• Мое избранное
Сақтандыру (қайта Сақтандыру) ұйымының акцияларын еріксіз сатып алу және сату ережесін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Сақтандыру (қайта cақтандыру) ұйымының акцияларын ерiксiз сатып алу және сату ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 28 маусым N 262. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 10 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1622

"Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы
                        ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен келiсiлген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын ерiксiз сатып алу және сату ережесi бекiтiлсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 
2. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.): 
1) Заң департаментiмен (Шәріпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын ерiксiз сатып алу және сату ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын ерiксiз сатып алу және сату ережесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы      Қазақстан Республикасының    Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi    Ұлттық Банкi Басқармасының         ұлттық комиссиясымен        2001 жылғы 28 маусымдағы 
2001 жылғы 26 мамырда        N 262 қаулысымен             келiсiлген                 бекiтiлген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын ерiксiз сатып алу және сату ережесi
Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) және басқа нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрi - сақтандыру ұйымы) акцияларын сақтандыру қызметiн реттеу және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) ерiксiз сатып алу және сату тәртiбiн белгiлейдi. 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сақтандыру ұйымының акцияларын ерiксiз сатып алуды және сатып алынған акцияларды сатуды уәкiлеттi мемлекеттiк орган өзiнiң сақтандырылған сақтанушыларының, пайда алушылардың заңды мүддесiн қорғау және сақтандыру рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қолдануға тиiс. Осы мәселе жөнiндегi шешiм қаржы жағдайы Заңның 61-бабында белгiленген талапқа дәл келетiн сақтандыру ұйымдарына қатысты қабылданады. 
2. Сақтандыру ұйымының акцияларын ерiксiз сатып алу және сатып алынған акцияларды сату уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне сәйкес жүзеге асырылады және сақтандыру ұйымы акционерлерiнiң ризашылығының болуы қажет емес. 
3. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымының акцияларын ерiксiз сатып алу рәсімін сақтандыру ұйымының акцияларына меншік құқықтарының ешбiр жағдайда соңғы сатып алушы иесi (иеленушiсi) болмай, осы құқықтардың жаңа акционерге (жаңа акционерлерге) өтуiн қамтамасыз ету мақсатында пайдаланады. 
4. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар: 
сатып алынған акциялар - уәкiлеттi мемлекеттiк органның осы Ережеге сәйкес сатып алған сақтандыру ұйымының акциялары; 
инвестор - осы Ережеде белгiленген талаптармен сатып алынған акцияларды сатып алу мәселесi жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiссөзге келген заңды немесе жеке тұлға; 
жаңа акционер - осы Ережеде белгiленген талаптармен сатып алынған акциялар бойынша оған меншiк құқығы өткен заңды немесе жеке тұлға; 
акцияның бұрынғы иесi - сақтандыру ұйымының акционерi болып табылатын, осы сақтандыру ұйымының оған тиесiлi акцияларын осы Ережеге сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк орган ерiксiз сатып алған тұлға. 
2-тарау. Акцияларды ерiксiз сатып алудың және сатудың негiздемесi мен шарттары
5. Сақтандыру ұйымының барлық акцияларын ерiксiз сатып алу сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша жiктелуiн ескере отырып есептелген сақтандыру ұйымының активтерінің құны мен мiндеттемелерiнiң арасында терiс айырмашылық анықталған жағдайда, оларды жаңа акционерге (акционерлерге) сату мақсатында жүзеге асырылуы мүмкiн. 
6. Сақтандыру ұйымының активтерiнiң құны мен мiндеттемелерiнiң арасындағы айырмашылықты есептеу уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады. 
7. Сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша (жеке немесе басқа инвесторлармен бiрлесiп) барлық мiндеттемелердi орындау, сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем жасау қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ осы Ереженiң 16-тармағында көзделген өзге де шарттарды орындау мүмкiндігi бар сақтандыру ұйымы үшiн заңнамада ұсынылған талаптарды қанағаттандыратын тұлға сақтандыру ұйымының инвестор(-лар)ы бола алады.
