Toggle Dropdown
1
Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 711 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 01.12.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары:
Toggle Dropdown
1) осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үйлерді сатуды жүргізсін;
Toggle Dropdown
2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне тұрғын үйлерді сату туралы ақпарат берсін.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке меншік құқықтарын тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 шілдедегі
N 711 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан
Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесі
Toggle Dropdown
1. Осы Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінетін қаражат, оның ішінде облыстар, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының 2006 - 2007 жылдары бөлінген бюджеттік кредиттерді қайта пайдалануы есебінен салынған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үйлерді, сондай-ақ сатып алу-сату шарттарына қол қойылмаған, бірақ Комиссияның шешімі негізінде тұрғын үйді сату туралы уәкілетті органның шешімі қабылданған не қарыз алу шарттарына қол қойылмаған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған және сатылмаған қол жетімді тұрғын үйді (бұдан әрі - сатылмаған тұрғын үй) Қазақстан Республикасының азаматтарына сату тәртібін анықтайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) бірлесіп қарыз алушы - қарыз алушының ері (жұбайы), жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-қарындастары, атасы, әжесі, немерелері), сондай-ақ бірге қарыз алатын және қарыз алушымен оны қайтаруға ортақ жауапкершілікте болатын адамдар;
Toggle Dropdown
2) жас отбасы - ерлі-зайыптының екеуінің де жасы жиырма тоғыз жасқа жетпеген отбасы не балаларды (баланы) жиырма тоғыз жасқа жетпеген ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы, оның ішінде ажырасқан, жесір;
Toggle Dropdown
3) қарыз шарты - қарыз беруші мен қарыз алушы арасында жасалатын қарыз беру жөніндегі шарт;
Toggle Dropdown
4) қарыз алушы - қарыз берушімен қарыз шартын жасасқан өтініш беруші;
Toggle Dropdown
5) қарыз беруші - "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы;
Toggle Dropdown
6) Мемлекеттік бағдарлама - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Toggle Dropdown
7) өтінім - уәкілетті органның құқықтық кадастрдан мәліметтер алуға келісімін көрсете отырып, азаматтың уәкілетті органға Мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар қоса берілетін өтініші;
Toggle Dropdown
8) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының өтінім берген азаматы;
Toggle Dropdown
9) тұрғын үй комиссиясы - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінетін қаражаттың есебінен салған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған тұрғын үйді және сатылмаған тұрғын үйді Мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға сату мәселелерін қарау үшін жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылатын комиссия;
Toggle Dropdown
10) төлем қабілеттілігін бағалау - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінетін қаражаттың есебінен салған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған тұрғын үйді және сатылмаған тұрғын үйді және сатылмаған тұрғын үйді сатып алуына ұйғарылатын қарызға қарыз алушының уақтылы және толық қызмет көрсету және оны өтеу мүмкіндігін бағалау үшін қарыз беруші жүргізетін іс-шаралар кешені;
Toggle Dropdown
11) уәкілетті орган - тұрғын үй-коммуналдық мәселелер жөніндегі жергілікті мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
12) хабарлама - уәкілетті органға жіберілетін және республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінетін қаражаттың есебінен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары салған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған тұрғын үйді және сатылмаған тұрғын үйді сатып алу үшін өтініш берушіге қарыз беру мүмкіндігін растайтын қарыз берушінің не екінші деңгейдегі банктің белгіленген нысан бойынша хаты.
Toggle Dropdown
3. Жергілікті атқарушы орган өз шешімімен облыстың, Астана және Алматы қалаларының (қалалардың, аудандардың) бірінші басшысының (немесе оны алмастыратын тұлғаның) басшылық етуімен тұрғын үй комиссиясын құрады. Тұрғын үй комиссиясы жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
Жергілікті атқарушы орган тұрғын үй комиссиясының және уәкілетті органның жұмысын ұйымдастырады, өтінімдерді қабылдау пункттерінің орындарын анықтайды, оларды материалдық-техникалық жарақтандыруды және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
4. Уәкілетті орган құрылыстың жылдық көлемінің бірінші тұрғын үйі пайдалануға берілгенге дейін кемінде алты ай бұрын және (немесе) сатылмаған тұрғын үй болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтардың санаттарын, тұрғын үйдің санын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдаудың басталған және аяқталған күні туралы хабарлайды, сондай-ақ қарыз берушіні жазбаша хабардар етеді.
Toggle Dropdown
4-1. Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған және сатылмаған қол жетімді, сатып алу-сату шарттарына қол қойылмаған, бірақ Комиссияның шешімі негізінде тұрғын үйді сату туралы уәкілетті органның шешімі қабылданған не қарыз шарттарына қол қойылмаған тұрғын үйлерді сатып алу Мемлекеттік бағдарламаның 5.5-кіші бөліміне сәйкес бюджеттік кредит қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Көрсетілген тұрғын үйді сатып алу үшін азаматтар арыз берген кезде жергілікті атқарушы органдар төлем қабілетін бағалауды жүзеге асыру және қарыз алушының талаптарына сәйкес банктік қарыз беру үшін қарыз берушіге жолдама беретін болады. Қарыз беруші жергілікті атқарушы органдар берген жолдаманың негізінде, бірақ 15 жұмыс күнінен кешіктірмей банктің ішкі ережелеріне сәйкес, банктік қарыз беру не оны беруден бас тарту туралы шешім шығарады.
Toggle Dropdown
1
5. Құжаттарды қабылдауды бастау белгіленген күннен бастап Қазақстан Республикасының азаматтары уәкілетті органға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш және мынадай құжаттарды береді:
Toggle Dropdown
1) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік қызмет өтілін, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мекемедегі немесе мемлекеттік кәсіпорындағы жұмыс өтілін көрсете отырып, өтініш берушінің (ерінің/жұбайының) осы елді мекендегі жұмыс орнынан анықтама;
Toggle Dropdown
3) некеге тұру (некені бұзу, ерінің/жұбайының қайтыс болғаны туралы куәліктің) және балаларының тууы туралы куәліктердің (мұндайлар бар болған жағдайда) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Toggle Dropdown
4) кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі немесе қызметтік тізімінен үзінді көшірмесі;
Toggle Dropdown
5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
Toggle Dropdown
6) құжаттар тапсырылған айдың алдындағы соңғы 12 айдағы қарыз алушының (бірлесіп қарыз алушының) жұмыс орнынан жалақы туралы анықтама;
Toggle Dropdown
7) құжаттар тапсырылған айдың алдындағы соңғы 12 айдағы жеке шот бойынша ақшаның қозғалысы туралы анықтама (мүшелері мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлері болып табылмайтын жас отбасы санаты үшін);
Toggle Dropdown
8) жүктілігі туралы анықтама (қажет болған жағдайда);
Toggle Dropdown
9) мүгедектігі туралы анықтама (қажет болған жағдайда);
Toggle Dropdown
10) сот орындау парақтары және банктік қарыздар бойынша міндеттемелері болған кезде қарыз шартының және (немесе) сот шешімінің көшірмелері.
Toggle Dropdown
Осы құжаттар тізбесі жеткілікті болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Өтініш беруші халықтың кірісінің мынадай шекті деңгейлеріне сәйкес келетін кірісі болған кезде осы Ереженің 5-тармағында көзделген құжаттарды қалыптастырады және уәкілетті органға береді:
Toggle Dropdown
жалпы алаңы 40 шаршы метрден аспайтын есеппен алғанда кемінде 37678 теңге;
Toggle Dropdown
жалпы алаңы 60 шаршы метрден аспайтын есеппен алғанда кемінде 56515 теңге;
Toggle Dropdown
жалпы алаңы 80 шаршы метрден аспайтын есеппен алғанда кемінде 75354 теңге;
Toggle Dropdown
жалпы алаңы 100 шаршы метрден аспайтын есеппен алғанда кемінде 90810 теңге;
Toggle Dropdown
жалпы алаңы 120 шаршы метрден аспайтын есеппен алғанда кемінде 107800 теңге болуға тиіс.
Toggle Dropdown
Осы тармақта келтірілген тұрғын үй алаңы тек қана өтініш берушілердің төлем қабілеттілігін анықтау мақсатында қолданылады.
Toggle Dropdown
Әрбір өңір үшін өтініш беруші мен бірлесіп қарыз алушылардың таза орташа айлық кірісінің ең аз жалпы сомасы көрсетілген соманы сейсмикалығы жоғары аудандар үшін түзету коэффициентіне көбейту жолымен түзетіледі.
Toggle Dropdown
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
8. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
9. Уәкілетті орган өтініш берушілер мен олардың отбасы мүшелері бойынша тіркеу органына осы елді мекенде соңғы 5 жылда жылжымайтын мүлкінің бар екендігі (немесе жоқтығы) туралы мәліметтер алу үшін сұрау салу жібереді.
Toggle Dropdown
Тіркеу органы уәкілетті органның сұрау салуы түскен күннен бастап он күннің ішінде белгіленген тәртіппен уәкілетті органға көрсетілген сұрау салуларға мәліметтерді жібереді. Алынған мәліметтерді уәкілетті орган тұрғын үй комиссиясына береді.
Toggle Dropdown
Әрі қарай қарыз берушіге жолдау үшін уәкілетті орган атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарынан өтініш берушінің сот шешімдері бойынша міндеттемелерінің бар екендігі туралы мәліметтерді сұратады.
Toggle Dropdown
Атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдары уәкілетті органның сұрау салуы түскен күннен бастап он күн мерзімде осы мәліметтерді береді.
Toggle Dropdown
10. Сатылатын тұрғын үйдің (пәтердің) алаңы бір адамға кемінде он бес шаршы метр және он сегіз шаршы метрден аспайтын, кемінде бір бөлмелі пәтер есебімен анықталады.
Toggle Dropdown
11. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үй және сатылмаған тұрғын үй ең алдымен "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтардың басым санаттарына сатылатын болады. Халықтың басым санаттарына мыналар жатқызылады:
Toggle Dropdown
балалары бар жас отбасылар;
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызметшілер;
Toggle Dropdown
мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлері;
Toggle Dropdown
мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері.
Toggle Dropdown
Тұрғын үйді "Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері" санаты бойынша сату кезінде әлеуметтік сала мемлекеттік кәсіпорындарына артықшылық беріледі.
Toggle Dropdown
Әлеуметтік сала мемлекеттік кәсіпорындарына мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар жатқызылады:
Toggle Dropdown
косметологиялықты қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету;
Toggle Dropdown
мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, білім беру саласында қызметтер көрсету;
Toggle Dropdown
ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет (шоу-бизнесті қоспағанда), тарихи және мәдени мұраны, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнінде қызметтер көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызмет;
Toggle Dropdown
кітапханалық қызмет көрсету.
Toggle Dropdown
12. Тұрғын үй сатып алуға басым құқығы бар азаматтардың өтініштерін қарау кезінде тұрғын үй комиссиясы әрбір басым санат үшін квотаны айқындайды.
Toggle Dropdown
13. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінетін қаражаттың есебінен салынған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үйді және сатылмаған тұрғын үйді сатуы туралы шешім қабылдау кезінде тұрғын үй сатып алуға басым құқығы бар азаматтардың санаттарына баллдар беру жүйесін қолдана отырып, іріктеудің мынадай өлшемдері қолданылады:
Toggle Dropdown
1) жас отбасылар бойынша:
Toggle Dropdown
бірінші өлшем - отбасында балалардың болуы - әр бала үшін - 20 балл;
Toggle Dropdown
екінші өлшем - егер өтініш беруші мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен ұсталатын мемлекеттік органның, мекеменің, мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылса - толық бір жылғы жұмыс өтілі үшін - 5 балл, бір жылдан аз болса - 3 балл;
Toggle Dropdown
үшінші өлшем - өтініш берушінің ері (жұбайы) мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен ұсталатын мемлекеттік органның, мекеменің, мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылса - толық бір жылғы жұмыс өтілі үшін - 5 балл, бір жылдан аз болса - 3 балл;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік қызметшілер бойынша:
