Toggle Dropdown
3
Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық темір жол желісі құрамына беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № 1013 Қаулысы
Toggle Dropdown
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық темір жол желісі құрамына беру қағидасы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1013 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық темір жол желісі құрамына беру қағидасы
Toggle Dropdown
1. Осы Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық темір жол желісі құрамына беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді әрі жеке және заңды тұлғалар есебінен салынған объектілерді магистральдық темір жол желісі құрамына беру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
Бұл Қағидада объектілер ретінде темір жолдар, электрмен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілері, құрылғылар, жабдықтар, ғимараттар, құрылыстар, имараттар мен магистральдық темір жол желісінің жұмыс істеуі үшін қажетті технологиялық өзге де объектілер (бұдан әрі - объектілер) түсініледі.
Toggle Dropdown
Осы Қағидада уәкілетті орган ретінде темір жол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган түсініледі.
Toggle Dropdown
2. Объектілер "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік меншікке түседі.
Toggle Dropdown
3. Уәкілетті орган объектілерді магистральдық темір жол желісінің құрамына енгізу туралы өтінішті (бұдан әрі - Өтініш) алған сәттен бастап 4 күнтізбелік күн ішінде оны Ұлттық темір жол компаниясының мекен жайына жібереді.
Toggle Dropdown
4. Ұлттық темір жол компаниясы өтінішті алған сәттен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Объектілерді тексеріп қарауды өткізеді, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік қағидасының және уәкілетті орган бекітетін Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасының талаптарына сәйкестігіне сынау жүргізеді. Тексеріп қарау нәтижелері бойынша объектілерді, сондай-ақ мынадай жағдайларға сүйене отырып, объектілердің функционалдық мақсатын ескере отырып, магистральдық темір жол желісі құрамына енгізу орындылығын сипаттайтын қорытынды әзірлейді:
Toggle Dropdown
станциялардағы тасымалдау үдерісінің, поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі;
Toggle Dropdown
магистральдық темір жол желісінің жекелеген пункттерінің өткізу және қайта өңдеу қабілеттілігін ұлғайтуды қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
түйісу станциясын дамытуды қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
кірме жолдардан/ға беру-алып кетуді, жолаушылар мен жүк поездарын басып озу мен тоғыстыру бойынша операцияларды жүзеге асыруға арналған объектілерді (темір жолдарды) пайдалану;
Toggle Dropdown
объектілерді техникалық жарамды жай-күйде ұстауды, ағымдағы және күрделі жөндеуді жүргізуді қамтамасыз ету қажеттігі.
Toggle Dropdown
5. Ұлттық теміржол компаниясы осы Қағиданың 4-тармағында көзделген тексеріп қарауды аяқтағаннан кейін, 4 күнтізбелік күн ішінде қорытындыны комиссияның қарауына одан әрі шығару үшін уәкілетті органға жібереді.
Toggle Dropdown
6. Комиссия құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының не оны ауыстыратын адамның бұйрығымен бекітіледі және ол уәкілетті орган қызметкерлерінің қатарынан құралады. Комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары мен комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұруы тиіс және үш адамнан кем болмайды. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.
Toggle Dropdown
7. Комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда - комиссия төрағасының орынбасары комиссия қызметін басқарады, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, комиссия жұмысын жоспарлайды.
Toggle Dropdown
8. Комиссия Ұлттық темір жол компаниясының өтінішін және қорытындысын алған сәттен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде қарайды және объектілерді магистральдық темір жол желісінің құрамына беру жөнінде немесе объектілерді беруден бас тарту туралы ұсынымдар шығарады. Комиссияның ұсынымдары хаттамамен ресімделеді.
Toggle Dropdown
9. Комиссияның оң ұсынымы негізінде және объектілерді мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, объектілерді магистральдық темір жол тізбесіне немесе магистральдық темір жол желісіне кіретін станциялық жолдар тізбесіне немесе электр жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілері, құрылғылар, жабдықтар, ғимараттар, құрылыстар және магистральдық темір жол қызметіне арналған технологиялық қажетті өзге де объектілер тізбесіне енгізу бойынша шараларды қабылдайды.