
3) жеке мақсаттарда әкетуді жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, осы әкетуді жүзеге асыру ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың көшірмесі;
Toggle Dropdown
4) үлгісі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспорттауға рұқсаттың немесе кері экспорттауға сертификаттың көшірмесі;
Toggle Dropdown
5) ғылыми ұйым қорытындысының көшірмесі;
Toggle Dropdown
6) сирек кездесетін және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекіре балықтарының түрлерін, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат беру үшін бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Toggle Dropdown
9. Әкімшілік орган өтініш келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қарап, ғылыми ұйымның қорытындысы болған жағдайда рұқсатты ресімдеуді жүргізеді.
Toggle Dropdown
Үлгілерді әкелуге әкімшілік органға берілетін өтінішке экспорттауға рұқсаттың немесе кері экспорттауға сертификаттың көшірмесі қоса беріледі.
Toggle Dropdown
10. Мынадай:
Toggle Dropdown
1) өтініш белгіленген нысан бойынша берілмеген;
Toggle Dropdown
2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған;
Toggle Dropdown
3) осы Қағидалардың 4 және 8-тармақтарында көзделген құжаттар топтамасы толық көлемінде ұсынылмаған жағдайларда өтініш берушіге рұқсат беруден бас тартылады.
Toggle Dropdown
Құжаттардың сәйкессіздігі жойылғанда өтініш беруші әкімшілік органға қарауға құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде құжаттар топтамасымен бірге өтініш бере алады.
Toggle Dropdown
11. Рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi бланкiде ресiмделедi, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және әкімшілік органның мөрі басылады.
Toggle Dropdown
12. Үш данадағы (түпнұсқа және екі көшірме) рұқсат өтініш берушіге немесе өтініш берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес рұқсаттар беру журналына қол қойғызып беріледі.
Toggle Dropdown
Рұқсат сирек кездесетін және құрып кету қауiпi төнген жануарлар түрлерi мен бекіре балықтарын, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат болған жағдайда беріледі, бұл ретте бюджетке мемлекеттік баж тиісті құжат берілгенге дейін төленеді.
Toggle Dropdown
13. Рұқсаттың түпнұсқасы үлгiмен бiрге жүредi, рұқсаттың екiншi данасын өтiнiш беруші кедендiк декларациялау органына тапсырады, рұқсаттың үшiншi данасы өтiнiш берушіде қалады.
Toggle Dropdown
14. Рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген ақпаратты қамтиды және берілген сәтінен бастап алты ай бойы ғана үлгілерді әкелу мен әкету үшін пайдаланылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
15. Әкімшілік орган берген рұқсаттың барлық көшірмелерінде олардың тек қана көшірме болып табылатыны және құжатта атап өтілген жағдайларды қоспағанда, мұндай көшірменің бірде біреуі түпнұсқаның орнына пайдаланыла алмайтыны анық көрсетілуге тиіс.
Toggle Dropdown
Үлгілердің әрбір топтамасы үшін жеке рұқсат талап етіледі.
Toggle Dropdown
16. Бұл орынды және мүмкін болған кезде әкімшілік орган үлгіні тануды жеңілдету үшін кез келген үлгіге ен сала алады. Осы мақсаттар үшін «ен» кез келген өшпейтін таңбаны, қорғасын пломбаны немесе бөтен адамдардың оны қолдан жасауы барынша қиын болатындай етіп орындалған үлгінің түпнұсқа екенін анықтаудың басқа да лайықты құралын білдіреді.
Toggle Dropdown
17. Рұқсатқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы «31» мамырдағы
№ 705 қаулысымен бекітілген
Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi
төнген жабайы фауна мен
флора түрлерімен халықаралық
сауда туралы конвенция
қолданылатын жануарлар
түрлерiн Қазақстан
Республикасының аумағына
әкелуге және Қазақстан
Республикасының аумағынан
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Құрып кету қаупi төнген жабайы
фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы
конвенция жөніндегі әкiмшiлiк
органның ғылыми ұйымы
____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның
____________________________
(дара кәсіпкердің) тегі, аты, әкесінің аты,
____________________________
мекенжайы
____________________________
телефон мен факстің нөмірі)
Toggle Dropdown
Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға арналған
ӨТІНІШ
Toggle Dropdown
Үлгілерді әкелуге, әкетуге арналған ғылыми қорытынды беруіңізді сұраймын
___________________________
(қажеттісінің астын сызу)
Toggle Dropdown
|
1 | Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар мен мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке берулер, аңшылық олжалар және басқалар) |
|
|
2 | Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген үлгі |
|
|
3 | Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, сондай-ақ бұйымдар және басқалар, тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы) |
|
|
4 | Үлгілердің саны немесе салмағы |
|
|
5 | Үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды және басқалар) |
|
|
6 | Экспорттаушының және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін - үйінің мекенжайы, паспорттық деректері) |
|
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы «31» мамырдағы