Toggle Dropdown
бірінші өлшем - мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен ұсталатын мемлекеттік органдағы, мекемедегі, мемлекеттік кәсіпорындағы жұмыс өтілі - толық бір жылғы жұмыс өтілі үшін - 5 балл, бір жылдан аз болса - 3 балл;
Toggle Dropdown
екінші өлшем - өтініш берушінің ері (жұбайы) да мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен ұсталатын мемлекеттік органның, мекеменің, мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылса - толық бір жылғы жұмыс өтілі үшін - 5 балл, бір жылдан аз болса - 3 балл;
Toggle Dropdown
үшінші өлшем - отбасында балалардың болуы - әр бала үшін - 3 балл;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлері бойынша:
Toggle Dropdown
бірінші өлшем - мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен ұсталатын мемлекеттік органдағы, мекемедегі, мемлекеттік, кәсіпорындағы жұмыс өтілі - толық бір жылғы жұмыс өтілі үшін - 5 балл, бір жылдан аз болса - 3 балл;
Toggle Dropdown
екінші өлшем - өтініш берушінің ері (жұбайы) да мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен ұсталатын мемлекеттік органның, мекеменің, мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылса - толық бір жылғы жұмыс өтілі үшін - 5 балл, бір жылдан аз болса - 3 балл;
Toggle Dropdown
үшінші өлшем - отбасында балалардың болуы - әр бала үшін - 3 балл;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері бойынша:
Toggle Dropdown
бірінші өлшем - егер өтініш беруші әлеуметтік саладағы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылса - 10 балл;
Toggle Dropdown
екінші өлшем - мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік органдағы, мекемедегі, мемлекеттік кәсіпорындағы өтілі - толық бір жылғы жұмыс өтілі үшін - 5 балл, бір жылдан аз болса - 3 балл;
Toggle Dropdown
үшінші өлшем - өтініш берушінің ері (жұбайы) да мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен ұсталатын мемлекеттік органның, мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылса - толық бір жылғы жұмыс өтілі үшін - 5 балл, бір жылдан аз болса - 3 балл;
Toggle Dropdown
төртінші өлшем - отбасында балалардың болуы - әр бала үшін - 3 балл.
Toggle Dropdown
Өтініш берушіге өлшемдер бойынша берілген баллдарға қоса мынадай жағдайда қосымша баллдар беріледі:
Toggle Dropdown
егер өтініш беруші Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысып, бірақ тұрғын үй комиссиясының қорытындысын алмаған болса - 10 балл;
Toggle Dropdown
өтініш беруші не оның жұбайы болып табылатын әйелдің жиырма аптадан жоғары жүктілігі болса - 3 балл, "жас отбасы" санаты бойынша - 10 балл;
Toggle Dropdown
отбасында 1 және 2-топтағы мүгедектер болса - 3 балл.
Toggle Dropdown
Отбасында 1 және 2-топтағы мүгедектердің болуын растау үшін тиісті растайтын құжат (мүгедектігі туралы анықтама) беріледі.
Toggle Dropdown
Уәкілетті органның өтінім қабылдау күні тұрғын үй комиссиясының шешім қабылдауы кезінде басымдық бермейді. Тұрғын үй комиссиясы әр санат бойынша шешім қабылдаған кезде ең алдымен өлшем реттілігі бойынша үміткерлерді қанағаттандыру үшін пәтерлер жеткіліксіз болған жағдайда үміткерлердің арасындағы іріктеуді бірінші өлшем бойынша алынған баллдардың ең көп саны бойынша жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Балл саны тең болған кезде шешімдерді үміткерлердің реттілігі бойынша келесі өлшемге сәйкес келуіне өтінімдерді қосымша қарауды ескере отырып, көпшілік дауыспен тұрғын үй комиссиясы қабылдайды.
Toggle Dropdown
Тұрғын үй сату туралы қорытындыны шығарған кезде, сондай-ақ өтініш берушінің ағымдағы тұрғын үй жағдайы, атап айтқанда тұрғын үйінің жоқтығы, егер алып отырған пайдалы алаңның мөлшері бір адамға шаққанда кемінде 15 (он бес) шаршы метрден аз болған жағдайда тұрғын үй жағдайын жақсарту қажеттігі және 2005 жылдан бастап иелігінде тұрғын үйінің болмау фактілері назарға алынады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үйлерді сатып алған азаматтар тұрғылықты жері мен жұмыс орнына қарамастан, оны аукциондарда сатып алуды қоспағанда, осындай тұрғын үйді екінші рет сатып алуға жіберілмейді.
Toggle Dropdown
13-1. Тұрғын үй комиссиясы алдын ала іріктеуден өткен, қарыз берушіге ұсыну үшін осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның жолдамасы берілетін өтініш берушілердің тізімін қалыптастырады.
Toggle Dropdown
Алдын ала іріктеуден өткен өтініш берушілердің тізімін уәкілетті орган Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үйдің тұрғылықты жері мен жұмыс орнына қарамастан өтініш берушіге сатылғаны туралы қорытынды алу үшін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына жібереді. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары аталған қорытындыны сұрау салу алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде береді.
Toggle Dropdown
13-2. Өтініш беруші қарыз берушіге уәкілетті орган берген жолдама мен қарыз берушінің талаптарына сәйкес төлем қабілеттілігін бағалауды жүзеге асыру үшін кредиттік өтінімді ұсынады.
Toggle Dropdown
13-3. Қарыз беруші уәкілетті орган берген жолдаманың және кредиттік өтінімнің негізінде ішкі ережелерге сәйкес тұрғын үй пайдалануға берілгенге дейін кемінде екі ай бұрын, бірақ алты айдан ерте емес мерзімде өтініш берушінің төлем қабілеттілігін бағалауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Қарыз беруші өтініш берушіге хабарлама береді, оны өтініш беруші уәкілетті органға береді. Бұл ретте уәкілетті орган қарыз берушіден берілген барлық хабарламалар бойынша ақпарат сұрауы мүмкін.
Toggle Dropdown
Егер қарыз беруші төлем қабілетін оң бағалау туралы хабарламаны берген күннен бастап өтініш беруші банктік қарызды беруге кредиттік өтінім бергенге дейінгі мерзім алты айдан асып кетсе, қарыз беруші төлем қабілетін қайта бағалауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
13-4. Қарыз беруші өтініш берушінің төлем қабілетіне теріс бағалау берген жағдайда, тұрғын үй комиссиясы осы Ережеде көзделген тәртіппен төлем қабілетіне теріс бағалау алған өтініш беруші тұрған санат шегінде қалған өтініштер қатарынан басқа өтініш берушіні іріктеуді жүргізеді.
Toggle Dropdown
14. Қарыз берушінің хабарламасын алғаннан кейін тұрғын үй комиссиясы іріктеуден өткен өтініш берушілердің тізімдерін қалыптастырады, олар уәкілетті органның тұрғын үйді сату туралы шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік бағдарлама бойынша өтпеген өтініш берушілерден өтініштер түскен жағдайда уәкілетті орган өтініш түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, адресатқа жазбаша түрде жауап қайтарады.
Toggle Dropdown
14-1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1072 Жарлығының негізінде мемлекеттік қызметі тоқтатылған, оның ішінде:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған және сатылмаған тұрғын үйді сату туралы Тұрғын үй комиссиясының оң шешімі бар;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатуға үміткерлерді алдын ала іріктеуден өткен;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сату туралы уәкілетті органның шешімімен бекітілген төлемге қабілеттілігін оң бағалау туралы қарыз берушінің хабарламаларын алғаннан кейін іріктеуден өткен өтініш берушілердің тізімінде тұрған мемлекеттік қызметшілердің тұрғын үйді сатып алуға құқығы сақталады.
Toggle Dropdown
15. Уәкілетті орган тұрғын үйге меншік құқығын мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй комиссиясының іріктеуінен өткен өтініш берушімен тұрғын үйді сатып алу-сату шартын жасасады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үймен жасалатын алып-сатарлықты болдырмау мақсатында мәжбүрлі соттан тыс тәртіппен немесе соттың шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен кепілдікке алынған тұрғын үйді сату жағдайларын қоспағанда, сатып алу-сату шарттарында тұрғын үйді сатып алған күннен бастап үш жыл ішінде оны сатуға шектеу көздеу қажет.
Toggle Dropdown
16. Мыналар тұрғын үйге төлеу көзі бола алады:
Toggle Dropdown
1) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің тұрғын үй қарыздары;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке қаражаты;
Toggle Dropdown
3) өзге көздер, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттері.
Toggle Dropdown
17. Сатып алу-сату шартын жасасқаннан кейін қарыз беруші мен қарыз алушы (осы Ереженің 16-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайды қоспағанда) қарыз шартын жасасады.
Toggle Dropdown
18. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінетін қаражаттың есебінен салған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған тұрғын үйге меншік құқығын тіркеуді он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әділет органдары жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінетін қаражаттың есебінен салған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған тұрғын үйге меншік құқығын тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдар қарыз берушіге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға арналған шығындарды қоса алғанда, жергілікті бюджеттің барлық шығындарын ескере отырып, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінетін қаражаттың есебінен салған тұрғын үйдің сметалық құны туралы деректерді жібереді.
Toggle Dropdown
19. Қарыз беруші облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінетін қаражаттың есебінен салған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған тұрғын үйдің сметалық құны туралы деректерді алғаннан соң, оларды кейіннен нарықтық құнын айқындау үшін тиісті лицензиясы бар бағалау ұйымдарына беруді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
20. Қарыз берушінің қарыз беру туралы оң шешімі болған жағдайда өтініш беруші уәкілетті органмен алу-сату шартын жасасқаннан кейін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінетін қаражаттың есебінен салған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған сатып алынған тұрғын үйді қарыз шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қарыз берушінің талаптарына сәйкес кепілге береді.
Toggle Dropdown
21. Тіркеу органында тіркелген кепіл шартын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарыз беруші уәкілетті орган көрсеткен шотқа қарыз сомасын аударады.
Toggle Dropdown
22. Азаматтардың басым құқық берілген санаттары алмаған тұрғын үй заңнамада белгіленген тәртіппен аукциондар өткізу арқылы нарықтық, бірақ құрылыс құнынан төмен емес құны бойынша Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және өз қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін заңды тұлғаларға сатылатын болады. Бұл ретте аукциондар тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін жүргізіледі және Мемлекеттік бағдарламада көзделген тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы жеңілдікпен кредит беру бұл жағдайда қолданылмайды.
Toggle Dropdown
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес маған
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(Т.А.Ә., туған жылын көрсетіп)
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(жұмыс орны, атқаратын лауазымы және басқалары туралы қысқаша
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
алаңы___________________________________ш-м.________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(тұрғын үйдің сипаттамасы (бөлмелердің саны, қабаты және өзгелері)
Toggle Dropdown
көрсетілген ақпарат)
Toggle Dropdown
______________________________________ тұрғын үй сатуыңызды өтінемін.
Toggle Dropdown
Отбасы__адамнан тұрады:
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Жалпы жұмыс өтілі___, оның ішінде:
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызметте___жыл;
Toggle Dropdown
мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен күтіп-ұсталатын мемлекеттік мекемелерде___жыл;
Toggle Dropdown
мемлекеттік кәсіпорындарда__жыл.
Toggle Dropdown
Өтініш беруші:
Toggle Dropdown
200_жылғы "__"_______ ______________
Toggle Dropdown
Уәкілетті органның құқықтық кадастрдан мәліметтер алуына келісемін.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдаған:
Toggle Dropdown
___________________(Т.А.Ә., лауазымы)
Toggle Dropdown
___________________(қолы)
Toggle Dropdown
2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010
Toggle Dropdown
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде
Toggle Dropdown
жүргізіліп отырған өтініш берушінің төлем қабілеттілігін
Toggle Dropdown
бағалау үшін
Toggle Dropdown
Осымен уәкілетті орган _______________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
азамат (-ша)_________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
жеке куәлігінің N______________ ____ жылғы _________________________
Toggle Dropdown
_______________ берген, Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй
Toggle Dropdown
құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысушы болып табылатынын растайды және төмендегідей сипаттамалары бар қол жетімді тұрғын үйді сатып алу үшін қарыз беру мүмкіндігін қарастыруды өтінеді:
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Басым санаттың атауы: _______________
Toggle Dropdown
Отбасы құрамы____адам.
Toggle Dropdown
Жұмыс орны: __________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Болжамды жылжымайтын мүліктің алаңы:______бастап_________ш.м. дейін.
Toggle Dropdown
Уәкілетті органның басшысы
және/немесе жолдамаларға
қол қою құқығына уәкілеттік
берілген қызметкерлер ____________