8. Сатып алынған акцияларды сату туралы шешiмдi инвестор(-лар) өзiнде (өздерiнде) осы Ереженiң 7, 16-18-тармақтарында көзделген талаптарды орындау үшiн қаржылық және басқа мүмкiндiктiң жеткiлiктi болуын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттiк орган қабылдайды. 
3-тарау. Акцияларды еріксіз сатып алу және оларды сату рәсімдері
9. Сақтандыру ұйымының акцияларын ерiксiз сатып алу және бұдан кейiн оларды сату уәкiлеттi мемлекеттiк органның акцияларды ерiксiз сатып алу туралы шешiм және сақтандыру ұйымының инвестор(-лар)ына сату туралы шешiм қабылдау жолымен жүзеге асырылады. Сонымен бiрге сақтандыру ұйымының сатып алынған акцияларын сатып алу-сату шарты уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымының мұндай акцияларын инвестор(-лар)ға сату туралы шешiм қабылдаған күннен бастап күшiне енедi. 
10. Сақтандыру ұйымының акцияларын ерiксiз сатып алған кезде акцияларды ерiксiз сатып алу мәселесi жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен сақтандыру ұйымының акционерлерi арасында шарт немесе қандайда бiр басқа құжат ресiмделмейдi, өйткенi мұндай мәмiле оның сақтандырылған сақтанушыларының, пайда алушыларының заңды мүддесін қорғау және сақтандыру рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жасалады. 
11. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру ұйымының акцияларын ерiксiз сатып алу туралы шешiмi акция ұстаушылар мен бағалы қағаздардың нақты ұстаушыларының тiзiлiмiнде ашылған есепшотындағы сақтандыру ұйымы акцияларының меншiк иесiн өзгерту бөлiгiне өзгерiстер енгiзу үшiн негiз болып табылады. 
12. Сақтандыру ұйымының акцияларын ерiксiз сатып алу туралы шешiм қабылданғаннан кейiн осы акциялармен қамтамасыз етiлген, акциялардың бұрынғы иесiне қатысты мiндеттемелерi бар үшінші тұлғаның өз талаптарын бұрынғы акция иесiне тиесiлi ақшадан қанағаттандыруға құқығы бар. 
13. Сақтандыру ұйымының акцияларын ерiксiз сатып алу жөнiндегi iс-шаралар жүргiзуге байланысты қаржылық шығыстар сақтандыру ұйымының жаңа акционерiнiң (жаңа акционерлерiнiң) есебiнен жұмсалады. 
14. Осы Ереженiң 7 және 16-тармағының шарттарын қанағаттандыратын тұлға уәкiлеттi мемлекеттiк органға сақтандыру ұйымының барлық акцияларын сатып алғысы келетiнi туралы өтiнiш беруге құқылы. 
15. Сақтандыру ұйымының жаңа акционерлерi болғысы келетiн екi немесе одан да көп тұлға акцияларды сатып алу туралы өтiнiш берген жағдайда, олар сақтандыру ұйымының акцияларын сатып алуда өздерінің әрқайсысының үлесiн және сатып алынған акциялар үшiн төлем жасалуға тиiстi ақша сомасын, сондай-ақ осы Ережеде көзделген басқа да талаптарды орындауды анықтайтын өзара жасалған келiсiмiн ұсынуға тиіс. 
16. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру ұйымының акционерi (жаңа акционерлерi) болғысы келетiн тұлға(-лар)мен келiссөз жүргiзудi бастауының мiндеттi шарты оның (олардың) құпиялықты сақтау және коммерциялық құпияны бұзбау жөнiнде жазбаша мiндеттеме қабылдау болып табылады. 
Қажет болған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттiк орган инвестор(-лар)дың осы Ереженiң 7-тармағының талаптарын орындауға қажеттi соманы, не оның негiзгi (60% кем болмайтын) бөлігiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi жеке есепшотқа депозитке салуды талап етуге құқылы. Осы есепшотқа ақша салу мұндай жағдайда тиiстi шарттың негiзінде жүзеге асырылады. 
17. Өтiнiш берушi келiссөз жүргiзiлгенге дейін уәкiлеттi мемлекеттiк органға сақтандыру ұйымының құрылтайшыларына арналған заңнамада белгiленген құжаттардың толық топтамасынан басқа, алдағы екi жылға арналған сақтандыру ұйымының қаржылық жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспарын ұсынуға мiндеттi. 
18. Өтiнiш берушi ұсынатын сақтандыру ұйымының қаржылық жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сақтандыру ұйымының сипаттамасы және мынадай ықтимал тәуекелдермен басқару тәсiлдерi кiруге тиiс: 
1) өтiмдiлiк тәуекелi бойынша (сақтандыру ұйымы өз сақтанушылары және өзге кредиторлары алдындағы өз мiндеттемелерi бойынша уақтылы жауап беруге қабiлетсiз болу тәуекелi) - шығарылған акциялардың, мiндеттемелердiң және өтiмдi активтердiң жалпы сомасының активтердiң жалпы сомасына күтілген қатынасы; 
2) операциялық тәуекел бойынша (сақтандыру ұйымының оперативтi қызметiне жұмсалған шығыстардың алғашқы болжамды деңгейiнен айтарлықтай асуы мүмкiн тәуекел) - көрсетiлетiн негiзгi және қосымша қызметтiң болжамды көлемi мен тiзбесi, сақтандыру ұйымы операцияларының күтiлген орташа және айтарлықтай жоғары көлемi, сақтандыру ұйымының белгiленген шектен асатын шығыстарының орнын жабу шарттарының сипаттамасы; 
3) капитализацияға байланысты тәуекел бойынша (сақтандыру ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң талаптарына сәйкес болу үшiн жеткiлiктi меншiк капиталын қолдауға қабiлетсiз болуы мүмкiн тәуекел); 
4) өз сақтанушыларына (өмiрдi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру ұйымы үшiн) заем берген кездегi кредит тәуекелi бойынша; 
заем берген кезде қолданылатын стандарттар, сондай-ақ берiлген заемдардың портфелiн тұрақты қадағалау және бақылау кезiнде қолданылатын және проблемасы бар заемдар мен заемдар бойынша шығындардың орнын жабу үшiн резервтер құру мақсатында жүргiзiлетiн тәртiп; 
сақтандыру ұйымының кредит комитетiне енгiзiлген (немесе енгiзiлетiн) тұлғалар туралы мәлiметтер. 
19. Акцияларды сату мақсатымен ерiксiз сатып алу туралы келiссөз жүргiзу мүмкiндiгi туралы мәселе оң шешiлген жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттiк орган инвесторға(-лар)ға осы алдағы уақытта жасалатын мәмiленiң болжамды мерзiмiмен қоса шарттарын бiрлесiп қарауды бастау туралы жазбаша хабарлама жiбередi. 
20. Инвестор(-лар) ұсынысты қабылдаған жағдайда сақтандыру ұйымының акцияларын сатудың және мәмiле бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң барлық негiзгi талаптарын енгiзе отырып, сатып алу-сату шарты жасалады. 
21. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның, бiр жағынан және инвестор(лар)дың, екiншi жағынан, арасындағы сақтандыру ұйымының сатып алу-сату шарты уәкiлеттi мемлекеттiк органның жоғарғы басқару органының қарауына ұсынылады. 
22. Сақтандыру ұйымының ерiксiз сатып алуға жататын, бұдан кейiн инвестор(-лар)ға көрсетiлген шарттарға сәйкес сатылатын акцияларымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу, акцияларды орналастыру рәсiмi, акция ұстаушылардың және бағалы қағаздардың нақты ұстаушыларының тiзiлiмiнде ашылған есепшотқа тиiстi өзгерiстер енгiзу, сақтандыру ұйымы акцияларының эмиссиясын ресiмдеу және ақпаратты мүдделi адамдарға жiберу тәртiбi заңнамаға сәйкес және осы Ережеде көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi. 
23. Сақтандыру ұйымының акцияларын сатып алу-сату шарты: 
1) сақтандыру ұйымын қайта тiркеуге; 
2) тiркеушiнiң акция ұстаушылар мен бағалы қағаздардың нақты ұстаушыларының тізілімінде ашылған есепшоттың сақтандыру ұйымының акциялар иесiн өзгерту бөлiгiне өзгерiстер енгiзуге негiз болып табылады. 
24. Осы Ереженiң 14-22-тармақтарында көзделген рәсiмдердi аяқтағаннан кейiн сақтандыру ұйымының акцияларын сату-сатып алу шарты негiзiнде жаңа акционер (жаңа акционерлер) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзедi. 
25. Сақтандыру ұйымы акцияларының барлық бұрынғы иелерi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде сақтандыру ұйымы акцияларының сатып алу бағасының мөлшерiнде ақша есептелетiн арнайы есепшот ашылады. 
26. Акцияның бұрынғы иелерінің кез келгенi акциялардың орнына осы Ереженiң 25-тармағында көзделген арнайы есепшоттан сатып алынған акциялардың жалпы көлемiндегi өз акцияларына барабар сомадағы ақша үлесiн алуға құқылы. 
27. Акцияның бұрынғы иелерiнен акция сатып алу бағасы мен сатып алынған акцияларды инвестор(-лар)ға сату бағасының арасындағы айырмашылық акциялардың бұрынғы иелерiне жiберiледi. 
28. Сақтандыру ұйымының жаңа акционерi (акционерлерi) мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде оның органын заңнамаға сәйкес қалыптастыруға мiндетті.
29. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымының акцияларын еріксiз сатып алу және сатып алынған акцияларды сату туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес күн ішiнде бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарлама жариялайды. 
4-тарау. Акцияларды ерiксiз сатып алу рәсiмдерiн жүргiзу кезеңiнде сақтандыру ұйымы қызметiнiң тәртібі
30. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымының акцияларын ерiксiз сатып алу және сатып алынған акцияларды сату туралы шешiмдi сақтандыру ұйымдарына тез арада жiбередi. Сақтандыру ұйымының атқару органы осы мәселе жөнiндегi шешiмге қол қоя отырып танысуға тиiс. 
31. Егер сақтандыру ұйымының акцияларын ерiксiз сатып алу және сатып алу-сату бiр уақытта жүзеге асырылса, онда уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымының акцияларын ерiксiз сатып алу туралы шешiм қабылдаған кезден бастап сақтандыру ұйымының барлық органдарының өкiлеттiктерi тоқтатылады және жаңа акционердiң (жаңа акционерлердiң) шешiмi бойынша құрылған органға өтедi. 
32. Егер сақтандыру ұйымының акцияларын ерiксiз сатып алу және сатып алу-сату бiр уақытта жүзеге асырылмаса, онда уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымының акцияларын ерiксiз сатып алу туралы шешiм қабылдаған кезден бастап сақтандыру ұйымының барлық органдарының өкiлеттiктерi тоқтатылады және уәкiлеттi мемлекеттiк органға өтедi. 
Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымының қызметiн басқаруды қамтамасыз ету мақсатында уақытша әкiмшілік басқарушысын тағайындайды. 
33. Уақытша әкiмшiлiк басқарушысы мыналарды орындайды: 
1) сақтандыру ұйымының атқару органынан қабылдау-өткiзу актiсi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияның түпнұсқасын, сақтандыру ұйымын тiркеу жөнiндегi құжаттарды, мөрлердi, мөртабандарды, ақпараттың электронды жазбаларын және оның бағдарламалық қамтамасыз етуiн, бланкiлердi және басқа құжаттарды, сондай-ақ сақтандыру ұйымының мүлкін қабылдап алады; 
2) уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру ұйымының акцияларын еріксіз сатып алу туралы, уақытша әкімшілік басқарушысының тағайындалғаны туралы шешiмiн сақтандыру ұйымының клиенттеріне көрiнетiн жерге орналастырады; 
3) сақтандыру ұйымының кассасына түгендеу жүргiзедi және ақша қалдығын оның банктiк есепшотына есептейдi, сақтандыру ұйымының банктiк есепшоттарын салыстырып тексередi; 
4) сақтандыру ұйымының мүлкiне, сақтандыру және өзге де шарттарына түгендеу жүргiзедi, сақтандыру ұйымы мүлкiнiң, оның ішiнде бағдарламалық қамтамасыз етудің, ақпараттың электронды жазбаларының, сондай-ақ басқа да ақпараттың сақталуын қамтамасыз етедi; 
5) сақтандыру ұйымының есепшотына қызмет көрсететiн банктерге сақтандыру ұйымының атынан құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды адамдардың қол қою үлгiлерi бар құжаттарды бередi; 
6) толық материалдық жауапкершiлiк жүктелген адамдарды, оның iшiнде сақтандыру ұйымының бухгалтерлiк есебiн жүргiзу мен бухгалтерлiк және өзге де есептi өңдеудiң электронды жүйесiне кiруге рұқсат берiлетiн адамдарды анықтайды; 
7) бухгалтерлiк есептiң архивiнiң деректер базасын және электронды жазбадағы есептi уақытша әкiмшiлiк басқарушысын тағайындаған күнге дейiн қағазға басып шығаруды қамтамасыз етедi; 
8) сақтандыру агенттерiндегi сақтандыру ұйымы шарттарының (сақтандыру полистерiнiң) бланкiлерін, қолма-қол ақшаның қалғанын алады; 
9) заңнамада белгiленген тәртіппен сақтандыру жағдайлары басталған сақтандыру шарттары бойынша, оның iшiнде сақтандыру ұйымдары филиалдарының бұрынғы жасаған шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiн жасау туралы шешiм қабылдайды; 
10) сақтандыру ұйымын басқару жөнiндегi басқа да қажеттi iс-шараларды орындайды. 
34. Сақтандыру ұйымының уақытша әкiмшiлiк басқарушысы өз қызметi кезеңiнде сақтандыру ұйымын ұстауға жұмсалатын ағымдағы шығыстарға, сақтандыру ұйымына түскен ақшаны есептеуге және сақтандыру оқиғасы басталған бұрынғы жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерiн жасауға байланысты жағдайлардан басқа, шығыс операцияларын жүзеге асыруға құқығы жоқ. 
35. Әкiмшiлiк басқарушысы сақтандыру ұйымының филиалдар мен өкiлдiктер бойынша мәлiметтер ескерiле отырып жасалған есебiн уәкiлеттi мемлекеттiк ұйымға ұсынады. 
36. Сақтандыру ұйымының уақытша әкiмшiлiк басқарушысы акция ұстаушылар мен бағалы қағаздардың нақты ұстаушыларының тiзiлiмiнде ашылған есепшотындағы сақтандыру ұйымы акцияларының меншiк иесiн өзгерту бөлiгiне тиiстi өзгерiстер енгiзiлген күннен бастап өз өкiлеттiктерiн тоқтатады және сақтандыру ұйымының құжаттары мен мүлкiн өткiзiп бередi. 
Сақтандыру ұйымының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiк басқарушысынан жаңа акционердiң (жаңа акционерлердiң) қабылдап алуы-өткiзуi актiмен ресiмделедi, ол 3 дана етiп жасалады, олардың бiреуi уәкiлеттi мемлекеттiк органға берiледi. 
37. Инвесторлардың осы Ереженiң 16-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бастапқыда келiп түскен ақшасы сақтандыру ұйымының жаңа атқару органының өтiнiшi негiзiнде сақтандыру ұйымының банктiк есепшотына аударылуға тиiс.
38. Акцияларды еріксіз сатып алу ісі аяқталғаннан кейін сақтандыру ұйымының қызметін қадағалауды уәкілетті мемлекеттік орган сақтандыру ұйымының акцияларын сатып алу-сату шартында көзделген талаптарды ескере отырып, жалпы тәртіппен жүзеге асырады.
5-тарау. Қорытынды ережелер
39. Сақтандыру ұйымының акционерлері мен басқа да мүдделі адамдар уәкілетті мемлекеттік органның акцияларды еріксіз сатып алу және оларды сату туралы шешіміне сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
40. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі
Төраға