1. Қоса беріліп отырған "Май өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
Отправить по почте
"Май өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі N 1043 Қаулысы
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Май өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі N 1043 қаулысымен бекітілген
"Май өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолданылу аясы
1. Осы "Май өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының " Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы (бұдан әрі - Заң) және " Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және май өнімдерінің қауіпсіздігіне және оның тіршілік циклі процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Техникалық регламент Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (ҚР СЭҚ ТН) 0209, 1501, 1502, 1503, 1504, 1506, 1804 тауарлық позицияларына, 1507 10, 1508 10, 1510 00 100 0, 1511 10, 1512 11, 1512 21, 1513 11, 1513 21, 1514 11, 1514 91, 1515 11, 1515 21, 1515 50 110 0, 1515 50 190 0, 1515 90 210 0, 1515 90 290 0, 1515 90 400 0, 1515 90 590 0, 1518 00 310 0 қосалқы позициялары мен ішкі қосалқы позицияларына енетін май өнімдеріне қолданылады:
өсімдік майлары;
маргариндер;
өсімдіктен алынған сары май және өсімдіктен алынған май спредтері;
өсімдіктен алынған сары майдың және өсімдіктен алынған майдың ерітілген қоспалары;
арнайы мақсаттағы майлар (нан пісіру, аспаздық, кондитерлік майлар, сүт майының алмастырғыштары);
какао майының баламалары;
SOS-үлгісіндегі какао майын жақсартқыштар;
РОР-үлгісіндегі какао майын алмастырғыштар;
темперленбейтін лауриндік емес үлгідегі какао майын алмастырғыштар және темперленбейтін лауриндік үлгідегі какао майын алмастырғыштар;
өсімдік майларының негізіндегі соустар;
майонездер, майонез соустары;
өсімдік майларынан жасалған кремдер.
3. Осы Техникалық регламент май өнімінің негізінде дайындалатын тамақ қоспаларына, медициналық препараттарға, жемдік және техникалық өнімдерге қолданылмайды.
4. Тұтынушылардың жаңылысуын болдырмау мақсатында май өнімі (өнім топтары) оның сипаттамаларының осы Техникалық регламенттің 4-тарауында көрсетілген белгілерге, сондай-ақ өнімнің топтары бойынша елеулі белгілерге ұқсастығын белгілеу жолымен сәйкестендіріледі.
2. Терминдер мен анықтамалар
5. Осы Техникалық регламентте Заңда пайдаланылған терминдер, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) арнайы мақсаттағы майлар - өнеркәсіптің түрлі салалары үшін арнайы талаптар бойынша өндірілетін дәмді-хош иісті қоспаларды және басқа да тағамдық қоспаларды қосып немесе қоспай табиғи және түрлендірілген өсімдік майларынан және (немесе оларсыз) мал майлары мен олардың қоспаларынан дайындалатын майдың массалық үлесі кемінде 98 пайыз болатын өнімдер;
2) аспаздық, кондитерлік, нан пісіру майлары - табиғи және түрлендірілген өсімдік майларынан және (немесе оларсыз) мал майлары мен олардың қоспаларынан дайындалатын, тағам өнімдерін қуыруға, вафли және салқындатқыш салмаларды, кәмпиттерді, тағам концентраттарын, глазурьлерді, ұннан жасалған және басқа да кондитерлік тағамдарды дайындауға арналған, нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіруге арналған майдың массалық үлесі кемінде 98 пайыз болатын өнімдер. Рұқсат етілген тағамдық дәмді-хош иісті қоспаларды, дәрумендерді және басқа да тағам қоспаларын қосуға рұқсат етіледі;
3) ерітілген қоспалар - толық еріту температураларына дейін қыздырылған сүт майын және (немесе) кілегейді және (немесе) сары майды және табиғи және (немесе) түрлендірілген өсімдік майларын араластыру нәтижесінде немесе тек табиғи және (немесе) түрлендірілген өсімдік майларынан немесе басқа технологиялық тәсілдермен алынған майдың массалық үлесі кемінде 99 пайыз болатын май өнімдері;
4) жұмсақ маргарин - илемді жұмсақ консистенциясы бар, плюс 10±2 Цельсия градус температурасы кезінде тез жағылатын маргарин;
5) иіссіздендіру - иістендіретін және басқа ұшқыш заттарды қыздырылған буы бар вакуумда айдап шығарудың жоғары температуралы процесі;
6) какао майының баламалары - какао майымен кез келген қатынастарда үйлесімді болатын, темперирлеуді қажет ететін, какао майына ұқсас физикалық-химиялық қасиеттері және май қышқылдарының құрамы бар, тропиктен шыққан табиғи және фракцияланған майлардан және (немесе) тағамдық, дәмді-хош иісті қоспалар мен дәрумендерді қосып (немесе қоспай) түрлендірілген өсімдік майларынан дайындалған майдың массалық үлесі кемінде 99 пайыз болатын өнімдер;
7) қатты маргарин - илемді тығыз консистенциясы бар және плюс 20±2 Цельсия градус температурасы кезінде өзінің пішінін сақтайтын маргарин;
8) қайта этерификациялау - катализатордың немесе ферментті препараттың қатысуымен триацилглицеридтердің май қышқылды құрамын өзгертпей майдың триацилглицеридтердегі ацилді топтарын қайта бөлу процесі;
9) қайта этерификацияланған өсімдік майлары - қайта этерификациялау процесінен өткен өсімдік майлары;
10) майонез - эмульгаторларды, тұрақтандырғыштарды, дәмді-хош иісті қоспаларды, татымдылықтарды және басқа тағамдық қоспаларды қосып тазартылған иіссіздендірілген өсімдік майларынан, судан дайындалған жұқа дисперст, біркелкі эмульсиялық өнім;
11) май өнімі - өсімдік майлары және су, тағам қоспаларын және басқа да құрамдас бөлшектерді қосып немесе қоспай, өсімдік немесе өсімдік және мал майларының (балықтар мен теңіз сүт қоректілер майларын қоса алғанда) негізінде дайындалатын өнім;
12) маргарин - табиғи және (немесе) түрлендірілген өсімдік майларынан және (немесе оларсыз) мал майларынан және (немесе оларсыз) балық және теңіз сүт қоректілердің майларынан, сүт өнімдерін қосып (немесе қоспай) судан, эмульгаторлардан, дәмді-хош иісті және басқа да тағам қоспаларынан тұратын, массалық үлесі кемінде 20 пайыз болатын эмульсиялық май өнімі;
13) мұздату - майлы өсімдіктердің дән және жеміс қабықшаларынан майға өтетін балауыз заттарды шығару процесі. Мұздатуды тазартудың алдында немесе кейін минус 10-12 Цельсия градус температураға дейін салқындату және кейіннен осы температурада ұстап тұру жолымен жүргізеді;
14) мұздатылған өсімдік майы - төменгі температурада балауыз заттарды шығару процесіне тартылған өсімдік майы;
15) нығыздалған өсімдік майы - май шикізатын нығыздау арқылы алынған өсімдік майы;
16) нығыздау - түрлі құрылымның нығыздаулары көмегімен жүзеге асырылатын сусымалы кеуекті масса - езіндіден май сығу процесі.
17) өсімдік майы - тұқымдардан (күнбағыс, жүгері, рапс зығыр және тағы басқалар), жемістерден (пальма, зәйтүн және тағы басқалар) және тағамдық және (немесе) басқа мақсаттарға арналған майлы өсімдік дақылдарының құрамында майы бар басқа да бөліктерінен алынатын май қышқылдарының триглицеридтері және оларға ілеспелі заттардың қоспасы;
18) өсімдік майы-қоспа - түрлі қатынастардың әртүрлі май тұқымдарынан тұратын өсімдік майларының қоспасы;
19) өсімдіктен алынатын май спреды-май 15 пайыздан аспайтын сүт майы қосылған (немесе қосылмаған) табиғи және (немесе) түрлендірілген өсімдік майларынан тұратын спред;
20) өсімдіктен алынған сары май спреды - май фазасының құрамында 15 пайыздан 50 пайызға дейінгі сүт майының массалық үлесі бар спред;
21) өсімдіктен алынған сары майының ерітілген қоспалары - май фазасының құрамында 15 пайыздан 50 пайызға дейінгі сүт майының массалық үлесі бар ерітілген қоспалар;
22) өсімдіктен алынған майдың ерітілген қоспалары - май фазасы 15 пайыздан аспайтын сүт майы қосылған (немесе қосылмаған) табиғи және (немесе) түрлендірілген өсімдік майларынан тұратын ерітілген қоспалар;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |