• Мое избранное
Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2010 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 7

Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1227 Қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 302 Қаулысымен. (09.12.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар: 
1) Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын   қамтамасыз етсін; 
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірмей Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын 25 қаңтардан кешіктірмей Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жинақтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2005 жылғы 9 желтоқсандағы
 N 1227 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы 
Мазмұны
Бағдарламаның паспорты 
1. Кіріспе 
1.1.  Автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі қорытындылары 
2.   Автожол саласының қазіргі жай-күйін талдау 
2.1.  Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы автомобиль жолдарының рөлі 
2.2.  Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желілерінің көлікті пайдалану жай-күйі 
2.3.  Жол қозғалысының қауіпсіздігі 
2.4.  Автокөлік тасымалдарын дамыту 
2.5.  Транзиттік көліктік әлеует 
3.   Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 
4.   Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі 
4.1.  Басымдылықтар және жұмыстардың негізгі көлемдері 
4.2.  Автомобиль жолдарын пайдалануды жетілдіру және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру 
Автомобиль  жолдарын пайдаланылуды жетілдіру 
Жол қозғалысы  қауіпсіздігін арттыру 
4.3.  Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және шаруашылық жолдарын есепке алу 
4.4.   Автожол саласын басқару жүйесін жетілдіру 
4.5.  Бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру 
4.6.  Техникалық саясат 
Салаға  сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу 
Ғылыми  және инновациялық даму 
Құқықтық  және нормативтік-техникалық базаны жетілдіру 
4.7.  Қоршаған ортаны қорғау 
4.8.  Кадрлық әлеуетті жоғарылату 
4.9.  Жол бойы инфрақұрылымын дамыту 
4.10.  Ақылы жолдарды құру үшін құқықтық негізді қалыптастыру 
5.   Қажетті ресурстар мен қаржыландырудың көздері 
6.   Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже 
7.   Саланы одан әрі дамыту перспективалары 
8.   Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары
Бағдарламаның паспорты
Атауы                Қазақстан Республикасының автожол саласын                        дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған                        бағдарламасы
Бағдарламаны         "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006    әзірлеу үшін         жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру    негіз                жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан                        Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5                        қыркүйектегі N 903 қаулысы
Әзірлеуші            Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация                        министрлігі
Бағдарламаның        Тұрғындардың және ел экономикасының автокөлік    мақсаты              тасымалдарына қажеттіліктерін қанағаттандыру                        үшін жалпы пайдаланымдағы автомобиль                        жолдарының желісін жетілдіру
Бағдарламаның        Автомобиль жолдары желісін сақтау және дамыту; 
міндеттері           автомобиль жолдары желісін дамытудың                        басымдықтарын белгілеу;