1. Қоса беріліп отырған Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы бекітілсін.
Отправить по почте
Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 Қаулысы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 28) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысымен бекітілген
Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы » 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы » 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес қабылданды және шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) теңіз жағалауындағы суда, ішкі су жолдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа су қоймаларында пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Қағидада мынадай негізгі терминдер қолданылады:
кеме билеті – шағын көлемді кемеге меншік құқығын және осы кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын растайтын құжат;
судағы жүрдек аттракцион – шағын көлемді кеменің көңіл көтеретін жүзу құралдарын сүйреу арқылы ойын-сауық түрі («банандар», «шайбалар», «су шаналары» және басқалар);
шағын көлемді кемені басқару куәлігі – шағын көлемді кемені басқару құқығына біліктіліктің болуын растайтын құжат;
шағын көлемді кеменің кеме жүргізушісі – шағын көлемді кеменің меншік иесі болып табылатынына немесе оны өзге заңды негізге басқаруына қарамастан және тиісті куәлігі бар шағын көлемді кемені басқаратын адам. Кеме жүргізушіге кеме жүргізуге оқытатын адам теңестіріледі.
3. Шағын көлемді кемелері бар заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер осы кемелерді пайдалану және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалануға жауапты адамдарды бөледі.
4. Қағиданың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органдары) жүзеге асырады.
5. Шағын көлемді кемелермен саяхатқа, ұжыммен демалуға шыққанда және бұқаралық іс-шаралар кезінде иелері судағы қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп және қоршаған ортаны қорғауға жауапты адамдарды тағайындайды.
6. Су объектілерінде судағы жүрдек аттракциондарды жүргізу кезінде аттракцион иесі сүйрейтін шағын көлемді кемеге тіркеп сүйрелетін ойын-сауық жүзу құралына қызмет көрсету және байқау жөнінде жауапты адамды тағайындайды.
7. Осы Қағиданы бұзған адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
2. Шағын көлемді кемелерді пайдалану
8. Жолаушылар сыйымдылығы, жүк көтерімділігі, шекті қуаты және қозғалтқыш саны, желкендердің рұқсат етілетін алаңы, жүзу ауданы, кеме жүзе алатын толқын биіктігі, суүсті бортқа отыру, құтқару және өртке қарсы құралдармен, сигнал оттарымен навигациялық және басқа да жабдықтармен жарақталуы бойынша белгіленген шарттарды, нормаларды және техникалық талаптарды сақтай отырып, шағын көлемді кемелер кеме кітабында мемлекеттік тіркеліп, борт нөмірлерінің белгіленуінен және техникалық куәландырылуынан (тексеріп қарау) кейін оларды пайдалануға рұқсат етіледі.
9. Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, есепке алу, сыныптау және техникалық куәландыруды (тексеріп қарауды) Комитеттің аумақтық органдары жүзеге асырады.
10. Мемлекеттік тіркеуден өткен шағын көлемді кемелерді басқаруға шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктері бар кеме жүргізушілеріне рұқсат етіледі.
11. Кеме қатынасы (навигациялық) жағдайы жоқ су объектілерінде айырысу кезінде шағын көлемді кемелердің маневрлеу оң жақты (сол жақ борттарымен) қозғалысты ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.
12. Елді мекендердің, порттардың, айлақтардың, базалардың (құрылыстардың) шағын көлемді кемелердің тұрағы үшін акваторияларында және шекараларында шағын көлемді моторлы кемелердің қозғалысы сағатына 20 км аспайтын, ал жаға мен суға түсу орындарының маңайында сағатына 10 км дейін жылдамдыққа рұқсат етіледі.
13. Шағын көлемді кемелермен жүзу кезінде мыналарға:
1) белгіленген тәртіппен тіркелмеген;
техникалық куәландырудан (қарап тексеруден) өтпеген;
борт нөмірлері жоқ;
тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған;
тиеу, жолаушылар сыйымдылығы, аудан және жүзу шарттары бойынша нормаларды бұзу;
шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі жоқ;
мас күйінде шағын көлемді кемені басқаруға;
2) басқаруға құқығы жоқ немесе мас күйіндегі адамға кемені басқаруға беруге;
3) қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыруға;
4) гидротехникалық құрылыстарды, техникалық құралдарды, кеме қатынасы және навигациялық жағдай белгілерін бұзуға;
5) уақытша немесе тұрақты жабылған жүзу аудандары үшін аудандарға арнайы рұқсатсыз кіруге немесе тыйым салынған орындарда әдейі тоқтауға;
6) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мотордың немесе желкеннің астынан өтуге және су объектілеріндегі тұрғындардың жаға, басқа суға түсу орындары және жаппай демалу акваторияларында маневрлеуге;
7) жағалар мен басқа суға түсуге ұйымдастырылған орындарда суға түсу шекарасының қоршауына 50 метрге дейін жақындауға;
8) кемемен кәмелеттік жасқа толмағандарды, үлкендердің сүйемелденуінсіз он төрт жасқа толмағандарды тасымалдауға;
9) шағын көлемді кемелермен олар үшін арналмаған қауіпті жүктерді тасымалдауға;
10) арқандап байлауға, тоқтауға, жүзбелі навигациялық белгілерде, жүк және жолаушылар айлақтарында, пирстерде, дебаркадерлерде, докаларда (жүзу докалары) және көпірлердің астында зәкірге тұруға;
11) теңіз және өзен флотының көліктік және техникалық кемелерден тікелей жақындықта маневрлеуге, өз іс-қимылдарымен кеме қатынасына кедергі жасауға;
12) кеме билетінде тиісті жазбасы болмаған кезде ескек қайықтарға моторлар орнатуға;
13) осы мақсатқа жатпайтын жерлерде ескек қайықтар мен кемелерге желкен орнатуға;
14) қозғалыс кезінде бір кемеден екінші кемеге ауысуын жүзеге асыруға;
15) тиісті өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамай, отын құюды жүзеге асыруға;
16) тәуліктің қараңғы кезеңінде навигациялық сигнал оттарымен жабдықталмаған ескек, желкенді және моторлы қайықтармен жүзуге шығуға;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |