• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 26.01.2009 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 қараша N 1547

Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 Қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
1. "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың, протездiк-ортопедикалық бұйымдардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының, сондай-ақ оларды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 145-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк- ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiн бекiту туралы"; 
кiрiспеде: 
"Заңының 57 және 71" деген сөздер "Кодексiнiң 232 және 234" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Заңының" деген сөзден кейiн "(Салық кодексi)" деген сөздермен толықтырылсын; 
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"1. Қоса берiлiп отырған Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның iшiнде дәрілік субстанциялардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесi бекiтiлсiн"; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының, сондай-ақ оларды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың тiзбесiнде: 
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның iшiнде дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесi"; 
1-бағанның жолындағы "3204 13 000 (*,**)" коды "-ден" деген жалғаумен толықтырылсын; 
2-бағанның жолындағы "3204 13 000 (*,**)" коды "фармацевтика" деген
сөзден кейiн "және медицина" деген сөздермен толықтырылсын;
     2-бағанның жолындағы "39 (*,**) тобынан" коды "фармацевтика" деген 
сөзден кейiн "және медицина" деген сөздермен толықтырылсын;
     2-бағанның жолындағы "3909 50 000 (*)" коды "өндiрiсi кезiнде" деген 
сөздерден кейiн ", сондай-ақ оптикалық линзаларды жылтырату үшін" деген 
сөздермен толықтырылсын;
     1-бағанда:
     "4014 90 (*,**)" тауар кодынан кейiнгi жол "-нан" деген жалғаумен 
толықтырылсын;
     "9003" коды мынадай редакцияда жазылсын:
     "9003-тен (9003 19 100-ден басқа)"
     "9018" тауар коды мынадай редакцияда жазылсын:
     "9018-ден (901820 00-ден басқа)";
     2-бағанның жолындағы "9018" коды "аспаптар" деген сөзден кейін 
"(солярийлерден басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"2851 00 100 (*,**)     медициналық мақсаттар үшiн пайдаланылатын
-ден:                   дистилденген және кондуктометриялық су мен
                        тазалығы осындай су
__________________________________________________________________________
3301 (*,**)-ден:        фармацевтика өнiмдерiн өндiру кезiнде              
                        пайдаланылатын эфир майлары;
3307 90 000 (*)         контактiлi линзаны немесе көз протездерiн
-ден:                   сақтауға арналған ерiтiндiлер
__________________________________________________________________________
3503 00 100 (*,**)      медициналық мақсатта пайдаланылатын желімтек
-ден:                   және оның туындылары;
3503 00 800 (*,**)      дәрілік заттарды дайындау үшiн пайдаланылатын
-ден:                   қатты желiмтек қабықтар;
3506 91 000 (*,**)      медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау
-ден:                   үшiн пайдаланылатын каучук негiзiнде жасалған
                        балқытылған желiм;
3507 (*,**)-ден:        медицинада пайдаланылатын, басқа жерде аты
                        аталмаған ферменттер (энзимдер), ферменттiк
                        препараттар
__________________________________________________________________________
3807 00 (*,**)-ден:     фармацевтика өнiмiн өндiру кезiнде пайдаланылатын  
                        қара май
__________________________________________________________________________
3920 (*,**)-ден:        фармацевтика және медицина өнеркәсiбiнде
                        пайдаланылатын поливинилхлоридтен жасалған         
                        бұйымдар;
3926 90 990 (*,**)      медициналық мақсаттар үшiн пайдаланылатын
                        поливинилхлоридтен жасалған бұйымдар (көзге сұйық  
                        тамызатын пипеткалар, спринцовкалар, жылытқылар,   
                        сүтсорғыштар, балалардың тiсiн қатайтуға арналған  
                        сақиналар мен Эсмарх саптыаяғы)
__________________________________________________________________________
4014 90 900 (*,**)      медициналық мақсаттар үшiн пайдаланылатын
-ден:                   резеңке жылытқыштар мен резеңке спринцовкалар
__________________________________________________________________________
4803 00 900 (*,**)      медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау үшін
-ден:                   пайдаланылатын целлюлозалық талшықтан жасалған 
                        36 см-ден астам орамдағы мата 
__________________________________________________________________________
4811 39 000 (*,**)      медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау үшiн 
-ден:                   пайдаланылатын жоғары молекулярлық полимер         
                        сiңiрiлген ауа өткiзгiш қағаз;
4823 90 (*,**)          медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау үшiн 
-нан:                   пайдаланылатын енi 15 см-ден кем орамдағы жабынды  
                        қағаз
__________________________________________________________________________
5603 (*,**)-тен:        медицина өнеркәсiбiнде пайдаланылатын химиялық     
                        талшықтардан жасалған тоқыма емес материал;
5603 11 900 (*,**)      медициналық мақсатта пайдаланылатын тығыздығы      
-ден:                   17-25 тоқыма емес материал;
5603 12 900 (*,**)      медициналық мақсатта пайдаланылатын тығыздығы 
-ден:                   25-70 тоқыма емес материал
__________________________________________________________________________
7001 00 910 (*,**)      фармацевтика өнiмiн дайындау кезiнде қолданылатын 
-нан:                   оптикалық шыны;
7010 (*,**)-нан:        дәрiлiк заттарды өндiру және антибиотиктердi
                        стерилдi салу кезiнде пайдаланылатын сауыттар;
7010 20 000 (*,**)      дәрiлiк заттарды өндiру және антибиотиктердi
-ден:                   стерилдi салу кезiнде пайдаланылатын тығындар,
                        қақпақтар мен басқа да осындай бұйымдар 
__________________________________________________________________________
8001 20 000 (*,**)      линзаларды бекiтуге арналған жеңiл қорытылған
-ден:                   металл (Вуда қорытпасы)"
__________________________________________________________________________
     2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
     
     
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі
     
     
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.