• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.12.2010 г

Отправить по почте

Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 13.12.2010 № 1345 Қаулысымен. (07.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.02.2005 № 170 қаулысымен. (04.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 07.06.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру әрі нашақорлықтың алдын алу және есiрткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-әрекет жөнiнде тиiмдi шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.02.2005 № 170 қаулысымен. (04.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанында Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы iс-әрекетті ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 1106 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 362-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 1106 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 мамырдағы N 496 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 23-24, 220-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2003 жылғы 25 желтоқсандағы
 N 1316 қаулысына
 қосымша
Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнің алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру мәселелерi жөніндегi комиссияның құрамы
Құрам жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 26.06.2007 № 1316, өзгертілді - 22.10.2007 № 981, 31.07.2008 № 729, 24.10.2008 № 984, 20.02.2009 № 199, 05.06.2009 № 830, 14.12.2009 № 2104, 07.06.2010 № 525 Қаулыларымен. (19.05.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Баймағанбетов               - Қазақстан Республикасының Ішкі істер 
Серік Нұртайұлы               министрі, төраға
Сүлейменов                  - Қазақстан Республикасы Ішкі істер 
Жанат Қуанышұлы               министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы                                 күрес және есірткі айналымын                                 бақылау комитетінің төрағасы,                                 төрағаның орынбасары
Омаров                      - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Ермекұлы               министрінің орынбасары
Оспанов                     - Қазақстан Республикасы Қаржы
Жарқынбек Қожанұлы            министрлігінің Кедендік бақылау                                комитеті төрағасының орынбасары
Боранбаев                   - Қазақстан Республикасы Ішкі істер 
Марат Манапұлы                министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы                                 күрес және есірткі айналымын бақылау                                 комитеті алдын алу және ведомствоаралық                                үйлестіру басқармасының бастығы, хатшы
Сағымбеков                  - Қазақстан Республикасының Қарулы
Талғат Тұрғанбекұлы           Күштері Әскери полициясы бас                                басқармасының бастығы
Қайырбекова                 - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Салидат Зекенқызы             сақтау вице-министрі
Дәленов Руслан              - Қазақстан Республикасының Қаржы 
Ерболатұлы                    вице-министрі
Телебаев                    - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы             вице-министрі
Сарыбеков                   - Қазақстан Республикасының Білім және  Махметғали Нұрғалиұлы         ғылым вице-министрі
Оразов                      - Қазақстан Республикасының Байланыс және  Нұрай Нұрғожаұлы              ақпарат вице-министрі
Қанағатов                   - Қазақстан Республикасы Туризм және  Елсияр Баймұхамедұлы          спорт министрлігі Спорт комитетінің                                төрағасы
Асқаров                     - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты 
Бақытжан Бекзатханұлы         жанындағы Сот әкімшілігі комитеті                                 төрағасының орынбасары                                 (келісім бойынша)
Шабақбаев                   - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Несіпбекұлы             министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі                                комитеті төрағасының орынбасары
Кравченко                   - Қазақстан Республикасы Бас 
Андрей Николаевич             прокуратурасы Мемлекеттік органдардың                                 қызметіндегі заңдылықты қадағалау                                 департаментінің бастығы                                 (келісім бойынша) 
Жігітеков                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нұржан Рахметханұлы           қауіпсіздік комитеті төрағасының                                бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2003 жылғы 25 желтоқсандағы
 N 1316 қаулысымен
 бекiтiлген
Нашақорлық пен есiрткi бизнесінің алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.02.2005 № 170 қаулысымен. (04.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмыстарды үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.02.2005 № 170 қаулысымен. (04.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.08.2004 № 831 қаулысымен. (25.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары
3. Комиссияның негiзгi міндеттерi: 
1) бiрыңғай мемлекеттiк саясатқа және Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1678 Жарлығымен  бекiтілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясына негiзделген өзара байланысты саймасай шаралар кешенiн iске асыруға арналған жаңа көзқарастарды жүзеге асыруға; 
2) Қазақстан Республикасында нашақорлықтың және есiрткi бизнесiнiң таралуына тиiмдi мемлекеттiк және қоғамдық қарсы iс-әрекет, нашақорлықтың алдын алу, оны емдеу және есiрткiге тәуелдi адамдарды оңалту жүйелерiн нығайтуға және құруға; 
3) ел халқының әлеуметтiк нашақорлық иммунитетiн қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.06.2006 № 426 қаулыcымен. (19.05.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Комиссияның функциялары оған жүктелген мiндеттерге сәйкес: 
1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-әрекет пен оларды терiс пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты жетілдiру; 
2) негiзгi бағыттарды айқындау есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылауды күшейту және нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестi жүргiзушi мемлекеттiк органдарды үйлестiру; 
3) нашақорлыққа, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың қол жетiмдiлігiне қарсы iс-әрекет және күрес тетiгiн iске асыру және одан әрi жетілдiру, есiрткiні заңсыз пайдаланатын, есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды терiс пайдаланатын адамдарды уақтылы анықтау, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу және оларды әлеуметтiк оңалту; 
4) нашақорлықтың алдын алудың тиiмдiлiгiн арттыру, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының, оқу орындарының, медицина ұйымдарының, құқық қорғау органдарының және кең қауымның шиеленiстi қатынастарды қалыптастыруға және есiрткi қабылдамауға қатысуы арқылы; 
5) нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оған қарсы күрес мәселелерi жөніндегi заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру; 
6) нашақорлық пен есiрткi бизнесiнің алдын алу және оған қарсы күрес саласында мемлекеттiк органдардың қызметiн одан әрi жетiлдiру және оларды үйлестiру; 
7) нашақорлық пен есiрткi бизнесiнің алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi халықаралық ынтымақтастық мәселелерi жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссия: 
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн іске асыру үшiн қажеттi материалдарды сұратуға және алуға; 
2) қажеттiлiгiне орай мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын өңiрлердегi есiрткi жағдайын талдау және зерделеу үшiн тартуға; 
3) Комиссияның отырыстарында орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша тыңдауға; 
4) мемлекеттiк органдарға осы бағыттағы жұмысты одан әрi жетілдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 
5) Комиссияның құзыретiне жататын өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, оның отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру мен Комиссия әзiрлейтiн шешімдер үшін дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.06.2006 № 426 қаулыcымен. (19.05.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссияның төрағасы тағайындайтын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.06.2006 № 426 қаулыcымен. (19.05.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi болып табылады.
9. Комиссия отырысын жүргiзуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, ол отырысқа дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелеріне барлық қажетті құжаттарды жiбередi.
10. Комиссияның отырысы қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде заңды болып саналады.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.08.2004 № 831 қаулысымен. (25.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
11. Комиссияның шешiмi ашық дауыс берiп қабылданады және, егер оған Комиссия мүшелерiнің жалпы санының көпшілiгi дауыс берген болса, қабылданды деп саналады және Комиссия отырысының хаттамасымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төраға шешушi дауысқа ие. 
Хаттамаға мiндетті түрде Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.06.2006 № 426 қаулыcымен. (19.05.2006 жылғы редакцияны қараңыз)