№ 705 қаулысымен бекітілген
Әкiмшiлiк органның Құрып кету
қаупi төнген жабайы фауна мен
флора түрлерімен халықаралық
сауда туралы конвенция
қолданылатын жануарлар
түрлерiн Қазақстан
Республикасының аумағына
әкелуге және Қазақстан
Республикасының аумағынан
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Құрып кету қаупi төнген жабайы
фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы
конвенция жөніндегі әкiмшiлiк
орган
____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның
____________________________
(дара кәсіпкердің) тегі, аты, әкесінің аты,
____________________________
мекенжайы,
____________________________
телефон мен факстің нөмірі)
Toggle Dropdown
Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға арналған
ӨТІНІШ
Toggle Dropdown
Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат беруіңізді сұраймын
___________________________
(қажеттісінің астын сызу)
Toggle Dropdown
|
1 | Әкелу және әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар мен мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке берушілер, аңшылық олжалар және басқалар) |
|
|
2 | Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген үлгі |
|
|
3 | Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, сондай-ақ бұйымдар және басқалар, тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы) |
|
|
4 | Үлгілердің саны немесе салмағы |
|
|
5 | Үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды және басқалар) |
|
|
6 | Экспорттаушының және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін - үйінің мекенжайы, паспорттық деректері) |
|
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы «31» мамырдағы
№ 705 қаулысымен бекітілген
Әкімшілік органның Құрып кету
қаупі төнген жабайы фауна мен
флора түрлерімен халықаралық
сауда туралы конвенция
қолданылатын жануарлар
түрлерін Қазақстан
Республикасының аумағына
әкелуге және Қазақстан
Республикасының аумағынан
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
|
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция (СИТЕС) | ТҮПНҰСҚA
Original | Convention on International Trade
in Endangered Species of Wild Fauna
and Flora (CITES) |
|
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі
Министерство окружающей среды
и водных ресурсов
Республики Казахстан
Ministry of Environment and
Water Resources
of the Republic of Kazakhstan |
| Экспорт
Export |
Қазақстан Республикасындағы СИТЕС
әкімшілік органы
Aдминистративный орган СИТЕС в
Республике Казахстан
Management Authorities for CITES in
the Republic of Kazakhstan
|
| 010000,
Ministry House,
Orynbor 8,
Astana city,
Republic of
Kazakhstan
Tel.: (+7172)
743325 Fax:
(+7172) 743300 |
|
|
| Импорт
Import |
|
| Реэкспорт
Reexport |
|
| Өзгелері
Other |
|
Экспорттаушы / Реэкспорттаушы:
Exporter / Re-exporter: | Рұқсат №:
Permit №: |
| Қорғаныш маркасы №:
Security stamp №: |
| Дейін жарамды:
Valid until: |
|
Импорттаушы:
Importer: | Ерекше шарттар:
Special conditions: |
|
Тірі жануарлар үшін бұл рұқсат тасымалдау шарттары СИТЕС ұсынымдарына, ал авиатасымалы жағдайында ИAТA қағидаларына сәйкес келгенде ғана жарамды
For live animals this permit is only valid if the transport conditions conform to the
CITES Guidelines for Transport of Live or, in the case of air transport, to the IATA
Live Animal Regulations |
|
Жануардың орысша және латынша атауы
Russian and scientific name of animal | Салынған енді қоса алғанда, үлгінің сипаттамасы
Description of
specimens,
including
identifying marks
or numbers | Қосым-ша
Appen-
dix | Көзі
Sourc
е | Мақсаты
Purpos
е | Даналар саны немесе салмағы
Quantity: number of
specimens or weight |
|
A |
|
|
|
|
|
| Шыққан елі
Country of origin | Рұқсаттың нөмірі және күні
Permit № and date |
|
В |
|
|
|
|
|
| Шыққан елі
Country of origin | Рұқсаттың нөмірі және күні
Permit № and date |
|
Осы рұқсат берілді:
This permit was issued on: ______________ ___________________________________________
Күні/ Date Қорғаныш маркасы, қолы және мөрі
Қазақстан / Kazakhstan Security stamp, signature and official seal |
|
Экспортты / реэкспортты растау | Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өту бекетінде толтырылады
Өткізу бекеті
_________________
Күні
___________________________
Лауазымды адамның қолы және мөр:
_________________________
Коносаменттің/авиақұжаттың нөмірі:
_____________________________ |
|
Үлгінің атауы | Саны |
|
A |
|
|
В |
|
|
CITES PERMIT/CERTIFICATE № |
|
|
|
Toggle Dropdown
Әкімшілік органның Құрып кету
қаупі төнген жабайы фауна мен флора
түрлерімен халықаралық сауда туралы
конвенция қолданылатын жануарлар
түрлерін Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және Қазақстан
Республикасының аумағынан әкетуге
рұқсаттар беру қағидаларына
қосымша
Toggle Dropdown
Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна менфлора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру журналы
Toggle Dropdown
Р/с № | Кімге берілді | Үлгінің атауы | Саны | Қайда/қайдан | Рұқсат берілген күн және нөмірі | Алушының Т.А.Ә., сенімхат | Алушының қолы |
| 1 |
|
|
|
|
|
|
|
| 2 |
|
|
|
|
|
|
|
| 3 |
|
|
|
|
|
|
|